тропосфера бөлігі дейміз. Оның қалындығы 10-12 км орташа
ендікте, 7-10 км қиыр шетте, 16-18 км жер ортасы экваторда.
Атмосфераның тропосфера қабатынан соң стратосфера (40-
45км), мезосфера (20км), термосфера (90-100км), экзосфера. Тропосфера қабатында ауаның тік конвекциялық
толқындарының ағымы байқалады. Бұл қабатта ауаның химиялық
құрамы өзінің біршама тұрақтылығымен ерекшелінеді.
Ал ауаның температурасы, ылғалдылығы және қысымы тез
өзгеріп тұрады. Себебі, күн сәулесі жерді қыздырады, оның қызуы
ауаға өтеді, температура көтеріледі. Жер бетінен алыстаған сайын
әрбір 100 м қашықтықта ауа қызуы 0,65°С төмендеп отырады.
Жер бетінде болып жататын барлық құбылыстар
тропосфераға әсер етеді. Сондықтан ауада шаң-тозаң, күйе-түтін,
түрлі улы заттардың буы, микроағзалар және т.б. қоспалар
кездеседі.
Атмосфераның радиобелсенді қасиетке ие болуы жерде
радиобелсенді заттардың әсерінен туындайды. Радиобелсенді газ-
радон, актинон, торон-жердегі радий, актиний және торий
элементтерінің ыдырауынан пайда болады.
Бұлардың жерден шығуы жер мен атмосфераның арасындағы
газ бен ауаның алмасуының арқасы, бұл табиғи құбылыс. Ал енді
осыған не әсер етеді десек, біз ауаның физикалық қасиеттерін еске
түсіреміз. Мысалы, ауа қысымы мен ылғалдылығы артса жерден
газдың бөлінуі азаяды. Ал температура мен ауа толқынының
конвекциялық қозғалысы артса, онда көбейеді. Сондықтан қыс
мезгіліңде жаз уақытымен салыстырғанда атмосфераның
радиобелсенділігі аз болып келеді.Атмосфералық ауада радон, торон және актинон газдарынан басқа табиғи тритий, көміртегі, аргондар бар.
Булар да газдар, олар азот, сутегі және оттегі атомдарына
космос сәулесінің әсер етуінен пайда болады. Мұндай жайттарға
ағза эволюциялық жолмен бейімделген. Адам денсаулығына
зиянды болып келетіні жасанды радиобелсенді заттардың сыртқы
ортаға тарауы.