Қазақстан Республикасының Білім және



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата07.04.2017
өлшемі1,47 Mb.
#11278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

107 
 
Дискті лақтыру техникасына ҥйрету әдістемесі. 
 
Дискті  лақтыруды  үйрету  реті  толығымен  ядроны  итеруге 
үйрету  ретіне    ұқсас.  Дискті  лақтыру  техникасының  ерекшелігі 
алдын  ала  және  мәрелік  қозғалыстар  бұнда  айналмалы  алға 
бағытталған  қозғалыстар.  Дискті  лақтыруды  үйретуге  кіріспес 
бұрын,  үйренушілердің  айналмалы  қозғалыстарға  дайындығы 
жеткіліксіз  екендігін  ескеру  керек,  арнайы  дайындық  пен 
қажетті  сақтық  шараларын  талап  етеді.  Сонымен,  сабақтарда 
кездейсоқ  зақымдардың  алдын  алу  үшін  дисктерді  тек  бір 
бағытта ғана лақтырады. Сабақтарға арналған орындар, сонымен 
қатар лақтыруға арналған шеңберлер, мүмкіндігінше, бір бірінен 
алшақ  орналастырылады  немесе  тормен  қоршалады.  Топтық 
оқыту  кезінде  лақтыру  және  снарядтар  алу  үшін  алаңға  шығу 
кезектілігін  нақты бекіту керек. 
      1
-міндет. 
Дискті лақтыру техникасымен таныстыру
      Оқытушы  дискті  лақтыру  техникасын  қысқаша  түсіндіреді 
және  толық  айналыммен  дискті  қалай  лақтыру  керектігін 
кӛрсетеді.  Қозғалыстарды  қайталап  кӛрсету  кезінде  оқытушы 
баяу  ырғақпен  орындайды  және  ӛте  маңызды  тұстарда 
тоқтайды.  Кӛрсетілім  қысқа  түсіндірулермен  және  кӛрнекі 
құралдарды кӛрсетумен толықтырылады: кинограммалар, пла-
каттар,  суреттер,  фотосуреттер  және  бейнефильмдер.  Дискті 
лақтыру  әдістеріне  үйрету  бірінші  практикалық  сабақтан 
басталады. 
       2
-міндет. 
Дискті ұстау мен жіберуге үйрету. 
Дискті  ұстау  мен  қағып  алуды  алдымен  оқытушы  түсіндіріп 
кӛрсетеді.  Дискті  ӛзіндік  ұстау  әдісін  саусақтың  шеткі 
фалангаларымен  және  үлкен  саусақпен  қыса  отырып  ұстауды 
кӛрсетеді.  Содан  кейін  келесі  жаттығуларды  пайдаланып 
дискті жіберуді меңгереді: 
      - алға қарап тұрып, сол аяқ алда, диск ұстап тұрған қол 
тӛменде.  Диск  сағат  бағыты  бойынша  айналатындай  етіп  сұқ 
саусақпен  1-2  м  жоғарыға  лақтырылады.  Лақтыру  кезінде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

108 
 
аяқтар кішкене амортизацияланады. Диск дірілсіз айналу керек 
және жерге қырымен түсу керек; 
-  бастапқы  күй  сондай,  бірақ    дискті  сермегеннен  кейін  
диск  ӛз  осінде  және  ӛз  қырында  айналатындай  етіп  лақтыру 
керек; 
-  бастапқы  күй  сондай,  бірақ  диск  жоғарыға-алға 
лақтырылады; 
-  лақтыру  бағытына  бетпен  қарап  тұрып,  аяқтарды  иық  
деңгейіне  қойып,  сол  жақ  бүйір  –  лақтыру  бағытына,  дене 
салмағы  екі  аяққа  түсірілген.  Дисксіз  қолмен  және  дискпен 
дене салмағын бір аяқтан келесі аяққа ауыстыра отырып және 
денені  оңға айналдыра отырып, түрлі тегіс жерлерде сермеуді 
орындау.  Сонымен  бірге  дене  салмағы  толығымен  оң  аяққа 
ауысады, аяқ тізе буынынан бүгіледі; 
- сондай бастапқы күйден, денені оңға айналдыра отырып 
дискі (таяқ, жібі бар доп) бар оң қолмен сермеп алға лақтыру. 
Жаттығуды  қолмен  бірнеше  рет  алдын  ала  сермеуден  кейін 
орындауға болады. 
3
-міндет. 
Ақтық күш техникасына үйрету
Дискті  лақтыру  кезіндегі  ақтық  күш  бұрылыстан  кейін 
орындалатын бекітуші қозғалыс болып табылады. Ақтық күшті 
оқыту үшін негізгі жаттығулар: 
-  аяқтар  екі  жақта  тұрып,  лақтыру  бағытына  сол  жақ 
бүйірімен тұру, лақтырудың соңғы фазасында аяқтардың бұру-
иілу жұмыстарына имитациялау; 
-  жаттығу  сондай,  бірақ  снарядпен  бірге  (гимнастикалық 
таяқ, теннисті ракетка, жібі бар доп, жеңіл диск); 
-  лақтыру  бағыты  бойынша  артпен  және  қырымен  тұрып 
орнынан дискті лақтыру . 
4-міндет. 
Дискті лақтыру кезінде бұрылуға үйрету. 
Дискті  лақтыруда  бұрылуды  оқытуды  бір  уақытта 
орыннан снарядты лақтырудан бастау керек. Алдымен бұрылу 
дисксіз,  содан  кейін  ұстауға  ыңғайлы  дискпен  немесе 
заттармен  үйретіледі    (теннисті  ракетка,  гимнастикалық  таяқ, 
жібі  бар  доп,  гантель).  Үйрету  үшін  қосымша    ыңғайлы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

109 
 
құрал—  бауы  бар  диск  .Осындай  снарядты  пайдалану  үшін 
қолдың  білегі  жіппен  және  диск  арасынан  ӛтеді.  Осы 
тапсырманы орындау үшін негізгі жаттығулар: 
- бұрылу имитациясы; 
- дисксіз және дискпен бұрылу имитациясы; 
- түрлі қосымша заттармен бұрылу. 
Оқушыларға  осы  жаттығуларды  орындау  кезінде  келесі 
ережелерге  назар  аудару  керек:  оң  қолдың  алға  сермеуін 
қолдану және дискпен алға адымдап басып жылжуы үшін  сол 
аяқпен  итерілу;  бұрылудан  кейін  оң  аяққа  тұру;  ақтық  күште 
лақтыру  қолының  күшін  максималды  түрде  пайдалану; 
тіктелген сол аяқты табанның ішкі бӛлігіне тиісті ырғақта қою. 
5-міндет. 
Бұрылудан дискті лақтыру техникасын үйрету. 
Бұрылудан  дискті  лақтыру  техникасын  оқыту  кезінде 
бастапқыда  қозғалыстар  дисксіз  орындалады,  содан  кейін 
дискпен лақтырып, лақтырмай, шеңбер сыртынан және шеңбер 
ішінен орындалады. Қозғалыс жылдамдығын лақтырудың осы 
техникасының  элементтерін  меңгеру  шамасы  бойынша 
ақырындап  арттырып  отыруға  болады.  Айналмалы-түсу 
қозғалыстарын  шеңбер  диаметрінің  сызығы  бойынша 
лақтырудың  бағытына  айналуды  біртіндеп  жеделдете  отырып 
орындау,  осы  кезде  қол  мен  дене  оңға  бағытталады.  Сол  аяқ 
қысқартылған  жолмен  тізе  буынынан  келесі  тіктеліп  алға 
ауысады. 
Осы  тапсырманы  орындау  үшін  келесі  жаттығуларды 
орындау қажет: 
-  лақтыру  бағытына  қырымен  тұрып  бастапқы  күйден 
бұрылып, дискті лақтыру; 
-  лақтыру  бағытына  артпен  тұрып  бастапқы  күйден 
бұрылып дискті лақтыру;
 
-  жарыс  ережелерін  сақтай  отырып,  шеңберден  бұрылып 
дискті лақтыру. 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

110 
 
ІҤ БӚЛІМ.ҤЙРЕТУ ӘДІСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯСЫ 
МЕН ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Ҥйрету педагогикалық ҥдеріс ретінде  
 
Үйрету  әдісі  әлемдегі  барлық  тірі  жанға  қажет.  Бұл  жүйе  
қарапайым  жандар  үшін  ӛздігінен  пайда  болады,  жануарлар 
ӛмірінде  біраз  қиындыққа  ұшырайды,  ал  адам  ӛмірінде  біраз 
қалыпқа  келіп  барып  іске  асады.  Ӛмір  сүру  тәжірибесін 
қалыптастыру және  белгілі бір жетістікке жетуге дейінгі аралық 
үйрену процесі болып табылады. 
Дене  тәрбиесінің  басты  бӛлігінің  бірі  бола  тұра,  үйрету 
барысында  екі жарқын сәт айқындалады: ұстаздың үйрету жолы 
және  үйренушінің  оқу-танымдық  талабы.  Үйрету  жүйесінің 
маңызы - оқытушы мен оқушының бір-бірімен тіл табыса білуі,  
қабылдай және іске асыра білуі, икемділігі. 
Дене 
тәрбиесінің 
айналасында 
қимыл-қозғалысты 
жеткілікті түрде іске асыру үйретудің ядросы болып табылады. 
Үйрету  формасын  келесі  түрлерге  бӛлуге  болады:  ӛзіндік, 
бақылаушы, ӛзіндік-бақылаушы. 
Үйретудің  ӛзіндік  формасында  қажетті  қимыл-қозғалысты 
ӛзіүйреніп,талдау жасап, жүзеге асырады. Бұл форма қарапайым 
қимылдарды үйреткенде кездеседі. 
Бақылаушыда  оқытушыақыл-кеңес  беруші  ретінде  рӛл 
атқарады.  Қажетті  қимылдарды  оқушыға  үйретіп,  түсіндіреді. 
Ал, бұл форма кез-келген жаттығуды үйренгенде оңайға түседі. 
Ӛзіндік-бақылаушы  формасы  оқытушы  оқушыны  үйретеді, 
оқушы  ӛз  іс-әрекетін  бағалайды,  ал  оқытушы  қателерін 
жӛндейді. Бұл форма техниканы жүзеге асырғанда қолданылады. 
Сондай-ақ үйрету формаларын байланыстырып типтеуге де 
болады: 
-  оқытушы – оқушы – мүмкін болатын сабақ (оқушы  кез-
келген қимылды жасауға мүмкіндігі бар немесе жоқ), қарапайым 
қимылдарды үйрету; 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

111 
 
-  оқытушы    -  оқушы  –  оқытушы  –  кері  байланыс  арқылы 
бақылап  үйрету  (оқытушы  үйретеді  –  оқушы  қабылдайды  – 
оқытушы қортындылайды),  қиынға түсетін қимылдарды үйрету; 
-  оқытушы  –  оқушы  –  оқушы  –  оқытушы  –  бақылап 
үйретуші  екі  еселі  байланыспен  (оқытушы  үйретеді  –  оқушы 
қабылдайды  –  оқушы  қорытындылайды  және  түзетеді  - 
оқытушы  қорытындылайды),  қиын  қимылдарды  бекіту  және 
үйрету; 
-  оқытушы  –  оқушы  –  басқа  оқушы  –  оқытушы  – 
бақылаушы үйрету (оқытушы бір оқушыны үйретеді – ол оқушы 
басқа оқушыны үйретеді  – оқытушы  екінші оқушының сабағын 
қадағалайды).  Бұл  оқыту  формасы  техниканы  бекіту  және  іске 
асыру үшін қолданылады. 
Оқыту жүйесі контакттың үш түрін қарастырады: 
1) бригадалық-топтық  (2-3  оқытушы  25-30  оқушыны 
үйретеді); 
2) индивидуалды-топтық  (1  оқытушы  10-15  оқушыны 
үйретеді); 
3) индивидуалды-индивидуалдық 
(1 
оқытушы 
1-3 
оқушыныүйретеді). 
Оқытушы  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас үш  блок 
бойынша ӛтеді: 
«түсіндіру»  -  жаңа  материалды  үйрету  уақытында  ескі 
материалмен байланыстыру; 
«түзету»  -  үйрету  барысында    материалда  қателіктер 
табылса, оны оқытушы шектейді және түсіндіреді; 
«тапсырма»  -  үйренушіні  ӛзіндік  жұмысқа  қосады,  оны 
ісжүзінде бекітеді. 
Оқытушы  –  жүргізуші,  басқарушы  элемент  жүйесі, 
«оқытушы  -  оқушы»,  оқушы  –  тыңдаушы,  бұл  жүйенің 
басқарушы  элементі.  Оптималды  нәтиже  шығару  үшін 
басқарудың  тәсілдері,  принциптері  мен  әдістері  қабылдаудың 
принциптері  әдістері  мен  тәсілдеріне  сәйкес  келуі  керек.  Әрбір 
байланыс  үшін  ӛзінің  басқару  жүйесі  мен  қарым-қатынас 
тактикасы болады.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

112 
 
Тактиканың    ӛзгеруі  кӛбінесе  оқушыға  байланысты:  егер 
оқушы  ӛзгерсе  (мысалы,  оның  физикалық  және  психикалық 
дәрежесі  жоғарылаған  жағдайда),  осындай  кезде  оқушымен 
қарым-қатынас  тактикасы  да  ӛзгереді.  Үйрету  жүйесі  бойынша 
«оқушы»  ұғымын  барлығы  үшін  ортақ  түсінік  ретінде  
қарастыруға  болмайды  (ӛкінішке  орай,  үйрету  барысында 
оқытушылар  кӛбінесе  ортаңғы  халдегі  оқушыны  бақылайды).   
Оқушыға  әрқашанда  оның  физикалық,  психикалық  және 
ептілігін ескере отырып,жеке тұлға ретінде қарау керек. 
Үйрету  барысында    оқытушының  алдына  мынадай 
міндеттер қойылады: 
1.  Әрбір 
оқушының 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
анықтай білу. 
2.  Жаңа  материалды  психологиялық  тұрғыда  дұрыстап 
жеткізе білу. 
3.  Әрбір  үйренушінің  психологиялық  жағдайын  ескере 
отырып, оқушының қателігін жӛндей білу. 
4.  Тапсырмаларды  үйренушілердің  түйсігіне  жететіндей 
түсіндіре білу және қатесіз орындауын қадағалау. 
5.  Олардың 
әрқайсысының  психологиялық  жағдайын 
ескере отырып, қарам-қатынас барысында дұрыс тактика таңдай 
білу. 
Үйрету  процесінде  бірінші  жоспарға  оқытушының 
біліктілігі  емес,  оқушының  қабілеттілігі  маңызды  рӛл 
атқаратынын есте сақтау қажет. 
 
 
Ҥйретудің әдістемелік принциптері 
 
Қозғалысқа  үйрету  барысында  келесі  әдістемелік  принциптерді 
қолданады:  зерделілік  пен  белсенділік;  кӛрнекілік;  жүйелілік; 
реттілігі; біртіндеп; даралану. 
Зерделілік  пен  белсенділік  принципі.  Қимыл-қозғалысты 
жетік  меңгеру  үшін,  үйренуші  ӛзінің  жақсы  қасиеттерін  алға 
тартып,  мақсатқа  жету  жолында  еңбек  ету  қажет.  Үйрену 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

113 
 
барысында  үйренуші  белсенділік  танытпаса  оң  нәтижеге  қол 
жеткізу  мүмкін  емес.  Оқуға  құлқы  жоқ  немесе  жалқау  адамды 
үйрету  мүмкін  емес.  Белсенділік  -    үйретілетін  материалды 
саналы  түрде  түсіну  яғни  әрбір  қозғалыс  элементін  тиянақты 
үйрену,  қозғалысты  бақылау,  қателіктерге  жол  бермеу  жағын 
қарастыру. 
Үйрену  кезіндегі  зерделілік  пен  белсенділік  үйренушінің 
жинақылығына  және  тәртібіне  тікелей  байланысты.Педагог 
үйренушіге  белсенділік  ерігін  бере  отырып,  үйрету  үдерісін  
бақылауға, үйлестіруге және реттеуге міндетті. 
Кӛрнекі  қҧралдарды  пайдалану  принципі  –  белгілі  бір   
қимыл-қозғалыс  жасау,  қозғалысты  сырттай  қарау  және 
қозғалыстың  қарапайым  механизмін анықтау.  Үйретіліп  жатқан 
қозғалыс қимылын тек кӛріп қана қабылдамайды, сондай-ақ есту 
және вестибулярлық талдау арқылы да меңгеруге болады. 
Есте  сақтау  қажет,  бір  адам  кӛз  алдындағы  нәрсені  жақсы 
қабылдаса,  екіншісі,  есту  арқылы  жақсы  қабылдайды.    Біреуге 
заттай  түрде  оңай  түсінсе,  біреуге  есту  немесе  логика  арқылы 
түсіну жеңіл тиеді. 
Кӛрнекі 
құралдарды 
пайдаланупринципі 
үшін 
ең 
маңыздысы  кері  байланыс:  айна  алдында  үйреніп  жатқан 
қимылдарды  жасау,  видеотүсірілімдерді  қолдану.  Сонымен 
қатар жастық шақта сезім арқылы қабылдау басты рӛл атқарады. 
Ӛсе келе адам  білімді ғана емес, абстракты ойлауды дамытады. 
Онда кӛркем сӛйлеу мәнері артады. Кез-келген жас мӛлшерінде 
кӛрініс принципі ерекше рӛл атқаратынын есте ұстау керек.. 
Жҥйелілік 
принципі 
немесе 
қимыл-қозғалыстың 
қайталануы.  Қозғалыс  қимылы,  әсіресе,  техника  жағынан 
күрделіс  бірнеше  рет  қайталаудың  арқасында  ғана  үйреніп, 
бекітіледі.Үйрену  барысында  жіберген  қателікті  түзеткеннен 
кейін ғана қимылды қайта жасау керек екенін есте сақтау қажет.  
Қозғалыс  қимылдарын  үйренудің  ең  оңай  жолдарын 
тӛмендегідей: 
-  үйреніпжатқан қимыл тек  оны қайталаған жағдайда  ғана 
іске асырылып, бекітіледі; 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

114 
 
-  қимыл-қозғалысты  іске  асырғанда  бұлшық  еттердің 
шаршауына әкеліп соғады, ол үшін  уақыт пен күш қажет; 
-  қимыл-қозғалысты  орындау  кезінде  және  одан  кейінгі 
уақытта  ағза  түскен  салмаққа  бірте-бірте  үйрене  бастайды, 
ағзада ӛзгеріс пайда болады. 
Осы жағдайда мыналарды еске сақтау керек: салмақ түсетін 
қозғалыс  қимылдарын  үйрену,  кӛбіне,  бұлшық  еттің    жұмыс 
істеу  қабілетіне  әсер  етеді.  Ал  күрделі  техникалық  қимылдар 
және  қимыл  қозғалыстар  психикалық  жұмыс  істеу  қабілетіне 
әсер етеді. 
Реттілік 
принципі 
бойынша 
«меңгерілгеннен 

меңгерілмегенге», 
«қарапайымнан 
күрделіге» 
ережесіне 
сүйенеді. 
Қозғалысқимылының  техникасы,  әрқашан  үйреншікті, 
жаттанды  қимылға  жүгінеді.  Сондықтан  қарапайым  қимыл-
қозғалыстардың  қатарын  кӛбейту  қажет.    Техниканың  жаңа 
түрлерін үйренгенде сол қимылдарға жүгіну керек. 
Қарапайымдылық 
пен 
күрделілік 
координациялық 
күрделілікке  ғана  байланысты  емес,  сонымен  қатар  қозғалыс 
қимылдарын  орындау  үшін  физикалық  күш  жұмсауға  да 
байланысты.  Сондай-ақ,  қозғалыс  қимылының  психологиялық 
факторын,  әсіресе,  қорқыныш,  үрей  сияқты  сезімдерді  жеңу 
кезінде ескеру керек. 
Біртіндеп  принципіүйрену  барысында  физикалық  салмақ 
қа  және  орындалатын  қозғалыс  қимылы  техникасының 
күрделенуіне тікелей байланысты. 
Үнемі  есте  сақтау  керек:  шамадан  тыс  салмақ  түсіру 
жаңадан  үйреніп  жүргендердің  ағзаларына  теріс  әсер  етеді. 
Сондықтан олар үшін оңтайлы жүктеме іріктеу керек. 
Біркелкі,  үнемі  қолданатын  жаттығуларға  ағза  бейімделіп 
алады  да  оларды  жасаудың  тиімділігі  тӛмендейді.  Қозғалыс 
диапазонын  кеңейту  үшін  әртүрлі,  бірақ  құрылысы  жағынан 
ұқсас жаттығуларды жасау керек. 
Біртіндеп принципін үйрену процесінде секірмелі қимылдар 
болмау  керек.  Бұл  принциптің  негізгі  постулаты  –  меңгерілген 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

115 
 
қимылдан  келесі  қимылға  біртіндеп  кӛшу,  кейде  ӛткендерді 
қайталап,  үйретілмеген  немесе  нашар  үйретілген  қимылдарды 
жіберіп  алмау  керек.  Ӛйткені  мұндай  қимылдар  келесі 
қимылдарды ӛткенде теріс әсер етпей қоймайды. 
Даралану 
принципі 
бойыншаүйренушінің 
жеке 
ерекшеліктері  ескеріледі,  яғни  дайын  болу  дәрежесі,  жынысы 
мен  жас  ерекшеліктері,  жеке  тұлғаның  анатомиялық-
физиологиялық, психологиялық  ерекшеліктері  және  педагогтың 
жеке  үйрету  стилі.  Үйретудің  алғашқы  кезеңінде,  үйренушілер 
әлі  де  ӛз  қабілеттерін  кӛрсетпеген  кезде  топтық  жұмыстар 
тиімдірек  болады.  Қозғалыс  қимылдары  қарапайым  және  топ 
меңгеріп  алып  жүргенде  ешкім  ерекшеленбейді.Әріқарай 
қимылдарды  тез  және  жақсырақ  орындай  бастағанда  біртіндеп 
жеке  жаттығуларға  кӛше  бастайды.  Қозғалыс  қимылдарын 
үйренгенде жыныс ерекшеліктеріне ерекше кӛңіл бӛлу керек. 
 
 
Спорттық жҥріс техникасын ҥйрету әдістемесі. 
 
Спорттық  жүріс  жеңіл  атлетиканың  бір  түрі  болып 
саналады  және  кәдімгі  жүрістен  техникасымен  ерекшеленеді. 
Бірақ,  алдымен  бұл  әдістемеге  кӛшпей  тұрып,  кәдімгі  жүрістің 
кемшіліктерін  (жүрісі,  келбеті)  түзеткеніміз  дұрыс.  Жеңіл 
атлетикадағы  бұл  түрінің  бағалау  критерийі  -  табиғилық  және 
үнемділік болады. 
Спорттық  жүріс  техникасын  үйрету  жайындағы  сұраққа 
шешім  табу  үшін,  міндеттері  мен  мақсаттары  бар  әдістер 
ұсынылады. 
1 - міндет.Спорттық жүріс техникасымен таныстыру. 
Спорттық  жүріс  техникасын  оқытушы  кӛрсетеді.Оқытушы 
қимылды  асықпай,  баяу  жылдамдықпен  кӛрсетіп  түсіндіреді. 
Үйренушілердіспорттық 
жүріс 
техникасын 
түсіндіретін 
оқытушыны  алдынан,  жанынан  және  артынан  кӛре  алатындай 
орналасулары керек. Үйренушілерге спорттық жүріс техникасын 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

116 
 
үйрету  барысында  оқытушы  кинопленкада  түсірілген  қимыл-
қозғалыстарды кӛрсеткені жӛн. 
Жүріс  техникасының  кӛрінісінен  кейін,  жаттығушылар 
ӛздері  2-3  рет  50-80м.  ӛтулері  керек.  Оқытушы  үйренішілердің 
жіберген  қателіктерін  кӛрсетіп,  кемшіліктерді  қалай  жоюдың 
нұсқаларын айтуы керек. 
2-міндет.  Спорттық  жүріс  кезіндегі  аяқ  және  жамбас 
қозғалыстарын үйрету. 
Бұл жердегі негізгі әдіс- баяу жүріс. Түзу қойылған аяқ дене 
бұрылысымен  және  қол  қозғалыстармен  бір  уақытта  жерге 
қойылады. Одан ары қозғалыс жылдамдығы, ең алдымен, қадам 
жиілігі арқылы біртіндеп артады. 
Аяқты  жылдам  сілтеп  басуды  үйреткр  алдында  ―ұсақ-ұсақ 
аттау‖  жүрісі  орындалады  (60-80  см  қадам),  шеңбер  бойымен 
жүру(диаметр  5-6  м)  және  ―иреңделген  жүріс‖(2-4  метр  оңға, 
содан  солға).  Бұл  жаттығулар  жүгіретін  жолдың  ақ  сызықтары 
бойынша  немесе  сызылғын  сызық  бойынша  кезектеседі  (50-
60м). 
Жамбаспен  бұрылуды  үйрету  үшін  иық  және  жамбастың 
қарама-қарсы  бұрылу  қимылдары  қолданылады  (иық  оңға, 
жамбас  солға  және  керісінше),  «бұралаңдаған»  жүрісте  оң 
аяқтың қозғалысы алға емес, солға және керісінше жасалады  
Барлық аталған  жаттығулар техникның жеке элементтерін 
меңгеруіне  байланысты  оқыту  барысында  бірнеше  рет 
қайталанады. 
3-міндет.Спорттық 
жүріс  кезіндегі  қол  және  иық 
қозғалыстарын үйрету. 
Спорттық  жүріс  уақытында  қол  тік  немесе  доғал 
бұрыштабүгіліп  тұрып,    тура  қозғалу  керек.  Иықтың  түсіп 
тұруын, ал қолдың емін-еркін қозғалысын қадағалаған жӛн. 
Бұл  мәселені  шешу  үшін  келесі  жаттығулар  ұсынылады: 
«қол  иықтың  немесе  бастың  артына»  қойып  жүру;  қоларын 
алдына 
қойып 
жүру; 
таяқпен 
жүріс, 
таяқ 
шынтақ 
буынында,иықта немесе арқаның артында орналасады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

117 
 
Егер қолдың жұмыс амплитудасын кӛбейту мақсаты тұрса, 
онда  қолды түсіріп жүру ұсынылады. Кӛрсетілген жаттығуларда 
жүрістің қашықтығы 100-150 м. Жаттығулардың қайталау саны, 
оның  дұрыс  орындалуынан  және  қозғалыс  жылдамдығын 
меңгеруіне байланысты. 
4 - міндет. Жалпы спорттық жүріс техникасын үйрету. 
Спорттық  жүрісті  меңгеру  барысында,  жалпы,  жеке 
алынған 
элементтерді 
игеруге 
бағытталған, 
әр 
түрлі 
жаттығуларды қайта-қайта мың мәрте қайталаған жӛн. 
Осы  мақсатта  ерекше  кӛңіл  аударатын  жағдайлар:  кеуде 
және  бастың  қалпы;  кеуде  және  аяқ-қол  қозғалыстарының 
жұмсақтығы;  жеткілікті  ұзындықтағы  қадам;  аяқты  еркін 
ауыстыру; ӛкшені дер кезінде жерден алу; барлық қимылдардың 
үйлесімділігі. 
Жалпы  спорттық  жүріс  техникасының  негізгі  оқыту  әдісі: 
әр  түрлі  жылдамдықта  және  әр  түрлі  қашықтықта(400-800  м) 
жасалатын  жүріс,  аяқ-қол,  жамбас,  кеуде  қозғалыстарындағы 
қателіктерді  кӛрсету;  қадамның  ұзындығы  мен  жиілігінің    ара 
қатынасын табатын жүріс. 
5 - міндет.Спорттық жүріс техникасын жетілдіру. 
Спорттық  жүріс  техникасын  жетілдіру  уақытында, 
үйренуші  ӛзіне  ыңғайлы  жүріс  қарқынын  табуы  қажет. 
Жасайтын  қадамның  жиілігі  және  тыныс  алу  мен  дем  шығару 
саны  мен  қадам  санының  арақатынасы,  аяқ-қолдың,  кеуде 
қозғалыстарының    жалпы  бүкіл  қозғалыстрадың  реттелгендігін 
байқаған жӛн. Бұл оқыту кезеңінде  әртүрлі тік құлама жерлерге 
кӛтеріліп  түсу  жүрісікезіндегі  жалпы  және  арнайы  физикалық 
дайындығының    бірте-бірте    арту  деңгейі  маңызды  болып 
табылады(400-2000 м). 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

118 
 
Орта және ҧзын қашықтыққа жҥгіру техникасының 
әдістемесі. 
 
1-міндет. 
Орта 
және 
ұзын 
қашықтыққа 
жүгіру 
техникасымен таныстыру. 
Бұл 
мәселенің 
шешімі 
жаттығушылардың 
жеке 
ерекшеліктерінен  басталады.  Осы  мақсатпен  жаттығушыларға 
бірнеше рет орташа жылдамдықпен 80-100 метрге  жүгіріп ӛтуді 
ұсынады.  Содан  кейін  әрқайсысының  жіберген  дӛрекі 
қателіктерін  кӛрсету  қажет.  Әрі  қарай  жүгіру  техникасының, 
жарыс  ережелерінің  ерекшеліктері  түсіндіріледі.  Білікті 
жүгіруші 
жүгіру 
техникасын 
кӛрсетеді. 
Содан 
кейін 
жаттығушылар 5-100 метрге тағы бірнеше рет жүгіріп ӛтеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет