Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі.
Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясына менеджментпен қоса, менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жардайда елеулі айырмашылықтары бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы "негізге алынатын түсініктерге" сүйенеді. Осы айтылғандар менеджментті жеке адамдар арасындары психологиялық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырады, өйткені соңғы айтылрандардың алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды тиісінше (басқару саласындары ұйымдық ілім негізінен) қолдану. Тіпті маман болмағанның өзіндеде, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын -аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқарура және ұйымдастырура байланысты адамдар қызметінің түрі.
Көрнекті американ экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша "Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласындағы жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойындағыдай іс-әрекетімен, басқарумен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. В. Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады?» кітабында былай деп жазады: "Менеджмент - бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамда танытатын да тек басшылар".
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. Кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылар немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.
Жеке кәсіпорыдардың өздерінің құқықтық формаларына қарамастан, тиісті басшылыры болуы керек.
Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті, тауар өндіру немесе қызмет көрсету әрекеттері болуы, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу немесе рынок арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруы. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешілігі, олар өзінің барлық шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижелілігімен негізделеді.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез-келген әрекет, кез-келген шешім, - бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігі және менеджерлердің іс-әрекеттерінің экономикалық табыс-тылығын экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттегі басты нәрсе - менеджердің өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қоюы («алдын-ала мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығынан менеджердің түбегейлі өзгешілігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келіп тағы бір анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Кәспорындағы адамдар өндірістік процестің ең маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құрарда, жаңа инвестицияы жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капитадлы капиталдар рыногынан алуға болады.
Сонымен, менеджмент дегеніміз - ұжым жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет. Сонымен менеджменттің 2 ұғымы бар.
1- ұғым. Менеджмент - бұл басқару, басшылық етуорганы.
2- ұғым. Менеджмент - бұл адамдарды басқару (әрекет).
Топ менеджменті - басқарудың жоғарғы буыны. Жыл сайынғы анықтамалық басқармада бұған директорлар кеңесінің төрағасын, президентті, аға вице-президенттерді, фирмалардың вице-президенттерін, сондай-ақ бақылаушылар мен қазынашыларды жатқызады.
Мутеле менеджменті - өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, завод, директорлары, олардың орынбасарлары т.б. оперативтік жумыстарға, ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіруге және өткізуге, есеп және бақылауды жолға қоюға, кадр саясатын жузеге асыруға жауап береді.
Ловер менеджменті - басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар - цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары, - жұмысшыларға тікелей басшылық етеді.
«Босс» және «менеджер» ұрымдарын бірдей деуге болмайды. Меншік иесі мен басқарушы, бұлар әдетте мүлде бөлек жандар. Басқарушының меншік иесінен өзгешелігі, олар - жұмыскерлерді компанияға адал болуға, әр түрлі әлеуметтік дау дамайды басу, компания мақсатына жету үшін бар ақыл-ой энергиясын жұмылдыра білуі керек.
Менеджер - ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл басқарумен экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да нәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Басқару туралы идеялардың пайда болуы. Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод Ст. кіші-Джорждың (басқару саласының американдык теоретигі) «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. бастап менеджменттің дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып алынды) төмендегідей.
Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған XX ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың көрнекті өкілдері: Фредерик У. Тейлор, Анри файоль, Мэри Р. Фоллет, Макс Вебер, Норберт Винер. Игорь Ансофф, Майкл Портер және т.б.
Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін басқару ойларының негізгі даму бағыттары туралы нақты ұғымға ие болу керек.
Бұл мектеп ең алдымен Ф.Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады (XX ғ. басында). Оның негізгі теориялық ережелері «Управление фабрикой» (1903ж.); «Принципы научного управления» (1911г.); «Показания перед специальной комиссией конгресса» (1912 ж.) еңбектерінде баяндалған.
Кесте 1. Менеджменттің дамуы
Жылдары
|
Жеке тұлға немесе этникалық топ
|
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері
|
Біздің дэуірге дейінгі 5000 ж.
|
Шумерлер
|
Жазу, фактілерді тіркеу
|
4000
|
Мысырлықтар
|
Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойындайды
|
2600
|
Мысырлықтар
|
Басқаруды орталықсыздандыру
|
1100
|
Қытайлар
|
Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшы-лықтың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды
|
400
|
Сократ
|
Менеджмент әмбебаптығының (универ-сальности менеджмента) принциптерін қалыптастырады
|
900
|
Әл-Фараби
|
Басшылыққа талап қояды
|
1832
|
Чарльз Баббедж
|
Ғылыми тәсілдемеге ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылы-ғын мойындайды; еңбекті бөлу, еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндік құндарды есептеу
|
Ол еңбек өнімділігін арттыру кожайынға да, жұмысшыға да мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың да санасын ояту, яғни олардың психикаларына төңкеріс жасау қажет.
Фредерик Уинслоу Тейлор (20.03.1856 - 21.03.1915жж.), көрнекті өнертапқыш, ол өз өмірінде 100-ден аса патент алған. Ол басқару ғылымының негізін қалаушы ретінде аталады. Оның тұжырымдамасында былай деп жазылған: «Менеджмент ғылымының атасы».
Ф. Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуге болады:
тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;
еңбекті ұйымдастырудың ғылыми түрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы;
әкімшілік пен жұмысшыларға жауапкершілікті және еңбекті тең бөліп беру.
Ф. Тейлор әрбір операцияны элементарлы құрамдық бөліктерге бөлшектеудің және жұмсалған уақытты есептеудің көмегімен жұмыстың әлдеқайда озық тәсілдерін анықтаудың мүмкіндіктеріне сенді.
Ф. Тейлор еңбекақы жүйесінің елеулі түрде қайта құрылуына ықпал етті. Ол белгіленген нормалардың орындалуына қарай қатаң дараланған әрі сараланған түрде болды.
Ф. Тейлор шұғылданған жекелеген жұмысшының еңбегін оңтайландыру мәселелерімен қатар еңбекті ұйымдастырудың әлдеқайда жалпы принциптерін эзірлеу қолға алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |