Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Спирт алу үшін қолданылатын шикізаттарды қабылдау және жайғастыру



Pdf көрінісі
бет122/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Спирт алу үшін қолданылатын шикізаттарды қабылдау және жайғастыру
 
Картопты қабылдау. Жаңа алынған картоптың негізгі көрсеткіштері стандарт талабы 
бойынша анықталады. Түйнегі бүтін, құрғақ, таза, өнбеген, ауырусыз, ьабиғи түсті, 14% кем 
емес крахмал сақталуы тиіс. Сулы және құрғақ шірігі бар, үсіген, буланған, бөтен иісі бар 
картоп қабылданбайды. Картоптың 95% спирт зауыттарына автокөлік арқылы, қалғаны 
ашық және жабық вагондарда темір жол арқылы жеткізіледі. Бірден өңдеуге жататын 
картопты айналмалы қоймаларға рештактарға түсіреді, ал ұзақ сақтауға арналғандарын 
үймемемн далада сақтайды. Рештак төртбұрыш түрдегі темірбетонды ұзын, ашық шанақ, 
түбі екі жағынан 45
0
С бұрышта ортасына қарай еңкейген, онда картопты гидравликалық 
тасымалдауға арналған науа орналасқан.
Астықты қабылдау. Уыт дайындау үшін сапасы жоғары қара бидай, тары, арпа 
қолданылады. Арпаның түсі ашық сары, сұлы тары-сары, қызыл, ақ, сұрғылт, қара бидай-
сары, жасыл болу керек.Иісі астфққа сәйкес болу керек. Бұзылған астық өндіріске 
жіберілмейді.
Шикізаттарды тазалау 
Картопты қоспалардан тазалау . Картопты тасымалдау кезінде оны топырақ, сабан, 
тас және металды заттар (шеге, гайка, сымтемірлердің бөлігі) және басқаларынан сақтайды. 
Өйткені қоспалар жабдықты ластап, тез оны тоздырады. Картопты зауытқа алып келгеннен 
кейін гидротранспортер қабылдағышына жібереді.Гидротасымалдауыш -бұл жуу жағында 
1 метрге 8-10мм көлбеулігі бар науа. 1т.картопқа орташа алғанда 6-8м
2
су қажет. 
Тасымалдау кезінде крахмал шығыны болмау үшін су температурасы 30
0
С жоғары болмауы 
керек. Картоптың гидротасымалдауышта аз бөлігі ғана тазарады сондықтан спирт 
өндірісінде картопты арнайы жуғыш аппараттарда жуады.  
Астықты қоспалардан тазарту. Дәнді дақылдарды шаңнан, топырақ, тастан, 
металды және т.б. қоспалардан тазалайды. Ауалы-електі сепараторларда тазаланады. 
Металды қоспалардан тазарту магнитті епараторда жүргізіледі. Елек арқылы дәннен 
қалыңдығы мен ені бойынша айырмашылығы бар қоспаларды тазалауға болады. Ал негізгі 
дақылдан ұзындығы бойынша айырмашылығы бар қоспаларды триерлерде бөледі. Қолдану 


мақсатына қарай триерлер екі түрге бөлінеді: қарамықша бөлгіштер дақылдан бөлінген дән 
және домалақ қоспаларды тазалауға арналған: қара сұлы бөлгіштер –негізгі дақылдан ұзын 
қоспаларды тазалауға арналған. Уыт өндіруде цилиндрлі триерлер қолданылады.
Уыт өндірісінде дәнді дақылдарды (тарыдан басқа) сұрыптағыш машиналарда –
илиндрлік барабанда тартылған металды торларда 3 сұрыпқа бөледі, І және ІІ сұрыптар уыт 
алу үшін, ІІІ сұрыпты қайнатуға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет