II. Сынып жетекшісі Сынып жетекшісі дегеніміз – сыныптағы оқушылардың тілектері мен талап мүдделерін, жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттей білетін тұлға.
2.1. Сынып жетекшісі туралы мәлімет Аты- жөні: Тынысова Зәуреш Игембайқызы
Туған жылы, жері: 1963 жыл Жаңаарқа ауданы
Санаты: жоғары
Еңбек өтілі: 36 жыл
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 11 – сынып жетекшісі
Иеленген атақтары: «Жыл мұғалімі- 2022»
«Жаңашыл ұстаз-2021»
Аты- жөні:Жолдыбай Гүлназ
Оқу орны: Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиетін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2-курс студенті
Педагогикалық практика өткізген маман: 2.2. Сынып жетекшісінің міндеттері мен қызметі Міндеттері: Оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлексі жатады.
Оқушының жеке дамуын бақылау, оның өрісін дамып, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау.
Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
Оқушыларды қоғамдық қатынастарға жеке дара, топтық әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
Оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу.
Оқушылардың дамуындағы жеке мінез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету.
Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау.
Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орнату.
Үнемі практикада педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін жетілдіру.
Қызметі: I. Күнделікті атқаратын қызметі 1. Сабаққа кешігіп келген, немесе сабаққа келмей қалған оқушының себебін анықтау;
2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
3. Сыныпта кезекшілік ұйымдастыру;
4. Оқушылармен жеке-дара жұмыс.