Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі



бет6/33
Дата06.01.2022
өлшемі349 Kb.
#12176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Бақылау сұрақтары:

1 Тұлғалардың түрлерi

2. Құқық қабілеттілік түсінігі 

3.  Перегриндердiң құқықтық жағдайы

4.   Заңды тұлға түсiнiгi

5.   Жеке  құқықта заңды тұлға түснiгi


Дәріс 4. 4-тақырып. Рим отбасы құқығы

Мақсаты: Ежелгі Римдегі отбасы құқығын, соның ішінде агнаттық және когнаттық отбасының түсінігін оқыту.

 Рим құқығы бойынша неке



Қорғаншылық және қамқоршылық. Әкенің билігі
1. Рим отбасын үй егесi (pater familias) басқарды. Бас кезiнде familia деген сөзбен құлдарды үй шаруашылығына кiретiн меншiктi және жұмыс күшiн, әйелдердi, балаларды атады. Pater familias ретiнде тек ғана ерiктi рим азаматы квирит болады. Мемлекет қалыптасқанға дейiн римде қауымдар ру болды. Генс мұшелерiнiң аты гентильдер деп атады. Мемлекет қалыптасқан кезде үйдiң егесi барлығына бiрдей жүретiн билiкке ие болады. Бұл билiктiң аты manus деп аталады. Бiрте-бiрте бұл билiк екiге бұлiндi:

Әйелге билiк -manus  mariti

Балаларға билiк-patria potestas

Үй егесiнiң қарамағында болғандардың арасында агнаттық туысқандық болатын. Мыс: егер қыз тұрмысқа шығып, жаңа отбасыға тұсетiн болса онда ол өзiнiң әкесiмен ағалары және iнiлерiмен агнаттық туысқандықты үзiп, өзiнiң бұрынғы отбасына заңды түрде бүгде болып есептеледi. Ал бiрақ жаңа отбасына түскеннен соң күйеуiнiң агнаттарымен агнаттық туысқандықты орнатады және жаңа отбасы егесiнiң билiгiнде болады. Ежелгi заманда үй егесiнiңбилiгi шексiз болады. Отбасы мүшелерiнiң ешқандай құқықтары болған жоқ. Қоғамдық қатынастар дамыған кезде үй егесiнiң билiгi әлсiредi. Ал отбасы мұшелерiнiң кейбiр құқықтары пайда болды.

Патриархалды негiздердiң әлсiреуi жаңа үндiрiстiк қатынастардың пайда болуына, агнаттық туысқандықтың орнына когнаттық туысқандықтың орнатылуына әкеп соқты.

Когнаттық туысқандық бұл қандық туысқандық. Уақыт өте келе рим қоғамында тек когнаттық туысқандық болды.



2. Отбасы некеден туындайды. Рим заңгерi Модестиннiң айтуы бойынша: ерi мен әйелдiң бар өмiрiн бiрлесiп, құдайлық және адамдық құқықтарын ортақтасып құрған одағы. Алайда рим қоғамында әйелдiң құқықғы ер адамның құқығымен теңелмеген. Рим құқығында некенiң екi тұрi болған:

1 Cum manu maritti ( Билiктi неке) - бұл неке бойынша әйел күйеуiнiң билiгiнде немесе кұйеуiнiң үйiнiң егесiнiң билiгiнде болады

2 Sine manu (Билiгi жоқ неке) - бұл неке бойынша әйел бұрынғы өзiнiң үйiнiң егесiне бағынатын немесе дара тұлға ретiнде қалатын.

Рим қоғамында конкубинат болған. Конкубинат әйел мен ердiң тұрақты бiрге тұруы, бiрақ заңды некедегiдей мiндеттерге ие болмайды.

Некеге тұрудың шарттары:

Некеге тұрушылардың келiсiмдерi егер, олар үй егесiнiң билiгiнде болса, онда үй егесiнiң келiсiмi ;

Неке жасына толу ерлерге 14, әйелдерге-12 жас;

Некеге тұрушылардың екеуiнде де ius canubii-дiң болуы;

Некеге тұрушылардың бiреуiнiң басқа некеде тұратын болса және туысқандар арасында некеге жол берiлмейдi

Рим некесiнiң тоқтатылуы:

Егер жұбайының бiреуi қайтыс болса;

Жұбайлардың бiреуiнiң бостандықтан айырылуы;

Егер ажырасатын болса.

Cum manu mariti - некесiнде әйелi балалармен бiрге күйеуiнiң билiгiнде болған.  Sine manu некесiнде әйел өзiнiң әкесiнiң билiгiнде қалатын, ал егер некеге дейiн дара тұлға болса онда ол некеде де дара тұлға болып қала бередi.

Cum manu - әйелдiң мүлкi түгелдей күйеуiнiң мүлкiнiң құрамына кiретiн. Егер неке тоқтатылатын болса, әйелге оның мүлкi қайтарылып берiлмейтiн.

Sine manu некесiнде жұбайлардың мүлiктерi бөлек болатын. Әйелдiң некеде тұрған кезде алған затының барлығы оның мүлкiне кiретiн. Рим құқығы бойынша қыздар тұрмысқа шығатын болса, олардың артынан жасау келетiн. Жасаудың орны ерекше болатын. Жасауды кұйеуге беретiн. Жасауды әйелдiң отбасы беретiн. Егер әйел дара тұлға балатын болса, онда жасауды  өзi беретiн.

Ерте республикалық кезеңде жасауды реттейтiн нормалар болған жоқ. Б.э.д. 2-ғасырда жасау туралы әйел мен кұйеудiң ауызша келiсiмi жасайтын. Бұл келiсiм бойынша егер неке тоқтатылатын болса кұйеу жасауды қайтаруға мiндеттi. Классикалық кезеңде осындай мүлiктi арнайы заңдар реттейтiн.

Августың заңы бойынша жасаудан күйеуге жер учаскесiн рұқсатсыз сатуға тыйым салынады. Неке тоқтатылтса жасау қайтарылып берiледi. Осындай мүлiкке байланысты римде талаптар болған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет