Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет113/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   167
Компьютерлік сырқат белгілері
Бұл кестеде жыл сайын көру қабілеті төмен балалардың саны көбеюде. Және де, 584 оқушының 16-сы сколиоз (омыртқаның қисаюы), 35-і тыныс алу жолдарымен ауратыны белгілі болды. (Алматы қаласының статистикасы)



Сонымен компьютермен жұмыс істегендегі көздің қызметі басқа жұмыстардан – оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Оған организмге статистикалық күш түсіретін және қимылды азайтатын олардың тұрақты отырып істеуін қоссақ, өскелең балаға оның дамуын тежейтін біраз қиындық туындайтыны белгілі шығар.


Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нашарлауы. 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы.
Көздің барлық көру қабілеті белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, компьютерлік көру қабілетінің синдромдары уақытша рефракцияның нашарлауына немесе күшеюіне, қарама-қарсылық сезімталдығының, сезіну қабілетінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Жалпы, бейне монитордың, жазу столының, отыратын орындықтың, тағы да басқаларының орналастырылуы дұрыс болуға тиісті. Орындықтың биіктігін, арқалығының дұрыс тұруын, клавиатураның тұрған орнын, дисплейдің көлемін, экранмен арақашықтықта жұмыс істейтін адамның өзіне ыңғайластырып қойғаны абзал.
Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда дисплей өте жоғары тұрады, жүйелік блоктың үстіне қойылады. Соның салдарынан, басты үнемі көтеріп отыруға тура келеді де, мойын омыртқа тұсы ауыратын болады. Жарыққа да мән берген жөн. Мамандар бөлмеге жарықтың 300-500 люкс шамасында біркелкі түсуіне ақыл-кеңес береді. Негізінен, жарықтың қапталдан түскені қолайлы және бөлменің төбесі қабырғасына қарағанда ашық, ақ болуы шарт.
Монитор мен клавиатураның зияны
Компьютерден шығатын электромагниттік сәуленің адам ағзасына зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып келеді. Алайда бұл барлық компьютерлерге тән емес. Қазіргі компьютерлерге қарағанда ертеректе шыққандары қауіпті. Олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен. Кейінгі жылдары шығарылған компьютерлер өз құрылысына қарай үш түрге бөлініп келді: «ақ», «сары», «қызыл» болып. «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылғаны. Олар сапалы да қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Азия елдерінде (Гонконг, Тайвань) жасалынғаны.
Сапасы өте жоғары емес. «Қызыл» құрылысты компьютерлер өзіміздің шеберлердің құрастырғандары. Зиянды сәулені көбірек бөлетіні де осылар. Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапозаннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.
Компьютер әсерінен қолданушылардың көру қабілеті төмендеуімен қатар, дәрігелер тағы бірнеше синдромдарды анықтайды. Яғни, ол синдромдар ЭЕМ (ЭВМ) қолданушыларда кездеседі. Олардың бірі ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері қол, мойын, белдегі ауру болып табылады. Ыңғайсыз жұмыс қалпы кезінде дененің барлық бұлшық еттерінің ұзақ жиырылуы жағдайы байқалады. Бұлшық ет ұлпасының дем алуға мүмкіндігі болмағандықтан, олардың қан айналымы төмендеп, зат алмасуы бұзылып, өнімнің түсуі көбейеді. Нәтижесінде бұлшық ет үнемі шаршау жағдайында болады және ақырында әлсірейді. Бұл белдің қисаюына және қаңқаның басқадай өзгеруіне, бұлшық ет ұлпасының өсуіне әкелуі мүмкін.
Басқа синдром бел тунельдің немесе бел каналының синдромы деп аталады. Бұның пайда болуы қол бұлшық ет сіңірлері орталық жүйке жүйесінің әсер етуімен саусақтардың ұзақ ыңғайсыз бүгілуі клавиатурамен жұмыс істеумен байланысты. Ыңғайсыз жағдайда алақан сүйектері көп қайталанатын іс әрекеттер кезінде сіңірлер білезік сүйектері мен байламдарға қажалады. Нәтижесінде жүйке мен сіңірдің қысылуы қатты жетіспеуі дамиды. Аурудың алғашқы белгілеріне: компьютерде жұмысты аяқтағаннан бірнеше сағаттан кейін ғана дірілдеу, қышыну, саусақтардың ұйюы пайда болады. Қолда ақырында ұйып, ауырсыну және ауырлау белгілері қосылады. Білезік тунельдік синдромы ауыр түрінде адамның еңбек қабілетін ауруды хирургиялық жолмен емдеуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет