Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет141/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

9.17. Шаңның жалпы әсері


Кәсіптік аурулардың туындауына әсер ететін егізгі факторлардың бірі- шаң болып саналады. Шаң көптеген өндірістік процесс кезіде пайда болады: майдалау, тегістеу, егеу, елеу, бөлу, электродәнекерлеу, әр түрлі жару жұмыстары және шаң шығаратын материалдарды тасымалдау кезінде. Шахталарда, кен өндіретін жерлерде және бірқатар ауылшаруашылығы жұмыстары кезінде сол жердің аумағыында қатты шаңдану байқалады. Шаңның көп концентрациясы жұмысы нашар ұйымдастырылған өндірістерде және алдын алу шаралары орындалмаған жағдайларда болады. Шаңның адам ағзасына әсері оның химиялық құрамына, ауаның шаңдану дәрежесіне, шаң бөлшектерінің өлшемдеріне және пішініне байланысты. Шаңдану дәрежесі дегеніміз 1м3 ауадағы шаңның мг-мен анықталған мөлшері. Ауасы таза жердегі шаңның мөлшері 0,1 мг/м3-тан аз болу қажет.


Ауаның шаңдануы жоғары болған сайын, оның адам ағзасына әсері де өседі. Шаңның көлемі оның ауада қалқып жүру ұзақтығына және тыныс алу жолдарына ену тереңдігіне әсер етеді. Диаметрі 10 мкм ірі шаңдар ауада тез тұнады. Олар жоғарғы тыныс алу жолдарына шөгіп, сол жердің шырышты қабығына әсер етеді. Олар шырышпен суланып, адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауаға шығарылады. Құрамында шаңы бар шырыштың кейбір бөліктері жұтынған кезде ағзаға түсуі мүмкін. Егер шаң ұүрамында улы заттар болса, асқорыту жүйесінің шырышты қабығы арқылы сіңіп, ол ағзаға токсикалық әсер етеді.


9.18. Шаңнан туындайтын аурулар


Ірі шаңдар өкпенің альвеолаларына жетпейді, өйткені олар жоғары тыныс алу жолдарында ұсталып қалады. Көлемі 10 мкм-ден аз шаңдар ауада ұзақ уақыт қалқып жүреді, олар тыныс алу жолдары арқылы өкпенің терең жерлеріне барып шөгеді де, пневмокониоз ауруын туындатуы мүмкін. Оның негізіне өкпе фиброзы және сонымен байланысты өзгерістер жатады.
Шаңның түріне, этиологиялық ерекшеліктеріне , патогенезі және клиникасына байланысты пневмокониоздар былай бөлінеді: силикоз, силикатоз, антракоз, аралас шаң түрінен пайда болған пневмокониоздар (антокосиликоз, сидеросиликоз, және т.б) және басқа да пневмокониоздар (алюминоз, апатитоз және т.б).
Пневмокониоздардың ішінде ең қауіптісі силикоз болып саналады. Ол құрамында фиброгендік қасиеті жоғары бос кремний қос тотығы бар кварцты шаңдармен тыныс алған кезде (тау кен өндірісінде және тастардың бетін тегістеу кезінде) пайда болады.
Силикоздың патогенезі әлі толық анықталмаған. Көптеген ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей шаң өкпе ұлпасына енген кезде спецификалық өзгерістен басқа, иммунологиялық реакция да береді.
Оның біріншілеріне шаңның кониофагтары мен фагоцитозы жатады. Ол жойылып жатқан кониофагтардан фиброгенді әсері бар заттардың бөлініп шығуымен сипатталады. Бұл антигенді белсенді заттар кониофагтарда кварц пен ақуыздар әсерлесуінен пайда болады. Антигендердің үздіксіз пайда болуы жалғағыш ұлпалардың физиологиялық жүйесін тітіркендіріп, жалғағыш ұлпалардың жасушаларының элементтерінің пролиферациясы фиброгенездің күшеюіне әкеліп соғады.
Силикоздар патологиялық көрінісіне байланысты былай бөлінеді : түйін тәріздес, диффузды-склеротикалық , интерстициалды және аралас. Силикоз созылмалы ауру, оның дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ауру бірнеше жыл бойы дамуы мүмкін. Силикоздар силикат шаңдарымен тыныс алған кезде пайда болады. Силикат шаңдары кремний қышқылының темір тотықтары мен қосылыстарынан пайда болады. Силикат шаңы асбест, тальк, нефелин, шыны талшықтары, қалдықтардан пайда болады. Силикатоздың клиникалық белгілері әр түрлі: диагноз қойғанда шешуші рөлді рентгенография алады. Силикатоздың ең ауыр түріне асбестоз жатады, оның 7-15 –ы бронхогенді өкпе ісігімен аяқталады.
Антракоз жай дамиды (15-20 жыл ), көбіне ол шахтерлерде кездеседі. Процестің дамуы көмірдің құрамындағы кремнезем қоспасының болуына байланысты. Сондықтан шахтерлерде көбіне пневмокониоздың аралас түрі – антрокосиликоз кездеседі.
Пневмокониоздың пайда болуының негізгі себебі: көлемі 0,1-5 мкм өндірістік шаңмен ұзақ уақыт бойы тыныс алу болып саналады. Ауызбен тыныс алған кезде немесе ауыр дене жұмысын атқарған кезде адам терең тыныс алады. Осы кезде өкпеге шаңның өте көп мөлшері енеді. Диаметрі 10 мкм көлемі үлкен қатты шаң бөлшектері, егер олардың шеттері өткір немесе тегіс болмаса (шыны, кварц, темірдің шаңы ) жоғары тынысы алу жолдарының шырышты қабығын жұмсақ шаңдарға (бор, көмір ) қарағанда көбірек зақымдайды. Майда шаңдардың пішіні патологияда маңызды емес болып саналады. Шаңның электрлік қасиеті де маңызды рөл атқарады.
Өндірістік шаңның химиялық құрамы әр түрлі болады, ол көп жағдайларда шаңның сипатын анықтайды. Шаңның әсерінен туындайтын ерекше емес (спецификалық емес ) аурулары өте көп. Мысалы, шаң адамның көзіне түсіп, көздің шырышты қабығын тітіркендіреді. Оған микроорганизмдер әсері де қосылуы мүмкін, соның салдарынан коньюктивит және кератит аурулары туындауы мүмкін. Фторлы, хромды, әкті және шаңның басқа да түрлері мұрынның шырышты қабығында ұсталып, ол жерде пайда болуы мүмкін.
Шаңның жоғарғы тыныс алу жолдарында ұзақ әсерінен ең лдымен гипертрофикалық қатар (ринит, трахеит, бронхит ) болады, содан кейін ол атрофикалық түрге өтеді.
Санитарлық-статистикалық зерттеулер көрсеткендей, жұмысы өндірістік шаңмен байланысты адамдар арасында пневмония және туберкулез ауруы басқаларға қарағанда жиі кездеседі. Шаң терінің май бездері және тердің жолдарын бекітіп, теріде фолликулит,безеу және терінің әр түрлі іріңді жараларын тудырады. Ағаш, ұн, бидай, мақта, жүн шаңдары аллергенді қасиеттерімен ағзада коньюктивит,ринит, дерматит,экзема және ентікпе ұстамасын туындатады. Құрамында улы заттары бар шаңдар ағзада улану туындатады. Құрамында радионуклидтер қоспасы бар шаңдар ағзада сәулелену ауруын және өкпе ісігін туындатады. Құрамында жұқпалы ауру қоздырғыштары бар шаңдар ағзада туберкулез, сібір жарасы, актиномикоз ауруларын туындатады. Сондықтан шаңмен күрес және «шаң» патологиясымен күрес еңбек гигиенасының алдына қойған маңызды мақсаттарының бірі болып саналады.
Гигиеналық нормативтер бойынша өндірістік цехтардың ауасының құрамындағы токсикалық емес шаңдардың мөлшері 10 мг/м3 –тан көп болмауы керек. Егер шаңның құрамында бос кремний қышқылының мөлшері 10-ға дейін болса, оның шектеулі рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) 4 мн/м3 , егер 70 –ға дейін болса -2мг/м3, ал 70 –дан көп болса -1мг/м3 –тен аспауы керек.
Көптеген өндірістерде шаңды жою немесе азайту үшін өндірістік технологияны өзгерту қажет. Мысалы, өндірістегі құрғақ әдістерді сулы әдістермен алмастыру, шахталармен кен өндіру орындарында бұрғылау жұмыстары кезінде және тастардың бетін тегістеу кезінде шаң бөлуді азайту үшін сулы әдістер қолдану. Сулы әдістер қолдану өндірісте шаңның мөлшерін 10-50 рет төмендетеді. Технологиялық процесі шаңның шығуымен байланысты жұмыстар және шаң шығаратын материалдарды тасымалдау жұмыстары мүмкіндігінше механизацияланып, герматизациялануы қажет. Ол үшін шаң шығатын жерлерді қаптамалармен қаптап, оларды ауа сору вентиляциясына қосады.
Шаңның көп мөлшері өндірістік цехтардың еденіне тұнады. Сондықтан цехтарда үнемі ылғалды жинау жұмыстары жүргізіліп, едендегі шаңды шаңсорғышпен тазалау керек.
Егер жоғарыда айтылған шаралар тиімді болмаса немесе оларды өндірісте қолдану мүмкін болмаса, онда жеке сақтандыру құралдарын қолдану керек. Көзді сақтандыру үшін шаңнан қорғайтын көзілдіріктер қолдану, тыныс алу жолдарын қорғау үшін – шаңнан қорғайтын респираторлар немесе дәке мен мақтадан жасалған маска қолдану, арнайы киімдер қолдану және егер шаң теріге тітіркендіргіш әсер ететін болса іш киімдерді жиі жуу. Ондай жұмыс істейтін адамдар жұмыс соңында себіл қабылдау керек.
Профилактикалық шараларға жұмыс соңында сілтілі ерітінді аэрозольімен ингаляция жасау, профилактикалық ультракүлгін сәулелендіру жатады. Бұл ем – шаралар өндірістік мекеменің денсаулық сақтау бекетінде (здравпунктында ) орналасқан ингаляториялда немесе фотарийлерде жүргізіледі. Шаңның зиянды әсері бар жерлерде жұмыс істейтін адамдар жүйелі түрде мерзімдік медициналық тексеруден өту керек. Аурудың бастапқы кезеңін анықтау үшін өкпе рентгенографиясы немесе флюрографиясы міндетті түрде жасалу керек.
Жоғары тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларымен ауыратын адамдарды өндірістік процесс кезінде шаң бөліп шығаратын жерлерде жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Себебі олардың бұрынғы аурулары асқынып кетуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет