Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы



бет6/8
Дата11.12.2023
өлшемі1,98 Mb.
#137243
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Практика

Елтаңба Байрақ Әнұран Ел Бай Ән Таңба ай Ұра Таң қар Ұн Аң ар нан
4-бөлім. «Кім зерек?» тапсырмасы.
Мұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба) 2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту) 3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран) 4. ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді? Мемлекеттік Ту ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай - ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі 5. Өскемен қаласына барғанда қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер? 6. Біздің ауылымызда ше?
5-бөлім. Білімдінің көзі ашық.
– ҚР тәуелсіз мемлекет пе? – Еліміздің бас қаласы – ҚР президенті – ҚР туының авторы – ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы. – Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. – Еліміздің көрікті жерлері – Отан туралы өлең – Отан туралы мақал-мәтел - ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. Нешінші бабында? 9 бап. - Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта? 34 бап Мұғалім. - Қазір бәріміз орнымыздан тұрып біздің еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындайық.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
 Бірге:
«Көздің қарашығындай сақтауға: - Құрметтеуге: - Мақтанышпен қорғауға: - Тұмардай сақтауға: - Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз: Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет