Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Қант қызылшасын қатырылған күйде сақтау



Pdf көрінісі
бет120/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Қант қызылшасын қатырылған күйде сақтау 
Салқын климатты аудандарда қыстағы суықты пайдаланып қатыру жолмен 
тамыртүйнекті сақтайды. Жақсы қатырылған тамыртүйнектер құрамындағы қантты 
жоғалтпайды. 
Қатырылған қызылшаны қалыпты сақтау биохимиялық процестерді тоқтататын 
барлық жасушалардың толық қатуымен жүлгізіледі. Тамыртүйнектердің жұқа қабатындағы 
қату - 15 – 18°С температурада 15 – 20 сағ. бойы жүреді. 


Қант 
қызылшасы 
массасының 
тамырын белсенді желдету арқылы да 
қатыруға болады. Когаттарға 3-4 тәулік 
бойы 
желдеткіштер 
көмегімен 
атмосфералық аязды ауа беріп отырады. 
Қызылшаның еруі ( - 3... – 3,5°С) 
сахароза инверттелуін күшейтеді және 
тамырдың 
тургорларын 
жояды. 
Сондықтан 
қатырылған 
қызылшада 
температураны - 7... – 8°С асырмай ұстау 
керек. 
Қатырылыған 
қызылшаны 
сақтаудың негізгі кезеңінде температура - 
14... -16°С аспауы керек. Ұзақ сақтау үшін сабанмен, нығыздалған қамен, опилкамен және 
басқада оқшаулағыш материалдармен қаптайды. 
Қазақстандағы қант қызылшасынан алынатын қант өнеркәсібі 
 
Қазақстандағы қант өнеркәсібі жақсы дамыған. Ол — тамақ өнеркәсібінің қант 
қызылшасы мен қант қамысынан құмшекер және одан шақпақ қант өндіретін саласы. 
Сонымен бірге қант өнеркәсібі жемдік сірне және құрғақ қызылша сығындысын шығарады. 
Қазақстанда алғаш 1933 жылы Меркеде, 1934 жылы Талдықорғанда қант зауыттары 
іске қосылды. 1936 жылы қызылша өңдейтін Тараз қант зауыты салынды. 1942 жылы 
Алматы қант зауыты пайдалануға берілді. 1947 жылы Қарабұлақ қант зауыты, 1963 жылы 
Шу қант зауыты салынып, өнім шығара бастады. Қазақстанда Ақсу, Шу қант зауыты және 
Жамбыл, Қарабұлақ, Мерке қант комбинаттарының өнімдері жоғары сапалы болып 
есептеледі. 
Қант өндірісі — қант қызылшасынан және қант қамысынан қант өндіруге арналған 
техникалық процестер. Бұл процесс қант қызылшасын тазалаудан басталады. Қант 
қызылшасын тазалаған соң, өлшейді. Содан соң турағыш аппаратта жаңқалап туралады да, 
шырын бөлгіш ыдыстар диффузорларда ыстық сумен қанты ерітіледі. Бұдан алынған 
шырынның құрамында қанттан өзге де қоспалар болатындықтан, оның түсі қоңыркай 


келеді. Оны тазалау үшін қыздырғышта бумен қыздырып, үстіне әк (кальций гидроксиді) 
ерітіндісін қосады. Кальций гидроксиді шырын құрамындағы органикалық қышқылдармен 
әрекеттесіп, тұнба түзеді. Ал сахароза кальций гидроксидімен тұнбаға түспейтін ерігіш 
сахарат түзеді: С12Н22О11 • СаО • 2Н2О. Бұл затты көміртек (IV) оксидімен өңдейді. 
Кальций карбонаты тұнбаға түсіп, қант ерітіндісі алынады: 
С
12
Н
22
О
11
• СаО • 2Н
2
О + СО
2
→ С
11
Н
22
О
11
+ СаСО
3
+ 2Н
2
О 
Шырын 
ерітіндісі 
арнайы 
тұндырғышта тұндырылады да, вакуум 
сүзгілерде сүзіледі. Бірнеше қайтара 
сүзілген шырынның түсі сарғыштау болады. 
Тазарту үшін оны қайта сұйылтып, 
белсендірілген көмір арқылы өткізеді. 
Ерітіндіні қайтадан буландырып, қантты 
кристалдандырады. Осыдан кейін ғана 
алынған қант кристалдары кептіргішке 
жіберіледі. Ол жерден кеуіп шыққан қант 
арнайы шанаққа келіп түседі де, 50 немесе 
100 кг-нан қапталады. Қант өндірісінде 
қанттан басқа да қалдық өнім шығарылады. 
Қант тек қант қызылшасынан ғана 
емес, қант қамысынан да өндіріледі. Мұның қызылшадан қант өндіруден өзгешелігі — 
шырын алу процесінде ғана. Шырын алу үшін қант қамысы арнайы біліктермен 
жанышталады. Содан соң шырын тазартылып сүзіледі. Қалған процесі қызылшадан қант 
өндіру процесі сияқты. Кесек, яғни шақпақ қант алу үшін құмшекерді ерітіп, ол ерітіндіні 
сүйек күлі арқылы сүзеді де, төменгі қысымда қайнатады. Қою қант массасы қалыпқа 
құйылады немесе престеледі. 
2014- жылы қазақстанда қант өндірісі жылына 750 мың тоннаға жетіп, ішкі 
қажетіліктің 83 пайызын қамтуға мүмкіндік бермек. Бұл туралы ауылшаруашылығы 
министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Естеріңізге сала кетсек 2008- жылы ел 
аумағында барлығы 130 мың тонна қант өндіріліп, бұл сұраныстың тек 3 пайызын ғана 
қамтығаны белгілі. Өндірісті еселеу үшін қант қызылшасын өңдейтін жаңа зауыттар 
салынып, демеу қаржы бөлінеді, қант даярлайтын зауыттарға квота бөлу жоспарда бар. Ал, 
қант қызылшасын сатып алуға субъсидия беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет