Дәнді дақылды тазалау. Астық массасын қоспалардантазалау үшін мына
технологиялық жабдықтар қолданылады:
1.
Ауалы-електі сепаратор-астықтан қалыңдығы,
ені және аэродинамикалық
қасиеттері бойынша айырмашылығы бар қоспалардан бөледі;
2.
Триерлер- негізгі дақылдан ұзындығы
бойынша айырмашылығы бар
қоспаларды;
3.
Тас бөлгіш машиналар- негізгі астық массасынан тығыздығы мен үйкелу
коэффициенті бойынша айырмашылығы бар қоспалар;
4.
Магнитті қалқа (колонка) – металды –магнитті қоспалардан бөледі.
Астықты тазалау үшін сепараторда мына металды штампталған електер қолданылады:
• қабылдау – саңылауының өлшемі Ø20мм немесе сопақша саңылауының өлшемі 18 х
18мм елек қойылған;
• сұрыптау – домалақ саңылауының Ø10-16 мм елек орнатылған, онда сырғымамен ірі
қоспаларды алады.
• жинақтағыш (подсевные)-домалақ саңылауының Ø1-1,4мм
немесе сопақша
саңылауының өлшемі 1,0 х 10 мм және 1,2 х 12 мм, онда електен өткен ұсақ құм, жабайы
өсімдіктің ұсақ тұқымы бөлінеді.
Тазалау тиімді деп саналады, егер машинадан кейін елек және ауа арқылы тазаланған
астықтың 65 %
кем емес қоспа бөлінсе, ал қалдықта жарамды дән мөлшері 2 % аспаса.
Достарыңызбен бөлісу: