Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


СӨЖ №7  Өсімдік шаруашылығы өнімдерін стандарттау негіздері



Pdf көрінісі
бет12/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   143
СӨЖ №7 
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін стандарттау негіздері 
 
Азық-түлік өнімдерін жоғары сапада сақтау үшін стандарттаудың зор маңызы бар. 
Ауылшаруашылығы өнімдерінің тауарлық сапасының белгілеріне қойылатын талаптар 
оның түрлік және сорттық ерекшеліктерімен және арнаулы мақсаттарымен анықталынады. 
Стандарттар шаруашылықтардың астықты, көкөністерді, жемістерді жинағанда
тасымалдағанда, сақтағанда сондай-ақ мал шаруашылығыныңөнімдерін дайындағанда 
қолданылатын іс-саналық /практикалық/ құрал болып саналады.
СТАНДАРТ- латын тілінен аударғанда «үлгі» мағынасын білдіреді.
СТАНДАРТ – жоғары сапалы өнімнің нормасын анықтайтын құжат. Стандарттың 
талаптары қатаң сақталуы керек, себебі оған заңның күшін берген. Бірақ стандарт тұрақты 
болмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын талаптар тұтынушылар мен 
өнеркәсіптің күннен-күнге жоғары талаптарына байланысты және ауыл шаруашылығы 
өндірісінің жағдайына қарай өзгеріп отырады.
Стандарт өз кезегінде келесідей категорияларға бөлінеді: 
• Халықаралық стандарт (ИСО); 
• Мемлекет аралық стандарт (ГОСТ); 
• Мемлекеттік (Ұлттық) стандарт (СТ РК); 
• Техникалық шарт (ТУ); 
• Өндірістік стандарт (СТП). 
Стандарттаудың мақсаты – техникалық прогрестің жеделдеуін еңбек өнімділігінің 
жоғарлауын, өнімнің сапасының артуын, өндірісте материалдық және еңбек ресурстарын 
тиімді қолданылуын, мамандандырудың дамуын, жоғары сапалы тауарлардың сыртқа 
/экспортқа/ шығуын, экономикалық, техникалық және мәдени халықаралық қарым-
қатынастың дамуын жетілдіру болып саналады.
Стандарттаудың міндеті - өнімнің әр түрлі экономикалық және сандық 
көрсеткіштерін әлемдік деңгейге көтеру, өнеркәсіпте бірыңғайлылықты және біртектілікті, 
өндірістік процесті кешенді механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ету 
болып табылады.
Стандарттау жұмысының масштабы /аумағына/ қарай ол ұлттық және халықаралық 
болып ажыратылады.
Ұлттық стандарттау бір ел аумағындағы стандарттау жөніндегі жұмыс. 
Халықаралық стандарттау саласында бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің қатынасуымен 
іске асырылатын жұмыс. Халықаралық стандарттау жұмысының нәтижесінде халықаралық 
стандарттар жасалады, ал олар серіктес елдердің ғылыми техникалық және сауда 
байланыстарын қамтамасыз ету немесе жеңілдету үшін ұлттық стандарттау мәселелерін 
шешуде қолданылады. Стандарттау жұмысының нәтижесі нормативті техникалық 
құжаттар. /НТҚ/. 
НТҚ стандарттау объектісіне талаптарды белгілейтін құжат, ол белгіленген тәртіп 
бойынша жасалған және компонентті органмен бекітіледі және бір қызмет ауқымында оны 
міндетті түрде басшылыққа алып орындайды. Стандарттау бойынша НТҚ-ға мыналар 
жатады: техникалық жағдайлар /ТЖ/ және басшылық құжаттары /БҚ/. 
ТЖ- нақты өнімге /модельге, маркасына т.б/ қойылатын талаптарды белгілейтін 
нормативті техникалық құжат. 
БҚ – халықшаруашылығының бүкіл аумағында бірнеше қабат қолдану перспективасы 
бар сандық, әрі сапалық сипатталу мүмкіндігі бар нормалар, тәртіптер, талаптар, 
әдістемелер, өндіріс құралы, түсініктер, белгілер т.б. айғақтайтн нормативті техникалық 
құжаттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет