Қазақстан Республикасының Білім және



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата07.04.2017
өлшемі1,47 Mb.
#11278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сӛрелік  қозғалыс.  Бірінші  адым  кезінде  артқы  аяқтың 
табаны  сӛре  сызығын  ӛте  тӛмен  аттап  табанының    ұшына 
қойылады.  Алдыңғы  аяқтың  серпілуі  аяқталғанда  дене  мен  бас 
бір  сызықта  болуы  қажет.  Тірегіштен  бір  бағытта  зор  күшпен 
серпілуі  мәрелік  қозғалысты  үдетуге  кӛмектеседі.  Адымның 
ұзындығы 40 метр жерге ӛсіп отыруы қажет,  осы  кезде қолдың 
жедел  қимылы  тез  қозғалуға  әсері  етеді.  Адым  ұзындығының 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

40 
 
ӛсуіне  қарай  жылдамдықта  артуы  қажет.  Жылдамдықтың  ӛсуі 
арқылы  дене  бірте-бірте  түзеле  береді.  Денені  ертерек  түзету 
сӛре қозғалысының жылдамдығын баяулатады. 
Қашықтық бойымен жҥгіру. Старттық қозғалыстан кейін 
жүгірушінің  басты  мақсаты  -  адымды  ұзарту,  жедел  қимыл 
арқылы жылдамдықты ӛсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың 
маңызы  зор.  Егерде  аяқ  жиілігінің  тұрақты  ұзындығы  болмаса, 
жылдамдық тӛмендейді, адым жиілігі шаршаған сайын тӛмендей 
береді. Жеделдікті ұзақ сақтаудың бірден бір кепілдемесі денені 
бос  ұстап,  еркін  жүгіру  керек.  Түзу  сызықпен  жүгіру,  басы 
артық  қимылдың  байқалмауы  үнемді  техниканы  кӛрсетеді. 
(Жүгірушінің  қозғалыс  техникасын    бейне  оқу  фильмдерді 
талдау арқылы сипаттама беріледі). 
Жүгіру  әдісін  талдауды  жүгіруші  тік  қалыпта  тұрғанда 
жасау  керек.  Итеретін  аяқ  тізе  мен  табан  буыны  арасы  бүгіліп 
серпілуге  дайын,  осы  кезде  сермейтін  аяқ  сирақ  буынынан 
бүгіліп,  тез  алға  қозғалып  итеретін  аяқтың  зор  күшпен 
жазылуына  әсерін  тигізеді.  Итеретін  аяқ  жерден  серпілгеннен 
кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір деңгейге дейін кӛтеріліп, 
бел  сәл  иіліп,  жамбас  алға  қарай,  дене  керекті  бағытқа 
бағытталып, тік, бос ұсталады. Кӛз қиығы да алға бағытталады. 
Итеру кезеңі аяқталғаннан кейін ұшу кезеңі  басталады. Жерден 
кӛтеріліп  серпілген  аяқ  сирақ  буынынан  бүгіліп,  тӛмендеп  келе 
жатқан  сермейтін  аяққа  қарай  ұмытылады.  Сермейтін  аяқ  түзу 
сызық  бойымен  табанның  бас  жағына  ешқандай  бұрылусыз 
қойылады.  Сермейтінаяқтың  тез  тӛмендеп  жерге  қойылуы,  тізе 
буынның  толық  жазылуына  кедергі  болмауы  керек,  сонда  ол 
дененің  ортақ  нүктесіне  қойылады.  Сонымен  қатар  қозғалыс 
кезіндегі  кедергіні  азайтады,  аяқ  тез  серпілуге  дайын  болады. 
Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әр түрлі ӛзгереді. 
Ұшу бӛлігі кезінде жамбас жедел бір-біріне жақындатылып 
отырады. Итерілген аяқ күш қуатына байланысты артқа жоғары 
қозғалады.  Аяқ  жолға  табанмен  қойылған  кезде  кедергі 
күштердің  бәсеңдеуіне  әсер  етеді.  Спринттік  жүгіруде  табанды 
тік,  алға,  бір  бағытта  қоюды  талап  етеді.  Табан  сырт  жаққа 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

41 
 
бұрылып  қойылса,серпілу  нашарлайды.Оң  аяқ  пен  сол  аяқтың 
жүгіру адымы жүгіру кезінде бірдей емес. Cпринтерлік жүгіруде 
қолдың  қозғалысы  тез  және  қуатты.Шынтақ  буыннан  бүгілген 
қолдың  бұрышы  шамамен  90  градус.Саусақтарды  босаңқы, 
сығылмай  үстайды.  Қолдар  бір  келкі  қозғалады,  алға 
қимылдағанда  қол  сәл  ішке  қарай,  ал  артқа  қозғалғанда  сырт 
жаққа  бағытталады.Қол  белсенді  қозғалғанда  иықты  кӛтеру  ол 
сығылып жүгірудің бірінші кӛрінісі. 
Мәре. 
Ара 
қашықтық 
аяқталар 
кезде 
жоғарғы 
жылдамдықты  ұстауға  күш  салу  абзал.  Ақырғы  адымда  денені 
алға  қарай  еңкейтіп,  мәре  сызығынан  жүгіріп  ӛту  қажет,  ал 
егерде  бірнеше  адым  қалғанда  спортшы  секіріп  ӛтетін  болса, 
тепе-теңдікті  жоғалтып,  кей  жағдайда  құлап  қалуыда  ықтимал, 
жылдамдық  ӛсудің  орнына  тӛмендейді.  Жүгіруші  мәреге  қатар 
жеткен  кезде,  тең  сайыста  еңкеюдің  немесе  иықты  бұрудың 
маңызы  зор.  Осындай  қозғалыс  кӛбінесе  спортшыны  жеңіске 
жеткізеді Спринтерлік жүгіруде жылдамдықтың  физиологиялық 
қалыптасуын  қарастырайық.Жүгірушінің  шеберлігіне  және 
жасына қарамастан 1ші секӛнтте 55%.2-шіде 75%.ал 3-шіде 91%. 
Ал 4-де 95%. 5-де 99%,ал 6-да 100%. 
 
4-сурет. а)мәреге жету; б)мәреге жету жүйесі 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

42 
 
Тест тапсырмалары: 
 
Жүгіру кезіндегі тірек реакциясының күші: 
A)  мӛлшеріне  тең  және  аяқтың  жерден  итерілу  күшіне 
қарама-қарсы бағытталған 
B) аяқтың жерден кӛтерілу күшіне қарағанда мӛлшерден аз, 
бірақ әр қашан аяқтың жерден итерілу күшінен кӛп 
C)  тірек  периодының  кезеңінің  тұрақты  ӛзгерісте 
байқалады, бірақ итерілу күшінен артық. 
D) жүгіру жылдамдығына байланысты ӛзгереді 
E) аяқтың жерден итерілу күшінен аз. 
***** 
Қысқа  қашықтыққа  жүгіруде  классикалық  қашықтықтарға 
жататын: 
A) 30, 60, 100 м 
B) 60, 200, 300 м 
C) 100, 200, 400 м 
D) 200, 400, 600 м 
E) 100, 300, 500 м. 
***** 
Спринтік жүгіруде қандай сӛре қолданылады? 
A) жоғарғы сӛре 
B) тӛменгі сӛре 
C) бір қолды тіреп тұру 
D) қол тіреп жүрелеп отыру 
E) жоғарғы сӛре екі қолды тіреп. 
***** 
Аяқ тірегіш әдетте қалай қойылады? 
A) сӛре сызығына 2 табан, ол екіншісі 1 табан 
B)  сӛре  сызығынан  1-ші  аяқ  тірегіш  1,5  табан,  екіншісі 
сирақ ұзындығымен 
C) сӛре сызығынан 1-ші аяқ тірегіш 1 табан, аяқ тірегіштер 
арасы 2 табан 
D) сӛре сызығынан 1-ші аяқ тірегіш 1 табан, аяқ тірегіштер 
арасы 1 табан 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

43 
 
E)  сӛре  сызығынан  1-ші  аяқ  тірегіш  2,5  табан,  аяқ 
тірегіштер арасы 1,5 табан. 
***** 
Аяқ тірегіштердің (алдыңғы, артқы) бұрышы қандай? 
A) 65-70˚, 40-45˚ 
B) 55-60˚, 55-60˚ 
C) 45-50˚, 60-80˚ 
D) 35-40˚, 80-90˚ 
E) 70-80˚, 70-80˚. 
***** 
Мәреге бірінші келген спортшының уақытын тӛрешілер екі 
секундомермен 
анықтайды. 
Секундомер 
кӛрсеткішінде 
айырмашылық  байқалды:  бірінші  секундомер  –  10,4  сек,  ал 
екіншісі – 10,5 сек. Тӛрешінің белгілеген уақыты: 
A) ең жақсы кӛрсеткішін – 10,4 сек 
B) тӛменгі кӛрсеткішін – 10,5 сек 
C)  арифметикалық  артақ  қосындығы  10,45  сек  (екі 
кӛрсеткішті қосып екіге бӛледі) 
D) жарыстың соңында қайта жүгіруге мүмкіндік береді 
E) уақыт жеребе бойынша шешіледі. 
***** 
Мәредегі тӛрешінің міндеті: 
A) қатысушыладың уақытын жазу 
B) келу ретін анықтау 
C) метрмен уақыт алу 
D) спортшылардың нӛмірін жазып алу 
E) қанша шеңбер жүгіріп ӛткенін санау. 
***** 
Хронометрші тӛрешілердің уақыт алуы: 
A) қатысушылардың уақытын белгілейді 
B) спортшылардың ретімен келуін 
C)  спортшылардың  мәреге  жеткендегі  арақашықтығын 
белгілеу 
D) келген ретімен есеп жүргізу 
E) спортшылардың келу ретін жазу. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

44 
 
***** 
 
110 метр кедергіден жҥгіру 
 
Жүгіру тұрақты түрде мына дистанцияда жүргізіледі: 
Ерлер 110; 400 м. 
Әйелдер 100; 400 м. 
Әрбір  жекелеген  жолда  он  кедергі  болу  керек,  олар 
тӛмендегі кестеде кӛрсетілгендей қойылады: 
 
Дистанция,м  Кедергі 
биіктігі 
Сӛре 
сызығынан 
кейінгі 
бірінші 
кедергі 
Кедергі 
араларының 
қашықтығы 
Ақырғы 
кедергіден 
мәреге 
дейінгі 
аралық 
 
 
 
 
2)    Кедергінің  ұзындығы  -  1,20  м.  Жалпы  салмағы  ең  аз 
дегенде 10 кг. 
3) Жоғарғы белдеменің ені – 70 мм.,  қалындығы - 10-25 мм. 
дейін, жоғарғы жағы дӛңгеленген. 
Ерлер 
110 
1,067 
13,72 
9,14 
14,02 
400 
0,914 
45,00 
35,05 
40,00 
Әйелдер 
100 
0,840 
13,00 
8,50 
10,50 
400 
0,762 
45,00 
35,00 
40,00 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

45 
 
4) Барлық арақашықтықта жүгіру жекелеген жолда ӛтеді, 
әрбір қатысушы дистанцияның аяғына дейін ӛз жолымен 
жүгіреді. 
5) Жарысқа қатысушы аяғын немесе табанын кедергіден 
тыс жерге қойса, кедергіні қолымен, аяғымен әдейі құлатса, 
жарыстан босатылады. 
110 метр қашықтыққа кедергілерден жҥгіру. 
Кедергі  қойылған  110  м  дистанцияны  спортшы  51-52 
адыммен  жүгіріп,  бірінші  кедергіге  дейін  кедергі  арасын 
27адым;  кедергіден  ӛткенде  кедергі  адымы  мәре  бӛлігіне  дейін  
6-7 адыммен жүгіріп ӛтеді. 
Сӛре  және  сӛрелік  қозғалыс.  Жүгіру  аласа  сӛреден 
басталады,  жүгіруде  сӛрелік  аяқ  тірегіш  қолданылады. 
Кедергіден жүгіру аласа старттан жай жүгіруге қарағанда едәуір 
қиын: кедергіден жүгіруші белгіленген арақашықтықта (13,72м) 
ең  жоғарғы  жылдамдықпен  жүгіріп,  бірінші  кедергіні  нәтижелі 
ӛтуі  қажет.  Сӛрелік  қозғалыстың  бірінші  адымында  кедергіден 
жүгіруші  жай  жүгірушіге  қарағанда  ертерек  кӛтеріледі: 
дистанцияның  8-10  метрінде  ол  оңтайлы  жүгіру  қалпында 
болып,  бірінші  кедергіге  нәтижелі  шабуыл  жасауға  дайын 
болады. 
Сӛрелік қозғалыстың екі түрін атауға болады: біріншісі жеті 
адымды; екіншісі сегіз адымды. Жеті адымды жүгіруді, кӛбінесе, 
бойы  биік  және  күштері  мығым  спортшылар  қолданады. 
Осындай  сӛреде  сермелетін  аяқ  алға  қойылады,  алдыңғы  аяқ 
тірегіш сӛре сызығынан 40-50 см қойылады. 
Бұл  сӛрелік  қозғалыс  нұсқасында  кедергіден  жүгірушінің 
басты назарында тез,жоғарғы жылдамдықпен жету, жүгіру адым 
ұзындығы  бір  қалыпты  ӛседі,  бірақ  сӛрелік  қозғалыстан 
дистанция  бойымен  жүгіргенде  жүгіруші  ырғағы  әр  түрлі 
болғандығы қиыншылық тудырады. 
Сегіз  адымдық  екпін  алғанда  сӛре  сызығына  итерілетін 
тірегіші  алға  қойылады  (40-66  см  сӛре  сызығының  алдыңғы 
және  артқы  аяқ  тірегіштің  аралығы  20-40).  Мұндай  сӛрелік 
қозғалыста спортшы табиғи адым ұзындығын қысқартады, бірақ 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

46 
 
дистанция  бойымен  жүгіргенде  тұрақты  ырғақты  сақтайды. 
Адым ұзындығы мынандай болуы мүмкін: 
65+115+130+145+160+180+195+175-11,65 см. 
Кедергіден  ӛту  –  техниканың  ең  қиын  элементі:  бұл 
итеруден  басталады.  Итеретін  аяқ  жерге  табанының  ұшымен 
жедел  қойылады,  осы  жағдай  кедергіге  шабуыл  жасағанда 
дененің  ортақ  масса  күші  жоғарғы  қалыпта  болып  және 
жылдамдықты жоғалту аз мӛлшерде болады. Итеру бұрышы 65°-
70° кедергіден жүгірушінің барлық әрекеті «шабуыл жасау» деп 
аталады.  Кедергі  шабуыл  жасаудағы  ең  басты  элемент- 
сермелетін  аяқтың  қозғалысы  тізеден  бүгіліп,  аяқ  жедел  алға, 
жоғары  бағытталады
.
  Сермелетін  аяқтың  мұндай  қозғалысы 
тепе-теңдік жылдамдықты жоғары деңгейде ұстайды.( 7сурет) 
Кедергіден жүгіруші шабуыл жасаған сәтте (сермелген аяқ 
түзу  болған  кезде)  дене  жедел  алға  еңкейеді,  сермелетін  аяққа 
қарама  қарсы  қол  шабуыл  алдында  шынтақтан  бүгіледі, 
сермелетін  аяқ  түзелген  сәтте  қол  жазылып  алға  жіберіледі. 
Алақан сәл ішке, тӛмен бағытталған. Кейбір желаяқтар шабуыл 
кезінде  алға  екі  қолмен  қозғалыс  жасайды.  Итерілетін  аяқ 
тізеден  бүгіліп  сырт  жаққа  бағытталып,  тез  жоғары  алға 
қозғалады. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол сырт жаққа артқа 
тӛмен бағытта болады. Сермелетін аяқ жақтағы қол жай жүгіру 
кезіндегідей  бүгіліп  алға  қозғалады.  Кедергіден  дененің  ортақ 
массаның  ӛтуі  кедергіден  түсу  фазасы  деп  аталады.  Кедергіден 
сермелетін  аяқтың  түсуі  Д.Ом  проекциясына  таяу  түседі.  Аяқ 
табан  тұмсығына  қатты  қойылады.  Итерілетін  аяқ  түсерде 
тіземен жедел алға қозғалады. 
Кедергіден  түсерсәтте  денені  еңкейтіп  ұстаудың  маңызы 
ӛте зор. Ол шабуыл жасайтын қалыптағыдай болады. 
Қол  кедергіден  түсерде  жедел  қимыл  жасап  жай 
жүгірудегідей  жұмысқа  дайындалады.  Сермелетін  аяқ  жақтағы 
қол  тез  алға  шығарылады,  осындай  қозғалыс  итерілетін  аяқтың 
тез қозғалуына ӛз әсерін тигізеді. Сермелетін аяққа қарама қарсы 
қол  артқа  ығыстырылған  сәтте  шынтақ  буынынан  бүгіліп,  жай 
жүгірістегідей  қозғалыс  жасайды.  Кедергіден  жүгірушінің 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

47 
 
осындай  кедергіден  ӛту  әрекеті  жылдамдықтың  аз  жоғалуына 
және кедергі арасын тез жүгіруді қамтамасыз етеді. 
Кедергілер  арасын  жүгіру  үш  адымда  орындалады. 
Дистанция  бойымен  жүгіргенде  жүгіру  адымының  параметрі 
практика  жүзінде  ӛзгерусіз  қалады  және  кедергіден  жүгіру 
ырғағына  сипаттама  береді.  Бірінші  адым  ең  қысқа,  екінші  ең 
үлкен,  екінші  адымға  қарағанда үшіншісі  он  –  онбес  сантиметр 
қысқа.  Ақырғы  адымды  қысқарту  келесі  кедергіге  шабуыл 
жасауға жақсы жағдай тудырады. 
Кедергі  араларында  кедергіден  жүгіруші  ӛжет,  қайратты, 
бірақ денені бос ұстағанда ғана ӛз нәтиежесін береді. 
Сӛреге  жету  ақырғы  кедергіні  ӛткенде  басталады  және 
спринтерлік  жүгіру  болып  табылады.  Кедергіден  жүгіруші  осы 
дистанция  бӛлігінде  барлық  назарын  адым  ұзындығына  және 
жеделдігіне  аударады.  Бұл  жоғары  жылдамдықты  ұстауға  ӛз 
үлесін  қосады.  Мәре  сызығы  бӛлігінде  денені  ерте  кӛп  еңкейту 
уақытты кешеуілдетеді. 
 
 
100 метр қашықтыққа кедергіден жҥгіру техникасы 
 
Кедергі  қойылған  100  м  аралықта    спортшы  қыздар  49-50 
адым жасайды; сӛреден  бірінші кедергіге дейін 7  -8 адым, сӛре 
бӛлігін  5  адымда  жүгіреді;  дистанция  бойымен  жүгіру  техника 
жағынан ерлермен бірдей. 
Сӛре  және  сӛрелік  қозғалыс  жүгіру  жағынанан  110  м 
кедергіден  жүгіруге  ұқсас.  Сӛрелік  қозғалыста  адым  ұзындығы 
бірте-бірте  ұзарады.  Бірінші  кедергіге  итерілер  алдыңғы  аяқтан 
итерілетін  аяқ  10-15см  қысқа  8 адымдық  екпін  алады  (алдыңғы 
тірегішке итерілетін аяқ қойылады), осылай аяқты қою кедергіге 
кіруге  ӛте  ыңғайлы  жағдай  жасайды.  Кедергіде  жүгіруші 
сӛреден  шыққанда  спринтерлер  сияқты  жүгіреді.  Жүгіруші 
қыздарға  сӛреден  жүгіруде  ең  қолайлысы  -  жеті  адымдық 
жүгіру. 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

48 
 
 
7-сурет. Кедергіге шабуыл жасау фазасы. 
 
Дистанция 
бойымен 
жүгіру 
құрылымы 
жағынан 
спринтерлік  жүгіріске  ұқсас,  бірақ  кедергіден  жүгірудің  ӛз 
техникасы бар – ол кедергіден жүгіру адымы. 
Кедергіден  ӛткенде  итеру  бұрышы  60-70°.  Итерілу 
кедергіден  195-200  см  жерден  басталады.  Кедергіге  шабуыл 
жасағанда аяқты созған жағдайда жедел жылдамдық қамтамасыз 
етілмесе,  қозғалыс  жылдамдығы  тӛмендейді,  ал  жақын  қою 
кедергіден  секіруге  әкеледі.  Спорт  шеберлерінің  кедергіден 
жүгіру  адымы  (300-310м),ол  бірінші  разряд  спортшыларына 
қарағанда орта есеппен 10 см –ге кем. Жүгіру адымының азаюы, 
кӛбінесе,  кедергіден  түскен  аралықты  азайтып,  кедергіге  кірер 
адымды  ұзарту.  Ол  кедергіні  тік  бұрышпен  итеріп  шабуыл 
жасауға жағдай жасайды. 
Сермелетін  аяқ  кедергіден  ӛткенде,  сәл  бүгіліп  ерлердің    
110  метр  кедергіден  жүгіруі  тәріздес  сирақты  алға  сілтеп 
тастайды.Сермелетін  аяқ  кедергінің  екінші  жағына  жедел 
қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ кедергіден доға тәріздес табан 
сырт  жаққа  бұрылған  бойы  алға  тасталады.  Тізе  табан 
мӛлшерінен  жоғары  кӛтеріліп,  сан  бұлшық  еттерінің  алға 
қозғалуын  және  кедергі  арасын  жүгіруді  бірінші  адымда  тез 
орындалуын  камтамасыз  етеді.  Итерілетін  аяқты  алға 
бағыттамай жоғары бағыттау үлкен қате, бұл, кӛбінесе,  дененің 
ерте кӛтерілуіне әкеп соғады. 
Кедергіден  жүгіруде  тепе  теңдікті  тұрақты,  тік  қозғалысты 
қолмен  аяқтың  бірдей  қозғалысы  қамтамасыз  етеді.  Кедергіден 
аттап  ӛткен  кезде  сермелген  аяққа  қарама-  қарсы  қол  сәл 
түзетіліп,  алға  тасталады.  Кедергіден  түсер  сәтте  итерілетін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

49 
 
жақтағы  қол  жанына,  тӛмен  ,артқа  қозғалыс  жасайды.  Артқа 
қозғалған  кезде  шынтақ  негізгі  болып  келеді.  Қолдың  астынан 
итерілетін аяқтың тізесі ӛтеді. 
Әйелдердің кедергіден жүгіріп ӛтудегі кейбір ерекшеліктері 
мынадай: 
-    дене  кӛп  алға  бүгілмейді  және  кедергіге  шабуылдағанда 
қатты ырғақпен тасталмайды; 
-
 
кедергіден  ӛткенде  итерілген  аяқты  алға  тастап,  денені 
жедел еңкейтіп, сермелген аяқты тарта түзету; 
-
 
кедергіден кідірмей тоқтаусыз жүгіріп ӛтуі. 
 Сермелетін  аяқтың  сан  мен  тізесі  кедергіге  кіргенде  жоғары 
кӛтерілуі  бұл  жамбасты  алға  шығарып,кедергіге  жедел  шабуыл 
жасауға ӛз үлесін қосады. 
 
 
8-сурет. Кедергіге шабуыл жасау және түсу қалпы 
 
Кедергі  арасын  3  адымда  жүгіруді  дистанция  бойымен 
жүгіргенде  адым  ұзындығы  әртүрлі  болып  келеді,  бірақ  ырғақ 
тепе-теңдігі  сақталады.  Кедергіден  түскеннен  кейін  екі  адым 
ұзартылады.  Ал  үшіншісінде  қысқартылады.  Кедергі  арасымен 
жүгіргенде  адым  ұзыындығының  жобасы  мынандай:  бірінші 
адым  160,  екінші  200,  үшіншісі  190  кедергіге  итерілу  аралығы 
200.  Мәреге  жету  ақырғы  кедергіден  ӛткеннен  кейін  басталады 
және мәре  сызығына дейін бес спринттік адым жасалады. Мәре 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

50 
 
бӛлігін  жүгіріп  ӛткенде  дене  бос,  қысылмай,  ерте  және  қатты 
еңкеймеуі қажет. Себебі, кӛп мӛлшерде еңкею сермелген аяқтың 
ақырғы  кедергіден  тӛмен  ӛтуіне  әкеледі,  ол  кедергіге  соғылуға, 
тіпті  құлатып  кетуге  ӛз  әсерін  тигізеді.  Бұл  тепе–тендіктің 
жоғалуын және мәре бӛлігіндегі жылдамдықты тӛмендетеді. 
 
 
 
9-сурет.Кедергіден ӛту қалпы (алдынан кӛрініс) 
 
Тест тапсырмалары: 
 
Кедергіге  дұрыс  шабуыл  жасаудағы  дұрыс  қозғалысты 
кӛрсет: 
A)  бүгіліп  сермеген  аяқ  жамбастан  алға  жоғары  қозғалып, 
денені алға еңкейтіп, сермелетін аяққа қарама-қарсы қолмен алға 
қозғалыс жасап 
B) сермелген аяқтың ӛкшесі кедергі сызығынан ӛтіп, жедел 
түрде кедергіден тӛмен бағытталды 
C) итерілген аяқ тізеден бүгіліп, алға кедергіге тартылады 
D)  қол  жүгірудегі  тәріздес  дене  бойымен  қозғалады, 
итерілген  аяқ  толық  табанға  қойылып,  кедергіден  алысқа 
тасталады 
E)  дене  жедел  алға  еңкейеді,  сермелеген  аяқпен  кедергіге 
шабуыл жасағанда Д.О. массасы кедергіден жоғары. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

51 
 
***** 
100 м және 110 м кедергіден жүгіруші кедергі арасында: 
A) 5 жүгіру адымы 
B) 7 жүгіру адымы 
C) 4 жүгіру адымы 
D) 3 жүгіру адымы 
E) 3 немесе 4 жүгіру адымы. 
***** 
Кедергіден жүгіруде ретімен үйретуді белгіле: 
A)  кедергіден  ӛту  техникасын  үйрету,  кедергінің  арасын 
жүгіру, сӛреден жүгіріп бірінші кедергіден ӛту 
B) сӛреден жүгіру, кедергінің арасын жүгіру кедергіден ӛту 
C)  кедергінің  арасын  жүгіру,  сӛреден  жүгіру,  кедергіге 
шабуыл жасау 
D) 3, 5, 7 кедергіден жүгіріп ӛту, мәре 
E) сӛре, кедергі арасын жүгіру, мәре. 
***** 
Әйелдер жүгіретін кедергінің (100 м) биіктігін кӛрсет: 
A) 76,2 см 
B) 80,0 см 
C) 84,0 см 
D) 86,2 см 
E) 91,4 см. 
***** 
Ерлер жүгіретін кедергілердің биіктігін кӛрсет (110 м): 
A) 91,4 см 
B) 100 см 
C) 106,5 см 
D) 106,7 см 
E) 107,6 см. 
***** 
Әйелдер  100м-ге  кедергімен  жүгіруде  сӛре  сызығынан 
бірінші кедергіге дейінгі аралық-: 
A) 10м 50см 
B) 12м 50см 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

52 
 
C) 13м 
D) 13м 72см 
E) 14м 02см. 
***** 
Әйелдер 100м-ге кедергімен жүгіретін кедергілердің арасы: 
A) 7м 50см 
B) 7м 75см 
C) 8м 
D) 8м 25см 
E) 8м 50см. 
***** 
Ерлер  жүгіретін  110м  кедергімен  жүгіруде  кедергілер 
арасы: 
A) 9,14м 
B) 14,02м 
C) 13,72м 
D) 13,00м 
E) 12,00м. 
***** 
 
Эстафеталық жҥгіру 
 
Эстафеталық 
жүгіру 
бірнеше 
адамнан 
құралған 
командалардың 
жүгіруі.Жеңіл 
атлетикада 
эстафеталық 
жүгірудің мынадай түрлері бар: 
- Стадионда ӛтетін эстафеталық жүгіру ( 4х100м,. 4х400 м.) 
бұл классикалық түрі;  
-  кез  келген  қашықтыққа  жүгіру  және  «Шведтік»  эстафета, 
мысалы: 800+400+200+100 жүгіру немесе керісінше; 
 -стадионнан  тыс    жерде  ӛтетін  эстафета,  мысалы  қаланың 
кӛшелерінде, олардың ұзындығы, қатысушылары әртүрлілігімен 
айқындалады  .<<Индустриальная  газета>>  ӛткізетін    эстафета 
жатады. 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

53 
 
Эстафеталық жҥгіру техникасы 
 
 
Бірінші кезеңде жүгіру аласа сӛреден басталады. 
Эстафеталық таяқша жүгірушінің оң қолында, таяқшаны үш 
саусақпен  қысып  тұрып,  үлкен  сұқ  саусақ  сӛрелік  сызыққа 
тіреледі.  Қашықтыққа  жүгірудің  жай  жүгіру  техникасынан 
айырмашылығы жоқ. Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары 
жылдамдықты  сақтай  отырып,  таяқшаны  белгілеген  ара 
қашықтықта  тура  беру.  Таяқшаны  беру  аумағы    20  м. 
Эстафеталық  таяқшаны  қабылдаушы  бастапқы  10  м  екпінмен 
жүгіреді,  бұл  ең  жоғары  жылдамдыққа  жетуге  әсерін  тигізеді. 
Таяқшаны  берудің  екі  түрлі  әдісі  бар,  олар:  эстафеталық 
таяқшаны  жоғарыдан  және  тӛменнен  беру.  4х100м  жүгіруді 
қарастырсақ,  2  ,  3  және  4-  кезеңдегі  жүгірушілер  таяқшаны 
беретін аралықта мейлінше жоғары жылдамдықты үдетуге, және 
жоғары  жылдамдықта  қабылдауға,  бір  дегенде  жүгіріп  ӛтуге 
назар  аударады.  Кӛбінде  2,  3,  4-ші  кезеңінде  эстафеталық 
таяқшаны қабылдаушы жоғары стартта тұрады. Сӛрелік сызыққа 
оң аяғын қойып, сол аяқ алда, оң қолды жолға тіреп, сол қолды 
артқа  жоғары  ұстап  тұрады.  Осы  қалыпта  тұрып  жүгіруші  сол 
иықтың  үстінен  келе  жатқан  командалық  әріптесіне  қарап 
тұрады,  бірінші  кезеңдегі  жоғары  жылдамдықпен  жүгіріп 
қабылдау  ара  қашықтығына  9-10м  қалғанда,  2-ші  кезеңдегі 
жедел  жүгіруді  бастайды,  жолдың  оң  жағымен  шапшаң  жүгіре 
жӛнеледі,  таяқшаны  беру  аралығына  2-3м  қалғанда,шапшаң 
жүгіре  жӛнеледі,  1-ші  кезеңдегі  қуып  жетіп  таяқшаны  нық 
алақанына  салады.  Ең  әйгілі  желаяқтар  осы  20м  аралықта  2,0с, 
ал әйелдер – 2,2с кӛрсетеді. Старттан жүгірген желаяқ  30м ара 
қашықтықты,  ең  жоғарғы  жылдамдықты  үдетуге  дағдылануы 
қажет. 
Эстафеталық  таяқшаны  беруші,  қабылдайтын  жүгірушіге 
таяған кезде «ХОП» деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен 
қабылдаушы  жылдамдықты  тӛмендетпей,  жүгіру  ырғағын 
бұзбай,  сол  қолды  түзеткен  түрде  артқа  созып  үлкен  саусағын 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

54 
 
сырт  жаққа  бағыттап,  басқа  саусақпен  бұрыш  жасап,  таяқшаны 
қабылдауға  дайындайды.  Егер  таяқшаны  қабылдаушы  дыбысты 
күтпей,  бір  белгілі  жерге  келгенде  қолды  артқа  тастаса,  жақсы 
нәтижеге  жетер  еді,  бірақ  мұндай  таяқшаны  қабылдау  кӛп 
жаттығуды  талап  етеді.Эстафеталық  таяқшаны  берудің  екі  әдісі 
бар: а)астынан; б)үстінен. 
 
 
 
10-сурет.Эстафеталық  таяқшаны  беру  әдісі:  а)астынан; 
б)үстінен. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет