Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Кіші элеватор. Фермерлік қоймалар



Pdf көрінісі
бет76/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143
Кіші элеватор. Фермерлік қоймалар 
Астық шаруашылығында және өңдеу, сақтау кәсіпорындарында нарықтық экономика 
жағдайында көп өзгерістер тудырды. Осыған байланысты кіші шаруашылықтардың өсірген 
астықтарын өңдеп сақтау үшін кіші элеваторлар пайда болды. 1924….1927 жылдар 
аралығында сыйымдылығы 0.8; 1.0; 1.5; 2.0; 2.5 мың тонналық ағаштан салынған 
элеваторлар болды. Олар сол кездегі экономикалық жағдайға байланысты жасалынды. 
Бүгінгі астық шаруашылықтарында кіші элеваторларды пайдалану алға қойылды. 
Қазіргі кезде кіші элеваторлардың металдан құрастырылған жобасы бар. Олардың 
сиымдылық қатарлары:1.0; 2.0; 3.0; 5.0; 8.0; 10 мың тонна. 
Бұл элеваторлар тез арада астық партияларын көліктен қабыдап, оны кептіріп 
тазартады. Осы жұмыстарды тез арада атқару арқылы шаруашылықтарда астық шығынын 
азайтады. 
Астық өнімдері комбинаты 
Астық өнімдерінің тиімділігін арттыру үшін оның өнімдерін өндіріп, сауда 
орталықтарына жеткізіп, көптеп сатуды қажет етеді. Сондықтан астық кәсіпорындары мен 
элеваторлардың жанында өнімдер өндіру зауыттары пайда болуда. Олардың қатарына ұн, 
жарма, нан, макарон, кондитер өнімдерін, құрама жем, крахмал сірнесін, өсімдік май, сыра 
және спирт өндіру зауыттары жатады. 
Осыған мысал ретінде «Алтын диірмен» акционерлік ашық қоғамы, Шамалғандағы 
«КазАгроФуд» жеке шаруашылық серіктестігі және Қапшағай қаласындағы «АгроФуд» 
жеке шаруашылық серіктестіктерін айтуға болады. 
Бұл компаниялардың құрамында жоғарыда келтірілген өндірістік құрылымдар кіреді. 
Қазақстан Республикасының басқа экономикалық аумақтарында комбинат 
құрылымындағы астық өнімдерін өңдеу өндіріс кәсіпорындары көбейіп келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет