Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Жүзімдерді күкіртті ангидридпен фумигациялық өңдеудің тиімділігі



Pdf көрінісі
бет37/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143
Жүзімдерді күкіртті ангидридпен фумигациялық өңдеудің тиімділігі 
 
Жүзім сақтау фумигациясы улы пар мен газ арқылы жүзім аурулары және 
зиянкестермен күресу жолы болып табылады. Жүзім сақтау қоймасында фумигациялау 
ыдыстағы, жүзім шоғындағы және камера ішіндегі өсімдік ауруларының дамуына қарсы 
жүргізіледі.
Камераны залалсыздандыру іші бос кезде, толтырылғаннан кейін және сақтау кезінде 
іске асады. Жүзім жай атмосфера мен жоғарыдымқылдық ауа шартында, тіпті төменгі 
темпеатурада болсын саңырауқұлақ шірігіне өте бейім болып келеді. Оның ұзақ сақталуы 
тек күкіртті ангидридпен фумигациялау барысында ғана бола алады.
SO
2
өңдеуі (күкіртті ангидрид) жүзім жидектерінің тек әсерлі сақтау құралы және 
сабағының шіріктен қорғанысы ретінде ғана болып табылмайды, сонымен бірге шамалы 
тыныстың қарқындылығы ингибирлейді, сабақтардың көпке дейін сақталуы мен сақтау 
мерзімінде және орын ауыстыруында жемістің төгіліп кету ықтималдығын азайтады. Жүзім 
сақтау қоймасын фумигациялаудың ең көп таралған түрі- күкіртті жағу, жағылған күкірт 
ангидридімен өңдеу және оның қоспаларын ұнтақ немесе таблетка түрінде қолдану болып 
табылады. Камераны залалсыздандыру сақтаудан 2 апта бұрын іске асады. Есептеу 
бойынша 1м
3
-қа 50г күкірт қажет. Сақтау басталғаннан кейін 1м
3
-қа 2-3 г болса, сақтау 
барысында 1м
3
-қа 1г ғана пайдаланылады. Бұл мөлшерден асып кетуі жидектерде күкірт 
газының шамадан тыс мөлшерде жиналуына, улылыққа, жидектің қышқылдануына, түсінің 
жоғалуына және тағамдық құндылығының төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Егер фумигант сұйық немесе қатты болатын болса, ауада булану мерзімін есепке 
алады. Газ тектес фумигант арнайы құрал арқылы бүкіл кеңістікті жайлайды. Түтіндету 
жайпақ қаңылтыр табада немесе фунгицидтік шыны аяқта фумигантты жағу арқылы жүзеге 
асады. Жүзім сақтау қоймасын фумигациялаған кезде қауіпсіздік техникасын ұстану керек. 
Сонымен бірге қауіпсіз залалсыздандыруды кварцты электр шамымен істеуге болады. Ол 
ультракүлгін көкшіл сәуле тарату арқылы микробтарды өлтіреді. Камераны 
залалсыздандыру үшін келесі залалсыздандыру құралдарын қолданады: 
1. 
1%-дық формалин ерітіндісі. 0,25...0,3 л/м
2
есеп бойынша камера ішін 
ерітіндімен бүркейді. Камераларды өңдеудің әлдеқайда тиімді тәсілі-аэрозольдық. 
Аэрозольды АГ УД-2 генераторы немесе «Микрон» сияқты генератор арқылы алады. 40%-
дық формалинді аэрозоль генераторлары арқылы тұманға айналдырады. Препарат шығыны 
-20...40мл/м
2

2. 
Жақсы залалсыздандыру құралы 2...3%-дық натрий оксидифенолят 
сұйықтығы болып табылады. Зең кезінде өте күшті әсер ететі сұйықтық. Шығын мөлшері 
0,3л/м
2

3. 
Жаз мерзімі кезінде босаған камераларды залалсыздандыру үшін ішіндегі 
құрал-жабдықтарын шығарады, қойманы барлық өсімдік қалдықтарынан тазартады. 
Қабырғаларын дұрыстап өңдейді. Барлық жиналған қоқыстарды жағады немес көміп 
тастайды.
4. 
Қойманы желдету арқылы кептіреді. 


5. 
Кез келген құалмен өңдегеннен кейін камераларды герметикаланған күйінде 
жауып қояды да, 2-3 күннен кейін желдетеді. 
6. 
Залалсыздандырудан кейін өнімді өңдеуге арналған құрал-жабдықты 
кіргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет