Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Стандарттаудың категориялары



Pdf көрінісі
бет13/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143
Стандарттаудың категориялары мен түрлері. Әсер ауқымына, мазмұнына және 
бекітілу деңгейіне байланысты стандарттар халықаралық, региональдық және ұлттық 
болып ажыратылады.


Халықаралық стандарттарды 1946 жылы құрылған стандарттау жөніндегі 
халықаралық ұйым /ИСО/, /біздіңше СЖХ/ жасайды және бекітеді. 
Региональдық стандартты өздерінің қызметін экономикалық және саяси негізде 
біріктірген құрамына жекелеген елдер кіретін ұйым жасап бекітеді. 
Ұлттық стандартты белгілі бір елдер аумағында жасалады және сол елдер 
шеңберінде жұмыс істейді, әрі тиісті деңгейде бекітіледі.
СЖХ-ға 90ел мүше, СЖХ-ның негізгі міндеті халықаралық сауда мен ғылыми 
техникалық прогрестің дамуына бағытталған халықаралық стандарттарды жасайды. СЖХ 
құрамына 160-тан аса комитеттер кіреді, соның ішінде «Ауылшаруашылығы азық-түлік 
өнімдері» комитеті. Бұл комитет әртүрлі азық-түліктер бойынша дәнді және дәнді бұршақ 
дақылдары, жемістер мен көкөністер және олардың өңдеу өнімдері, сүт және сүт өнімдері 
т.б. қосымша комитеттерді біріктіреді.
Стандарттың атауы, нөмірі, бекіткен уақыты және қашан енгізілетіні көрсетіледі. 
Стандартты бекіткен ұйымның атауы көрсетіледі. Стандарттар санмен нөмірленеді: 
біріншісі реттік санын, екінші екеуі құжаттың бекітілген жылын көрсетеді. Ауыл 
шаруашылығы өнімдерінің бастысы астықты жіктеудің негізгі шамасы, бидайдың 
ботаникалық түрін (жұмсақ немесе қатты), өсірілетін дақылдың биологиялық 
ерекшеліктерін (жаздық немесе күздік) және дәннің түсін (ақ немесе қызыл дәнді бидай) 
ескеретін тип.
МСТ-1-85 мынадай стандарттар категорияларын белгілейді: мемлекеттік ұлттық 
стандарттардың жоғары категориясы, ол біртекті өнімдер топтарына және нақты маңызды 
халықшаруашылығы өнімдеріне бекітіледі: 
-салалық стандарттар /ССТ/, өндірілетін өнім түрлері өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, 
сауда т.б. бойынша жетекші министрліктер мен ведомствалар бекітеді; 
- республикалық стандарттар /РСТ/, министрлер кабинеті бекітеді.
Барлық стандарттарды жасауда келесідей негізгі талаптар қойылады. Олар:

адам өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

қоршаған ортаны қорғау; 

бір-біріне сай келу және өзара ауысымдылық; 

таңбалау тәртібі; 

міндетті талаптарға сай болуын бақылау әдісі. 
Ауылшаруашылығ өнімдері стандарттары арнайы құжат ретінде төмендегідей 
құрылымдардан тұрады: 

кіріспе; 

сапаға қойылатын талап; 

қабылдау тәртібі; 

сапаны анықтау тәсілдері; 

орауқаптау, таңбалау, тасымалдау және сақтау. 
Елімізде астық өндіру өнім өндіруші мен астық дайындайтын ұжымдар арасында 
жасалған келісім- шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шарттардағы сапалық 
көрсеткіштерге қойылатын талаптар нормативтік –техникалық құжаттардан алынады. 
Стандарттарды дайындау бірнеше сатыдан өтеді. Стандарттарды дайындауды 
ұйымдастыру және тақырыптық тапсырманы құрастыру, стандарттың жобасын дайындау 
және оны пікір алуға жіберу, пікірлерді қарау, өңдеу, тұрақты соңғы редакциясын 
дайындау, жобаны дайындау, келісу, стандартты бекітуге тапсыру және тіркеу, стандартты 
басып шығару-басылым заң күшіне ие болады. Жаңа стандарт міндетті түрде қолданылуы 
керек. Ол үшін ұйымдастыру техникалық шаралардың жоспары жасалады.
Бақылау сұрақтары: 
1. 
«Стандарт» және оның анықтамасы. 
2. 
Стандарттың негізгі категориялары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет