Қазақстан Республикасының Білім және



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата07.04.2017
өлшемі1,47 Mb.
#11278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

16 
 
 
ІІ БӚЛІМ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТЕХНИКАСЫ 
 
       Спорттық жҥру 
 
Спорттық  жҥру  -жүрудің  спорттық  түрі.  Әрине,  екеуінің 
айырмашылығы  жер  мен  кӛктей.  Спорттық  жүрістің  негізгі 
ережесі,  әрбір  аттаған  сайын,  яғни,  алға  аттаған  аяқтың  ӛкшесі 
жерге  тимейінше  итерілетін  аяқты  жерден  кӛтеруге  болмайды. 
Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей кӛтеріліп кететін 
фазасы  болмауы  керек.  Бұл  жағдайға  кез  келген  спортшы 
қалыптасып  үйрене  бермейді.  Табиғи  жүрісте  кӛтеріліп  кететін 
фазасы  болады.  Яғни,  жүгірудің  алғы  шарты  орындалады. 
Спорттық  жүріспен  жарысқа  қатысқан  спортшы  жүгіріп  кетпес 
үшін кӛтеріліп кететін фазасын тӛрешілер мұқият қадағалайды. 
Жүру  –адам  қимылдауының  табиғи  тәсілі.  Спорттық 
жүрудің  жай  жүруден  айырмашылығы-  жылдамдығы  жағынан 
тезірек қимылдауы. 
Спорттық жүру бір қалыпты сипатқа ие. Спорттық жүрудің 
ережелері шектеулі. Біріншіден, спорттық жүруде ұшу кезеңдері 
болмауы  қажет,  әрқашан  жерменбайланысболуы  қажет. 
Екіншіден, бірінші шектеуді орындау барысында,  тігінен тұрған 
тірек  аяқ  тізе  буынынан  жазылуы  керек.Спорттық  жүруден 
қарапайым  жүрудің  айырмашылығы:  жаяу  жүрісте  аяқты  тізе 
буынынан  бүгуге  болады,  ал  спорттық  жүрісте  аяқ  тік  болуы 
қажет. 
Спорттық жүрістің негізгі техникасы бірқалыпты қимылды 
құрайды, олекі адымнан тұрады, сол жақ аяқ пен оң жақ аяқтың 
адымы. 
Ол қалып тӛмендегілерден құралады: а) жалғыз тіректің екі 
кезеңі;  б)  екі  тіреудің  екі  кезеңі;  в)    сермейтін  аяқты 
ауыстырудың екі кезеңі.. 
Спорттық  жүрістің  циклін  алты  шабағы  бар  дӛңгелек 
түрінде елестетуге болады. Екі қос шабақ дӛңгелекті екіге бӛледі 
-  екі  тіреудің  кезеңі,  екі  жалғыз  шабақосы  жартыларды  тӛртке 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

17 
 
бӛледі  -жалғыз  тіреудің  кезеңі.  Бір  аяқтың  жалғыз  тірегінің 
кезеңі  басқа  аяқтың  ауысу  кезеңімен  сәйкес  келеді.  Екі  тіректі 
период  ӛте  жылдам  болады,  оны  кӛбі  байқамай  қалады.  Бір 
периодты  тірек  ұзағырақ  болғандықтан  екі  кезеңге  бӛлуге 
болады: 
1)
 
алдыңғы тіректің қатты фазасы; 
2)
 
итеру фазасы. 
Ауысу фазасы да екіге бӛлінеді: 
1)
 
артқы адым фазасы; 
2)
 
алдыңғы адым фазасы. 
Жоғарғы  білікті    жүрушілер  адымдарының  жиілігі 
минутына  190-нан    230  адымға  дейінбарады.  Адымның 
ұзындығы  95  см –ден  130  см  -ге  дейін  болады.  Осылардың 
барлығы  спортшының  аяғының  ұзындығы  мен  бұлшық  етіне 
тығыз байланысты. 
Аяқ-қолдың  қозғалысы,иық  пен  жамбастың  кӛлденең  осі- 
айқасқан, яғни  оң аяқ алға жылжығанда ,сол қол алға жылжиды 
немесе  керісінше.Омыртқа  мен  жамбас  күрделі  бір-біріне 
қарама-қарсы  қозғалады.Итеру  фазасының  соңында  жамбастың 
иілуі артады , ал тік тұрған кезде аяқтардың ауысуы барысында 
азаяды.Жамбастың  ілгері  кейінді  бағытқа  ауытқуы  тіректен 
итерілетін  аяқтың  санын  артқа  апаруға  кӛмектеседі.Сондай-ақ, 
жамбастың кӛлденең осінің иілуі  ӛзгереді: ауыстыру кезінде ол 
сілтейтін  аяққа  қарай  түседі,ал  қос  тірек  кезінде  қайтадан 
түзеледі.Жамбастың  мұндай  сілтейтін  аяққа  қарай  түсуі 
маятниктің  қозғалысына  байланысты.  Бұл  бұлшық  еттерге, 
бағыттаушы санға(бедро), бойын еркін ұстауға кӛмектеседі. 
Омыртқа да ауыстыру кезінде  сілтейтін аяққа қарай иіледі, 
әрбір  қадамда  дененің  кеуде  тұсы    күрделі,  бір  мезгілде  қимыл 
жасайды,  болмашы  бүгіледі  және  жазылады,  екі  жақ  бүйірге 
иіледі және кеудесімен бұрылады. 
Қол  мен  аяқтың,  иық  пен  жамбастың  айқасып  қозғалуы, 
сонымен  қатарәрбір  қадамдағы    кеуде  қозғалысы  дененің  тепе-
теңдігін сақтауға кӛмектеседі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

18 
 
Спорттық  жүру  кезіндегі  қолдың  қозғалысы  адым  жиілігін 
ұлғайтады,  сондықтан  иықтың  жоғарғы  жақ  бұлшық  еттеріне 
күш түседі. Әсіресе, арақашықтықтың соңғы жағында, шаршаған 
кезде  кӛңіл  аударуға  болады.Қолдың  қозғалысы  былай  жүзеге 
асады;қолдар  шынтақ  буынынан  90°-қа  бүгілген,қолдың 
саусақтары  жартылый  бүгілген,  иықтың  бұлшық  еттері 
босаңсыған. 
Спорттық  жүрудегі    барлық  қозғалудың  негізі  ол-  тепе-
теңдік  әрекет  күші,  бағыты,  қисық  сызықты  траекторияда 
байқалады және күш әсеріне тәуелді. 
Итеру-  бұл  бұлшық  еттің  таза  нәтижесі  емес,  бұлшық  ет 
пен тірекке түсетін инерция күшінің ӛзара әрекеті. 
Тірек неғұрлым қатты болса, итеру кӛлемі соғұрлым үлкен 
болады.  Мысалы,  екі  тірек  алайық:  жүгіретін  жол  және  тегіс 
жол.  Жүгіретін  жол  тегіс  жолға  қарағанда  қатты,  демек, 
жүгіретін жолдағы тірек реакциясының күші кӛбірек болады. 
Итеру күшінің кӛлемі: 
-
 
тіректің сапасына; 
-
 
бұлшық етке күш салу кӛлеміне; 
-
 
инерциялықкүші кӛлеміне; 
-
 
бұлшық ет пен  күштің қозғалу бағыты; 
-
 
дененің белсенді салмағының  пассив салмағына карым –
қатынасы  (дененің  белсенді  массасы-бұлшық  ет  массасы, 
дененің  пассив  массасы  -  бұл  спортшының  қалған  дене 
массасы). 
Спорттық  жүрісте  итерудің  күші  ӛте  маңызды.Спорттық  
жүруде  аяқты  тірекке  қою  бұрышы,сондай-ақ,  осының 
нәтижесінде  пайда  болатын  күш  маңызды  болып  саналады. 
Сілтейтін  аяқты  қою  бұрышы  аяқтың  тірекке  жанасуы  кезінде 
анықталады.Бұл  шамамен  айтылған  кӛлем,  бұрыш  тірек 
реакциясы  күшінің  жылдамдығының  векторымен  және  тіректің 
сызығымен  дәл  анықталады.  Аяқты  қою  кезінде  тірекке  қысым 
түсіру  күші  әрекет  ете  бастайды  және  оған  қарама-қарсы 
тіректің реакция күші пайда болады, олардың бағыттары мүлде 
қарама  қайшы.Бұл  күштер  жағымсыз  болып  саналады,  ӛйткені 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

19 
 
жүрушінің    қозғалысына  қарсы  әрекет  етеді  және  қозғалу 
жылдамдығын азайтады. Жүру нәтижелі болу үшін оларды жою 
керек немесе мүмкіндігінше олардың жағымсыз әрекетін кеміту 
керек.  Осыдан  пайда  болған  ауырлық  күші  жылдамдықтың 
ӛзгеруіне  әсер  етпейді.  Жағымсыз  күштердің  әрекетін  үш  түрлі 
жолмен  қалпына  келтіруге  болады:  1)  аяқ  қою  бұрышы  90°  -қа 
жақындау,  аяқ    ДООпроекциясына    мүмкіндігінше  жақын  болу 
керек,  бірақ  адым  ұзындығы азаяды;2) аяқ  қою  амортизациясы, 
алайда  жарыс  ережесі  бойынша  аяқты  тірекке  тізе  буынын 
бүкпей  тік  қою  керек,  яғни  амортизация  болмайды;  3)  итеру 
фазасынан  кейін  аяқты  тіректен  алғаннан  кейін  сандардың  тез 
түйілуі сілтейтін аяқтың инерция күшін арттырады. 
Спорттық  жүру  кезінде  ОЦМ  қозғалысы  түзу  сызықты 
траекторияда  емес,  керісінше  күрделі  қисық  сызықты 
траекторияны орындайды.  
Тік  тұрғанда  теңселудің  кӛлемі  неғұрлым  аз  болса, 
соғұрлым  спорттық  жүрудің  техникасы  тиімді  болады. 
Осылайша,  спорттық  жүрудегі  қозғалыс  жылдамдығына  әсер 
ететін факторлар анықтадыды. 
Жағымды факторларға төмендегілер жатады: 
-
 
тіректің сапасы 
-
 
итеру күшінің кӛлемі; 
-
 
итеру бұрышы; 
-
 
итеру уақыты; 
-
 
сермейтін аяқты ауыстыру уақыты. 
Жағымсыз факторларға: 
-
 
аяқты қою бұрышы; 
-
 
аяқты қою кезіндегі тіреу реакциясының тежегіш күші. 
 
 
Спорттық жҥрудің техникасы 
 
Споттық жүрудің жеңіл атлетиканың бір түрі ретінде пайда 
болуы  мен  қалыптасуы  ХІХ  ғасырдың  ортасында  басталды.  Ең 
алғашқы жарыс Англияда 7 мильді жүріп ӛту 1867 жылы болды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

20 
 
Алғашқы  ұзақ  қашықтықтағы  жүрудің  дистанциясы    Вена  – 
Берлин – 578 км; Париж – Бельфор – 496 км; Турин – Марсель – 
Барселона  –  1100  км.  Ол  1908  жылғы  Олимпиада 
бағдарламасына    3,5  және  10  шақырымдық  спорттық  жүруді 
енгізгенше  жалғаса берді. 
Екінші  кезең:  1908  жылдан  1932  жылға  дейін  жалғасын 
тапты. Бұл уақытта спорттық жүріс олимпиада ойындары түріне 
енгізіледі.    1932  жылы  Лос  –  Анджелестегі  олимпиадалық 
қашықтық 50 км болып енгізілді. 
Әлемдік рекордтар: 1918ж  –  20 км тіркелсе, 1924ж  – 50 км 
тіркелді. 
Үінші  кезең    –  1932  –  1952  жылдары  жаттығудың  қызған 
кезі. Әр түрлі заманға сай әдістермен жаттықтырады. 
1964  -1976  жылдары  спорттық  жүру  біраз  елдерге  тарады.. 
Мысалы: Африка, Азия, Латын Америкасы, Шире кешенді әдіс –   
тәсілдер  жүйелі  түрде  қолданылды.  Спорттық  жүріске 
дайындалатын  адамдар    саны  кӛбейе  түсті.Әр  түрлі  сатыдағы 
спортшылар  дайындала  бастады.  Осыдан  бастап  спорттық 
жүруді нәзік жандыларда меңгере бастады. 
1892 жылы Ресейде  алғаш рет спрттық жүрістен  1,3 және 
10  шақырым    қашықтықтажарыс  ӛтті.  1894  спорттық  жүрістен 
жарыс  Петербург  пен  Царское  село  арасындағы  елді  - 
мекендерде ӛтті. 
1946  ж  спорттық  жүріс  бойынша    50  км  қашықтыққа 
алғашқы жарыс ӛтті. 
1952  ж  Кеңестік  тезжүргіштер    Олимпиада  ойынына 
қатысып,  шет  ел  спортшыларына  кәдімгідей  қарсыластық 
танытады. Әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алады. 
Спорттық жүру әдісінін негізі адамның күнделікті жүрісіне 
ұқсас,бірақ 
кейбір 
ерекшеліктері 
бар. 
Олар 
жоғарғы 
жылдамдықпен  қозғалу,  жерге  қою  сәтінде  аяқтың  толық 
түзетілуі,жамбас  қозғалысының  анық    байқалуы  (әсіресе,  тік 
білек бойымен қозғалғанда). 
Жарыстарда  аяқты  бүгіп  жүру  әдісін  тіреу  кезінде 
қолдануға болады, бірақ тіреу кезеңінде аяқ тік болу керек. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

21 
 
Спорттық  жүру  мен  қарапайым  жүрістің    кӛптеген 
ұқсастықтары 
бар. 
Сонымен 
қатар 
координациялық 
күрделігімен,  тиімділігімен,  үнемділігімен  ерекшеленеді.Жалпы 
теориялық  әдістемелік  талапқа  сай  болу  қажет,  яғни  спорттық 
жүрушінің  қозғалысы  үнемді,  нәтижелі  болған  абзал.  Спорттық 
жүрудің негізгі айырмашылықтары: 
- жоғары жылдамдықты қозғалыс; 
- минутына 200-ден астам адымға жететін қозғалыс; 
- адымның ұзындығы 100см-ден асады, 
-вертикальді осьтің айналасында жамбастың қазғалысы; 
-қолдардың алға-артқа белсенді қозғалысы. 
Ғылыми  зерттеулер    жүру  техникасының  негізгі 
сипаттамаларын анықтады: 
-кеуденің  иілу  бұрышы  және  дененің  вертикальді  теңселу 
кӛлемі; 
-адымдардың  жиілігі  мен  ұзындығы  және  олардың  жүру 
жылдамдығына байланысты; 
-жүрудің фазалары мен кезеңдері; 
Жылдам  жүрушілерде  кӛп  кездесетін  қателер-  жарыстан 
шығарылатын  қателер,  аяқ  тік  кезінде  түзетпеу  және    ұшу 
фазасының  байқалуы,  тірексіз  қалыпта  қозғалыстың  болуы. 
Спорттық  жүруде  жоғарғы  нәтижеге  жету  үшін  созылған 
бұлшық  еттерді  босата  білу  керек,  ол  жоғарғы  нәтижеге  жету 
сатысы 
болып 
табылады.Спорттық 
жүру 
жоғарғы 
жылдамдықпен орындалса да,адымды  алшақ қойған абзал,бірақ 
адымды  мейлінше  созу  кӛп  күшті  талап  етеді,  сонымен  қоса, 
жүру әдісі нашарлап, кӛрсеткіш тӛмендейді.
 
Жерден  табанмен  итерілгеннен  кейін  аяқтың  сирағы 
жоғары  кӛтеріледі.Сермелетін  аяқтың  табаны  жерден  сәл 
кӛтеріледі.  Осы  қалыпта  қозғалысты  жалғастырып,  аяқты  
саннан  жоғары  кӛтеріп,  тізе  буынынан  алға  қозғайды.Керекті 
биіктікке жеткен  кезде,  сермелетін  аяқ толық түзетіледі.Бірінші 
кезеңде жермен байланысты ӛкшеден бастайды, ортаңғы қозғалу 
сызығынан аз аралыққа қойылады.Содан кейін жүруші аяғынкӛп 
жағдайда табанның сырт жағындағы дӛңес жеріне қояды, кадрда 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

22 
 
табан  толық  қойылып,  тік  момент  фазасына  келеді.Осымен 
итерілу  периоды  аяқталады.Қозғалыс  табанның  ұшына  қарай 
сырғиды,  осы  уақытта  итерілу  аяқталып,  бірақ,    аяқ  жермен 
байланыста  болады,екінші  аяқ  жерге  ӛкшемен  тиіп  үлгереді.Бір 
уақытта жүруші  екі нүктелік  қалыпта болады. Алдыңғы аяқтың 
жерге  қысымы  (алдыңғы  тірек)  артқы  аяққа  қарағанда  кӛбірек 
байқалады (А.Л.Фруктов; Н.П.Ратoв;В.Н.Муравьев 1969 жыл). 
Екі  тіректегі  қалып  ұзақтық  жағынан  бір  аяққа  тұрған 
тірекке  қарағанда  бірнеше  рет  аз.  Қозғалыс  кезінде 
жылдамдықтың  ӛсуі  екі  тірек  қалыптың  азаюна  әкеледі.Бұл  екі 
тірек  және  бір  тірек  қалыптың  азаюна  әкеледі.Бұл  екі  тірек 
қалпындағы  уақыттың  азаюы    арқылы  іске  асады.Бірінші 
тіректегі  уақыт  қалпы  аз  мӛлшерде  ғана  ӛзгереді.Екінші 
тіректегі  уақыт  қалпы  қозғалу  жылдамдығына  байланыста 
(Л.А.Головин; Л.Г.Кучин; В.С.Фарфель). 
Жоғарыда айтылғандай, спорттық жүру ӛкшенің жерге тию 
кезінен (алға) тік кезіне  дейін түзелген қалыпта сақталады және 
аяқ тек тіректен алу кезінде бүгіледі. 
Спорттық  жүруде  тік  қалыпта  теңселуден  сақтану  керек, 
әсіресе,  жанына  қарай  шайқалудың  негізгі  себебі  аяқты  екі 
параллель  сызыққа  қоюына  байланысты.Осы  қатені  болдырмау 
үшін  жүрушілер  табан  ұшын  алға  және  сырт  жаққа  бағыттай 
қояды. 
Спорттық  жүруде  дене  қалпы  тік  болады.Бірақ  жүргенде 
алға-артқа ауытқу байқалады.Денені сәл артқа шалқайту итерілу 
фазасын жақсартады,ал денені кӛп алға енкейту бұлшық еттерге 
елеулі күш түсіреді. 
Егер  де  жүрушірлердің    қозғалысын  жоғарыдан  қараса,  біз 
иық иілуінің  және жамбастың қарама-қарсы жаққа бұрылғанын 
байқаймыз.  Қолдың  қозғалысы    аяқ  пен  жамбасты  үйлесімге 
келтіреді.Жамбастың  тік  білек  бойымен  қозғалуы  спорттық 
жүру әдісінің негізі жамбастың  алға, артқа белсенді қимылдауы. 
Жүруші әдісін алдынан   қарағанда сермелетін аяқтың тізесі 
тік қалыпта тіректегі аяқ тізесінен тӛмен болады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

23 
 
Спорттық  жүруде  барлық  бұлшық  еттер,әсіресе,  аяқтың 
бұлшық  еттері  белсенді  қызмет  атқарады,  әр  сәтте  керекті 
бұлшық  еттер  жұмысқа  қосылып,  ал  басқа  бұлшық  еттер 
босаңқы  күйде  болғаны  абзал,  әйтпесе,  қозғалыстың  үнемділігі 
азаяды  және  дұрыс  қарқынмен  қозғалу  қиындайды.  Қолдың 
қозғалысы  спорттық  жүруде  ӛте  маңызды.    Біріншіден,  тепе-
теңдікті  ұстау  үшін  қажет,  жүрушілер  тік  кезінде  қолды  бүгіп, 
сүйір бұрышпен 66-108°  ұстайды,  иық және   шынтақ тұрақты 
қалыпта байқалмайды және әрбір адым сайын ӛзгереді. 
Қолдың қалпы тік кезінде кӛбірек бүгіледі.Егер де спорттық 
жүрушіні  алдыңғы  жағынан  қараса,  қолдың  қозғалысы  алға  іш 
жаққа  бағытталады,  ал  артқы  жағынан  қараса  іш  жағына  қарай 
қозғалады.  Қолдың  саусақтары  әр  жүру  уақытында  босаңқы 
ұсталады. 
Спорттық  жүруде  жоғарғы  жылдамдықпен  келе  жатқанда 
қолдың  қозғалысын  бір  қалыпта,  жұлқыламай  қозғалту  абзал, 
жақсы  әдісті  меңгерген  спорттық  жүрушінің  қозғалысы 
босаңқы,жұмсақ  бір  қалыпты  қозғалады,  спорттық  жүру  әдемі 
табиғи қозғалыс болып есептеледі. 
 
 
Жҥгіру техникасының  негіздері 
 
Жеңіл 
атлетикалық 
жүгірудің 
түрлері, 
алдыңғы 
тақырыптарда айтылып кеткендей, бірнеше   түрге бӛлінеді: 
-
 
қысқа қашықтыққа жүгіру; 
-
 
орта және алыс қашықтыққа жүгіру; 
-
 
ӛте ұзақ қашықтыққа және марафон жүгіру; 
-
 
эстафеталық жүгіру; 
-
 
кедергілермен жүгіру; 
-
 
бӛгетпен жүгіру (стипл-чез). 
Жеңіл атлетика –   ежелден келе жатқан спорттың бір түрі. 
Жеңіл атлетика  түрлерін адам пайда болғаннан бері бар деседе 
болады.  Адам  ӛмірі  тез  жүгіре  білу,  әр  түрлі  кедергіден  секіре, 
дәл және тура лақтыра алу, дәл тигізе алуға байланысты болды

Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

24 
 
Ежелгі  грек  аңыздарына  тоқталатын  болсақ,  бірінші 
сайысты Геракл  Авигем  патшаны жеңген  кезде  ұйымдастырды. 
Тәртіп  бойынша,  Геракл  сӛре  басталатын  жерді  белгілеп,  600 
қадам  ӛлшеді,  ол  жер  мәре  деп  аталды..  Бұл  қашықтық 
стадионның ұзындығы болды, стадиа деп аталды (192,27м). 
Ежелгі ең алғашқы олимпиадалық ойындар, әлі күнге дейін 
сақталған,  сол  заманғы  жазбалар  бойынша,  біздің  заманымызға 
дейінгі  776  жылдарға  сай  келеді.  Басқа  деректерге  сүйенетін 
болсақ,  Олимпиада ойындары біздің заманымызға дейінгі 1580 
жылдары  ӛткізілген.  Осы  мәлімет  ең  атақты  атлет  Поплиоса 
Асклепидесаның  жазбаларында  кӛрсетілген.    Соңғы  жүгіру 
сайысы бойынша екі стадиаға жүгіру ережеде болған, ал, біздің 
заманымызға  дейінгі  720  жылдары  алыс  қашықтыққа  жүгіру 
ережесі қосылған (24 стадиа - 4614,5м). 
Эстафеталық  жүгірісте  ежелгі  сайыстардың  біріне  жатады. 
Египеттіктер  ӛздеріне  қуғыншы  болып  қызмет  атқаратын 
желаяқтарды  жалдаған.  Ал  гректерде  «лампадериомас»  немесе 
отпен  эстафеталық  жүгіру  әйгілі  болған.  Топ  құрамында  40 
қатысушы болған. 
Қазіргі  заманғы  жеңіл  атлетиканың  дамуы  Жерорта 
теңізінен  емес,  Британ  аралдарынан  бастау  алып  отыр.  ХІІ 
ғасырда 
Лондондықтардың 
жеңіл 
атлетикалық 
жарыс 
ұйымдастырғаны  бар.  Ондай  жарыстар,  әдетте,  ипподромдарда 
немесе  қалааралық  үлкен  жолдарда  ӛткен.  1770  жылы  сағаттық 
жүгірудің алғашқы нәтижесі белгілі болды - І7км 300м. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  Англияда  жеңіл 
атлетикадан    әуесқойлар  арасында  жиі-жиі  жарыс  ӛткізіліп 
тұрды.  Жеңіл  атлетикадан  Лондондағы  жарыс  қашықтығы  ярд 
ӛлшем  бірлігімен  ӛлшенді  (1ярд  -  91,4см),  ал,  алыс 
қашықтықтың  ӛлшем  бірлігі  ретінде  миль  алынды  (1миль  - 
1609,34м). 
Бірақ, 
басқа 
елден 
келген 
қатысушылар 
қашықтықтың  ӛлшем  бірлігі  барлығына  метр  жүйесіболуын 
талап  етті.  Осы  талапты  алғашқы  Афинадағы  Олимпиада 
ойындарында  1896  жылы  орындата  алды.  Айта  кетерлігі  жеңіл 
атлетиканың  жан-жақты  дамып,  биік  шыңдарға  жете  бастаған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

25 
 
кезі  осы  ойындардан  кейін  болды.  Жыл  сайын  кӛптеген  елдер 
осы  спорт  түріне  ӛздерін  қосып,  алғашқы  болуға  ат  салысуда. 
Американдықтар, 
финдықтар, 
француздар, 
напондықтар, 
поляктар,  немістер  мен  италяндықтар  және  жеке  спортшылар 
мен  басқа  елдердің  спортшылары  жеңіл  атлетиканың  дамуына 
зор үлесін қосуда. 
1928  жылы  Олимпиада  марапаттары  үшін  сайысқа 
әйелдерде қосылады. Әйелдер жеңіл атлетикасы қарқынды дами 
бастайды.  Әйелдер  жеңіл  атлетика  сайыстарына  бұрын  қатысса 
да, бірақ осы уақыт аралығында жақсы дами бастайды. 
Жеңіл атлетиканың Ресейде дами бастаған кезеңін айтатын 
болсақ,  «Әуесқой  спорт  үйірмесі»  1888  жылы  Петербургтың 
қарамағындағы 
Тярлево 
деген 
жерде 
болған. 
Ұйымдастырушылар алдымен жүгіруді жарнамаласа, одан кейін 
жеңіл  атлетиканың  басқа  түрлерін  үйрететін  бӛлімдерін  де 
ашты.  Бір  жылдан  кейін-ақ  заңды  түрде  жүгіруден  жарыс 
ұйымдастырылды.  Бірақ  бұл  оқиғаға  дейін  Ресейде  жүгіруден 
жарыс ұйымдастырылған болатын.   Англия мен  Америка үлгісі 
бойынша  Мәскеудің,  Петербордың,  Тӛменгі  Жаңақаланың  
саябақтарында,  қоғамдық  бақтарда  кәсіби  желаяқтар  және  сол 
жерге күш сынасуға келген әуесқой спортшылар сайысқа түскен. 
Әсіресе,  ол  жерде  қарапайым  орыстардың  дайындығы  жоқ 
екенін  білетін  шетелдіктер  болған.  1908  жылы  Ресейде  жеңіл 
атлетикадан  елдің  желаяғын  анықтауға,  ал  1913  жылы 
бүкілресейлік Олимпиада жарысы ұйымдастырылады. Ең алғаш 
орыс  спортшылары  Стокгольмде  ӛткізілген  V  Олимпида 
ойындарында ӛнер кӛрсетеді, бірақ ол жарыс сәтсіз болды. 1910 
жылы  Ресейде  алғаш  бірнеше  Петербор  оқу  орындарының 
студенттерінің  қатысуымен  жеңіл  атлетикадан  жарыс  ӛтеді.  
Осы жылы Ресейде әйелдерге арналған алғашқы жарыс ӛтті. 
1917  жылы  революциядан  кейін,  1918  жылы  жарыс 
Мәскеуде  ӛтті.  Әрі  қарай  ресейде  жеңіл  атлетика  дами  түсті, 
оның  себептері:  әскерлер  мен  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеудегі 
негізгі  спорт  түрі  болғандықтан  және  Қызыл  әскер  қатарына 
бару  үшін  осы  спорт  түрін  жақсы  меңгеру  қажет  болды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

26 
 
Кӛптеген  ұлы  спортшылар  сол  уақытта  пайда  болды.    Кеңес 
спортшылары  әлем  біріншіліктерінде  ӛнер  кӛрсетпесе  де, 
олардың нәтиежелерінң кӛбісі еуропа және әлем рекордтарынан 
асып түсті. 
Ең  алғаш  Кеңес  спортшылары  заңды  түрде  1952  жылы 
Олимпиада  ойындары  мен  Еуропа  біріншіліктеріне  қатыса 
бастады.  Сол  жылдан  бастап  Кеңес  спортшылары  сәтті  ӛнер 
кӛрсете бастады. 
Осымен  жеңіл  атлетика  жайлы  шағын  тарихымызды 
аяқтаймыз,  әрі  қарай  жеңіл  атлетиканың    түрлерінің  тарихына 
тоқталатын боламыз. 
Жүгірудің  түрлерін  үйретуді  орта  және  алыс  қашықтыққа 
жүгіру  техникасынан  бастаған  жӛн.  Осы  түрлерде  жылдамдық 
аса  жоғары    болмағанымен,    жүгіру  техникасы  мұқият 
сақталады. 
Жүгіру  техникасы  әр  түрлі  факторларға  байланысты, 
олардың ішінде ең маңыздылары: 
спортшының ерекше бейімі; 
спортшының физикалық дайындығының деңгейі; 
жүгіру қашықтығы; 
жүгіру орындалатын кеңістік; 
жергілікті жердің конфигурациясы; 
ауа райына байланысты. 
Спортшының ерекше белгілері мен бейіміне 1) аяқтың ұзын 
болуы; 2) мықындағы, тізедегі сіңірлердің қозғалу жылдамдығы; 
3)  бұлшық  еттегі  ақ  және  қызыл  еттердің  сапасы,  бұл  дене 
сапасына жылдамдық және күш  жатады. 
Дене  сапасының  дайындығының  дәрежесі  жоғарылаған 
сайын,  жүгіру  техникасы  да  жақсара  түседі.  Уақыт  формасын  
үнемдей біледі. 
Жүгіру  жылдамдығы  бірінші  кезекте  жүгіру  қашықтығына 
байланысты. 
Жарыс ӛтіп жатқан жол жүгіру техникасына әсер етеді. Әр 
түрлі  сапада  жабдықталған  жарыс  орны  жүгіру  техникасына 
ӛзгерістер  енгізеді.  Жергілікті  жерде,  тауда  және  тау  астында 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

27 
 
жүгіруде,  әр  түрлі  бұрылыстарда  жүгіру  техникасының    ӛз 
талаптары  бар.  Тіпті  стадиондағы  тегіс  жолда  жүгіру 
техникасына  үлкен  ӛзгеріс  әкеледі.  Спорт  алаңдарында  жүгіру 
техникасына  бұрылыстарға  және  тӛселген  жабдыққа  аса  назар 
аудару қажет, себебі стадиондар мен спорт кешенінде тӛселетін 
жабдықтарда үлкен айырмашылық бар. 
Ауа  райы  құбылыстары  да  жүгіру  техникасына  ашық 
жерлер  де    әсер  етеді.  Желдің  бағыты    жүгіру  техникасына  бір 
жағынан  пайдалы  болса,  екінші  жағынан  теріс  әсер  етеді. 
Жауын-шашындар, ауа  температурасы,  бұршақ  барлығы  жүгіру 
техникасын бір мезетте ӛзгертіп жібереді. 
Жүгіру  техникасына  әсер  ететін  аталмыш  факторларға  әр 
бір  бӛлімде  тоқталатын  боламыз.  Сонымен  қатар  олар 
спринтерге, 
орта 
қашықтықты 
желаяққа, 
стайерге, 
марафоншыға,  кедергілерден  жүгірушілерге  қалай  әсер  ететінін 
айтамыз. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет