Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
Пән бойынша қажетті әдебиеттер М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кітапханаларында бар. Пәннің әдістемелік қамтамасыз ету картасы 1-кестеде берілген.
Кесте 1
Пәннің әдістемелік қамтамасыз етілуі
№
р/н
|
Оқу құралының, оқулықтың және әдістемелік нұсқаулар атаулары
|
Авторлары
|
Басылым және басылу жылы
|
1
|
«Организация, планирование и управление предприятиями»
|
М.А. Луковицкий.
|
М. Транспорт, 1988
|
2
|
«Единая транспортная система»
|
Н.А.Троицкая, А.Б.Чубуков
|
М. «Академия», 2003
|
3
|
«Управление эксплуатационной работой и качеством перевозок»
|
П.С.Грунтов, Ю.В.Дьяков
|
М., Транспорт 1994
|
4
|
«Технология, организация и планир-ование пассажирских автомобильных перевозок»
|
Гудков В.А.
|
М., Транспорт, 1996
|
5
|
«Грузовые перевозки на автомобильном транспорте»
|
Савин В.И.
|
М., «Сервис и Дело», 2002
|
6
|
«Организация международных воздуш-ных перевозок»
|
Афанасьев В.Г.
|
М., Транспорт
|
7
|
«Основы менеджмента»
|
Радугин А.А.
|
М., «Центр», 1996.
|
8
|
«Экономика эксплуатационной работы в примерах и задачах: Уч.пособие для техн. ж.-д. трансп.
|
Хохлов Н.П., Катаев В.П. и др.;
|
М., Транспорт, 1983
|
9
|
«Организация и планирование грузовых автомобильных перевозок»
|
Александров Л.
|
М., Высшая школа, 1982
|
10
|
«Грузовые перевозки на воздушном транспорте
|
Крючков А.А.
|
М., Транспорт, 1988
|
11
|
«Основы менеджмента»
|
Байгот С.А., Ефимчик Е.Е.
|
- Минск САДИ, 1997
|
Пәннің компоненттеріне қойылатын негізгі талаптар
Пәнді оқыту келесі сабақ түрлерінен тұрады:
лекция;
тәжірибелік сабақ;
консультациялар (кесте бойынша)
1. Әр бір лекцияның алдында оқылатын тақырыпқа байланысты негізгі мәліметтер мен әдістемелік нұсқаулар көрсетілген материалдар таратылады. Лекция өткеннен соң жұмыс бағдарламасындағы негізгі әдебиеттер бойынша берілген барлық материалдарды міндетті түрде оқып шығып, тақырыпқа байланысты дайындалған бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
Сіздің өткен теориялық сабақтарға дайындығыңыз, тақырып бойынша сұрақ-жауап ретінде тексеріліп, балл қойылады.
2. «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәнінен концультациялар кестеге сәйкес немесе білімгерлермен жеке келісім бойынша өткізіледі. Консультация барысында білімгерге түсініксіз сұрақтар, аралық аттестация және білімгерлердің өзіндік жұмыстарын орындау мен қорғау жұмыстары жүргізіледі.
Аралық аттестация – курс бойынша екі аралық аттестация өткізіледі. Аттестация кезінде білімгер өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Аралық аттестация жазбаша түрде немесе ауызша сұхбаттасу түрінде жүргізіледі.
Бақылау жұмыстары - курс бойынша есептеулер беріледі, қорғау кезінде білімгер жұмыстың толық көлемін тапсырма бойынша тапсыруы қажет.
Тәжірибелік сабақ – тәжірибелік сабақтардың тақырыптарын топта қарастырып, келесі сабаққа қорытындылары беріледі. Тәжірибелік сабақтың дәрісі кезінде алған білімді нақты іс жағдайында қолдана білуі қажет. Әрбір сабақта шығарылған есептер бағаланады.
Сабақтағы белсенділік - оқытушы лекциялық және тәжірибелік сабақтарын өту барысында білімгерлердің тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс және белсенді жауап беруін қорытындылауы керек.
Сабаққа қатысу - сабақ кезінде сөйлесуге және сабаққа кешігуге болмайды. Егер білімгер сабаққа ауырып қалуына байланысты қатыспаса, онда білімгерлер емханасынан анықтама алып, оны өзінің деканатына тапсыруы керек. Сабақтан қалған кезде білімгерге айып (штраф) баллы қойылады:
лекцияны қалдырған үшін - 0,5 балл;
тәжірибелік сабақты қалдырғаны үшін - 0,5 балл әр сабақ үшін.
Білімгерлердің жинаған баллы семестр соңында өзгертілмейді және де қосымша балл қосылмайды. Егер де сіздің балыңыз қандай да бір әріптік бағаның шегінде болатын болса, сіз оны алдын-ала жоспарлап, сонымен қатар барлық курс компоненті бойынша балл жинауыңыз қажет. Бағалар стандарт шкаласына сәйкес қойылады.
Жалпы бағалау жүйесі төмендегі 2-кестеде келтірілген.
Кесте 2
Достарыңызбен бөлісу: |