Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен
таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
3) білім алушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни
ойлауын дамыту үшін терминологиялық аппарат қалыптастыру;
4) бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу
дағдыларын дамыту;
5) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы
шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
6) білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды
көзқарас қалыптастыру;
7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет
мұраларының мағынасын, көркем еңбектің рөлін түсіндіру;
8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау,
сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық,
коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді
өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың
моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және
қабылдауын дамыту.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған,
онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан
тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде
ұйымдастыру қарастырылған.
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе
дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық»,
«ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне,
Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып
қалыптасуына негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: