Басқа құстар ((масыр тауығы, көгершіндер)
40-49
Шошқалар
50-59
Ірі қара
60-69
Жылқы
70-79
Қой
80-89
Қояндар мен сазқұндыздар
90-99
Терілі аңдар (қара күміс түсті түлкі, ақ түлкі)
100-109
Балықтар
110-119
Продуценттер мен лабораториялық жануарлар
120-129
2-кесте- Мал мен құстың өндірістік тобы мен түрі бойынша рецептерінің реттік нөмірлері
Рецептің нөмірі
Ауылшаруашылығы малдары мен құстарының түрлері мен топтары
Тауықтар
1
Жұмыртқалайтын тауықтар
2
1-30 күндік балапандар
3
31-90 күндік жас тауықтар
4
91-150 күндік жас тауықтар
5
5-30 күндік еттік балапандар (бройлер балапандары)
6
31-56 күндік еттік балапандар
7
121-180 күндік жас тауық
8
Әтештер
Күркетауықтар
10
Жұмыртқалайтын күркетауықтар
11
1-14 күндік күркетауық балапандары
12
15-60 күндік балапандар
13
61-120 күндік күндік жас күркетауық
14
121-180 күндік жас күркетауық
15
Күркетауық (қоразы)
Үйректер
20
Жұмыртқалайтын үйректер
21
1-20 күндік балапандар
22
21-55 күндік үйрек балапандары
23
56-150 күндік жас үйрек
Қаздар
30
1-20 күндік қаз балапандары
31
21-65 күндік қаз балапандары
32
Ересек және жұмыс жас қаздары
Шошқалар
50
Еметін торайлар
51
2-4
айлық торайлар
52
4-8 айлық жас жұмыс шошқалары
53
Бірінші кезеңдегі буаз мегежіндер
54
Екінші кезеңдегі буаз және емізетін мегежіндер
55
Шошқалар (етке бордақылау)
56
Шошқалар (беконды бордақылау)
57
Өндіруші қабандар
Ірі қара
60
Сауын сиырлар
61
Сүтті сиырлар
62
1-6 айлық бұзаулар
63
6-12 айлық бұзаулар
64
12-18
айлық торпақ
65
Ірі қара (бордақылайтын)
66
Өндіруші бұқалар
Жылқылар
70
Жұмыстық
71
Жорғалық және спорттық
Қойлар
80
Буаз және емізетін аналық саулықтар (ересек қой)
81
4 айға дейінгі жас қой
82
Қойлар (бордақылайтын)
83
4 айдан жоғарғы жас қой
84
Өндіруші-қошқарлар
85
Аналық ешкілер
86
Лақтар
87
Өндіруші текелер
Қояндар
90
Ересек қояндар
91
Жұмыстық жас қояндар
92
Бордақылайтын жас қояндар
93
94
Ересек сазқұндыз
95
Жас сазқұндыз
Балықтар
110
Тоғандық балықтар: жасқа дейінгі, жас жұмыстық,
өндірушілер
111
Тауарлы 2-3 жастық тұқы балығы
Рецепті екі санмен белгілеп сызықша қойып жазады.
Бірінші сан –мал мен құстың түрі
мен тобын, ал
екінші –осы өндірістік топқа арналған рецептің реттік нөмірін (рецепт
нұсқасы).
Әртүрлі құрама жемдерді индекспен белгілейді: концентратты
К, толық құнарлы-
Т
және т.б. Индексті рецептің нөмірін білдіретін санның алдына қояды. Мысалы ТҚ-1-13
мынаны білдіреді: жұмыртқалайтын тауықтарға арналған
толық құнарлы құрама жем
(бірінші топта тұр), ал рецептің нөмірі 13.Мысалы N60-1АВҚ рецебі-сауылатын сиырларға
арналған АВҚ білдіреді.
Премикстің әр рецебіне құрама жемнің осы премикс енгізілетін мақсатын есепке
алатын шифр қойылады. Премикстың
(П) әріптік мәні П сандық шифрдың алдына
қойылады. Мысалы: П2-1 рецебі 1-60 күндік жас құсқа арналған премиксті, ал П5-1-1-30
күндік еттік балапандарға арналған премиксті білдіреді. Карбамидті концентраттың
(КК) әр
рецебіне КК әрпі мен нөмірден тұратын шифр қойылады.
Қазіргі уақытта құрама жем дайындау үшін шикізаттың жаңа түрлері қолданылады.
Мысалы
ағаш жапырағы, жүзім сабағының вегативті қалдықтары, қазтамақ, насыбайгүл
өсімдіктерінің ұндары, қауырсын ұны.
4.Құрама жем, АВҚ, премикс және басқа өнімдер өндіру үшін құрама жем өндірісінде
шикізаттардың жүзден астам түрлері қолданылады. Шикізаттарды шартты түрде 3 топқа
бөледі:
өсімдік, малтекті, химиялық және
микробиологиялық текті. Құрама жем өндірісінде
күнбағыс, зығыр, қытайбұршақ,
рапс шроттары, сонымен қатар госсиполсыз мақта
шроттары кең қолданылады.
Шроттар алдын ала тазаланып, ұнтақталған майлы тұқымды органикалық
еріткіштермен (бензин, дихлорэтан) экстракциялау арқылы май алғанда алынатын жанаса
өнім. Күнжара мен шроттың жемдік құндылығы олардың протеинді жоғары сақтауында.
Малтекті жемдік өнімдер – ет, еттісүйек, қан ұндары, құрғақ майсыздандырылған сүт,
сонымен
бірге балық, асшаян, таңқы шаян ұндары өте бағалы. Малтекті құрама жем
шикізаттарына ветеринарлық-санитарлық бақылаудың оларды жемдік өнімге өңдеуге
жіберілуі туралы рұқсат қағазы бар өнімдер: сүт және оны өңдеу өнімдері – көк сүт, май
суы, сарысу, ет комбинатының қалдықтары – қан, сүйек, ет, еттісүйек ұндары, балық
комбинатының қалдығы – балық ұны, қауырсын –жүн өндірісінің қалдығы –қауырсын ұны,
әртүрлі насекомдар, ұлулар, құрттар және басқа жәндіктер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: