Көмірсулар тамақтағы маңызды қуатты компоненттер.
Химиялық құрамы жөнінен оларды әдетте қант пен
полисахаридтерге бөледі. Полисахаридтерге гемицеллюлоза,
крахмал, инсулин, гликоген, целлюлоза, некрин заттары,
декстрандармен мен декстриндер жатады.
Адам ағзасына сіңімділігі тұрғысынан көмірсуларды шартты
түрде екі топқа бөлуге болады:
- Біріншісі - адамның ас қорыту жолында сіңірілетін;
- екіншісі - сіңірілмейтін көмірсулар деп бөлінеді.
Көмірсулардың сіңірілуі адамның асқазан-ішек жолында
белгілі бір ферменттердің болуына байланысты. Бәрінен оңай
сіңірілетіні - фруктоза, глюкоза, сахароза, сондай-ақ мальтоза мен
лактоза. Крахмалдар мен декстриндер біршама баяу сіңіріледі,
өйткені олар алдымен қарапайым қанттарға дейін ыдырауы тиіс.
Қарапайым қанттардың ішінде сахарозаның негізгі қоректік
мәні бар. Пектин біршама көп мөлшерде көкөністе (0,4-0,6 %),
жемісте (алмада 1%-ға дейін, цитрус жемістерінде 30 %-ға дейін)
және жидектерде 1 %-ға дейін болады. Дене күшін көп
жұмсамайтын ересек адамға күніне 365-400 г көмірсу сіңімді,
соның ішінде 50-100 г (одан көп емес) қарапайым қант тұтынуы
керек деп есептеледі. Тамақта көмірсулардың сіңімділігі үнемі көп
болуынан бірқатар аурулар тудыруы мүмкін. Олардың ең
біріншісі: семіру. Өз кезегінде ол диабет пен атеросклероздың
өршуіне себепші болады. Сіңірілетін полисахаридтердің ішінде
тамақта крахмалдың маңызы зор.
Тұтынылған көмірсулардың әдетте 80 %-ға дейіні крахмал
үлесіне тиеді. Крахмал бәрінен де гөрі жармалар мен
макарондарда (55-70%), бұршақ дәмдісінде (40-45%), нанда (30-
40%), картопта (16%) көп.
Енді сіңірілмейтін көмірсуларға келсек. Оларға ең алдымен
целлюлоза жатады. Ол едәуір мөлшерде бұршақ дәндерінде (3,7-
5%), астықта (2,3%), ірі тартылған ұн нанында (2%) болады.
Таза целлюлозаның химиялық анықтамасы біршама күрделі.
Сондықтан да әдетте қарапайым әдістер қолданылады. Олар
арқылы целлюлозаға қоса лигниннің бір бөлігі мен гемицеллюлоза
анықталады. Бұл заттар өзек (клечатка) деп аталатыны - сияқты,
оны да ағза сіңірмейді.