астықтың сақтау мерзімі ұзақ болады, өңдеу барысында одан сапалы әрі жоғары мөлшерде
өнім алынады.. Сондықтан, бұл кондиция өнімді сатуда, сатып алуда, есептеу кезінде сол
өнімнің құны мен салмағына әсер етеді.
Базистік кондиция талаптарына сай астықты ешқандай кемітусіз физикалық салмағы
бойынша қабылдайды, келісім- шартта көрсетілген құны толығымен төленеді. Егер сапалық
көрсеткіштері базистік кондиция талаптарына сай болмай жоғары не төмен жағына
ауытқыса, ондай астықтың салмағы (құны) кемітіліп немесе үстеме жасалып қабылданады.
Базистік кондиция нормасының сапасы артқан астықтың бағасына үстеме баға
(бонификация), ал спасы төмен астықтың бағасы шегеріліп (реафикация) төленеді.
Базистік кондицияны ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді. Базистік кондиция
астықтың жақсы сақталуын және жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді.
Базистік кондицияны астықтың натуралдық белгілері, шөпшар және астық қоспалары,
ылғалдылығы бойынша анықтайды. Базистік кондицияға сәйкес астық сау, қалыпты иісі
болуы және астық қорларының зиянкестерімен зақымданбауы керек.
Базистік кондицияны топырақ-климат жағдайларына қарай белгілейді.
Бидайға базистік кондициялар мынадай сапа көрсеткіштерімен белгіленген:
ылғалдылығы – 14,5 % шөпшар қоспасы -1%, астық қоспасы - 2 % және натуралдық масса
жұмсақ бидай үшін 750 г/л, қатты бидайға – 745 г/л.
Базистік кондиция астықтың түріне, топырақ-климаттық жағдайына байланысты
негізгі сапалық көрсеткіштерге қойылады. (1-кесте).
1-кесте. Негізгі астық дақылдарының базистік жіне шектеулік кондициялары
А/ш
дақылдары
Ылғалдылығы, %
Ластылығы, %
Көлемдік
салмағы,
г/л.
Базистік
Шектеулік
Лас қоспа
Дән қоспа
Базистік
Шектеулік
Базистік
Шектеулік
Күздік бидай
14,5
19
1
5
3
15
750
Жаздық қатты
бидай
14,5
19
1
5
2
15
745
Жаздық
жұмсақ бидай
14,5
19
1
5
2
15
750
Қара бидай
14,5
19
1
5
1
15
680
Арпа
14,5
19
2
8
2
15
580
Сұлы
13,5
17
2
8
2
15
460
Тары
15,0
17
1
8
1
15
-
Қарақұмық
14,5
19
1
7
1
15
-
Күріш
14,5
19
2
8
1
15
-
Жүгері
(дәндік)
22
25
1
8
2
15
-
Собық
(бас)
жүгері
22
25
1
6
2
15
-
Өнім өндіруші шаруашылық көп жағдайда, өз өнімінің сапасын аталған кондиция
талабына сай етіп өткізе алмайды. Оған себеп өнімді өңдеуге арналған арнайы құрал
жабдықтардың, техниканың жеткіліксіздігі, олардың дұрыс істемеуі, өнімді жинау, өңдеу
кезіндегі ауа райының қолайсыздығы, тасымалдау ұзақтаға, т.б. Астық сапасы базистік
кондицияға сай болмаған жағдайда шектеулік кондиция ұғымы қолданылады.
Егер өнім сап көрсеткіштері бойынша базистік кондициядан жоғары немесе төмен
болса, онда физиклық массасына қосымша немесе шегеру бағасы есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: