Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет39/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   167
Минералды заттар - алмастырылмайтын тағам
компоненттеріне жатады, ағзада жүріп жататын биохимиялық
құбылыстарға қатысады. Ақуыз және көмірсу тасымалдануында
минералды заттар маңызды роль атқарады. Тұз-су алмасу қалыпты
жағдайын қамтамасыз етеді. Ересек адамдардың минералды
заттарға тәуліктік қажеттілігі (3 кесте). Тұздық аштықта
денсаулықтың бұзылулары байқалады. ОНЖ-ң жұмысының
бұзылуы натрий жетіспеушілігінде, фосфор, бром, жоқ болған
кезде дамиды.
Натрий, кальций, хром асқорыту жүйе бездерінің қызметінің
бұзылуының әсерін кемітеді. Иод жетіспеушілігінен қалқанша без
қызметі бұзылып, зоб ауруына алып келеді. Фосфор мен магний
көп немесе май және майда еритін дәрумендердің аз болуы
кальцийдің сіңірілуін төмендетеді. Бұдан кейін балаларда
сүйектену құбылысы төмендейді де мешел (рахит) ауруы, ал
ересектерде остеопороз дамиды.


11 -кесте
Тағам рационында кейбір дәрумендердің жетіспеушілігінде
дамитын аурулар.


Дәрумендер Дәруменнің болмауы, жетіспеушілігінің
көріністері.
В1 (тиамин) Полиневриттер,
миокардиодистрофиялар, психикалық
өзгерістері
В2 (рибофлавин) Арибофлавиноздар, гипохромды
анемиялар, конъюнктивиттер,
стоматиттер.
РР не В5 (никотинамид) Пеллагра, дерматиттер, диареялар,
деменция.
В6 (пиридоксин) Дерматиттер, жүйке жүйесінің
зақымдалуы, анорексия, гипохромды
анемиялар.
Фолий қышқылы Анемиялар.
В12 (цианокобаламин) Пернициозды анемия.
С (аскорбин қышқылы) Скорбут, гемартроздар, қан құйылу,
цинга.
Р (флавин, катехиндер) Капиллярлар өзгеруі
А (ретинол) Ксерофтальмия, гемерлопия, көру
қызметінің бұзылуы.
Д (эргокальциферол) Рахит, остеопороз.
Е (токоферолдар) Бұлшық еттік дистрофия, көбею
қызметінің бұзылуы.
К (филохинондар) Қанның ұюының бұзылуы,
геморрагиялық синдром.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет