Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 2. Мұғалім кіріспесі. 3. Рәміздер туралы топтық жұмыс. 4. Қорытынды.
Кіріспе бөлім: Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Кім жылдам? ойыны: Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік: 1. Отан отбасынан (басталады) 2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің) 3. Отан - елдің анасы, (Ел - ердің анасы) 4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас). 5. Отанды сүю- (отбасынан басталады) 6. Отан оттан да (ыстық) 7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл) 8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес) 9. Ел іші - (алтын бесік) 10. Тіл- тәуелсіздік (тірегі) Отан – жерім, Отан - суым, Отан қуат, нәр береді.. Отан - ұран, Отан - туым Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.» Н.Ә.Назарбаев. Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және «Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.