Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет41/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143
Нимранг 
– Орта Азияның тасымалдауға төзімді, классикалық асханалық 
сорттарының бірі. Жүзім түбі күшті өседі, үлкен қалыптасуды ұнатады. Жапырағы бүтін 
немесе сәл таралған, қалақшалары жоғары бүктеліп келеді. Ашық жасыл, салбырамайды. 
Гүлі функциональді аналық болып келеді. Жемісті жақсы салу үшін ең таңдаулы 
тозаңдатқыш: сорттары Қар Киш-миш, қызғылт Тайфи, Саперави сорттары болып келеді. 
Шоқ жемісі ірі, бұтақшалы, тығыздығы орташа. Шоқ жемісінің орташа салмағы 430 грамм, 
ал жекеленген шоқ жемісінің салмағы 1,5 ктлогаммға дейін жетеді. Жемісі ірі, шар тәріздес, 
жасыл сары, күн жағынан қарағанда қызғылт түске боялып тұрады. Еті балғын, сықырлап 
тұрады. Вегетация кезеңі басталғаннан піскенге дейінгі мерзімі -155 күн. Активті 
температуралар жиынтығы 4000
0
С жуық. Пісу мерзімі – Шымкентте және Қызылорда 
облысының оңтүстігінде қыркүйек айының орта кезеңінде, Жамбыл мен Түлкібас 
ауданында қыркүйек айыныңы аяғында піседі. Өнімділігі жоғары. Бұл сорт дәмінің 
сапалылығымен бағалы. Кептіргенде тамаша мейіз алуға болады. Қазақстанның 
оңтүстігіндегі жүзімді аймақтардың бәрінде аудандастырылған. 
Қызғылт тайфи 
– Орта Азиялық кеш пісетін классикалық асханалық сорт. Жүзім түбі 
күшті өседі. Гүлі қос жынысты. Жапырағы бес қалақшалы, терең тарамдалған. Қою көк, тор 
көзді, жапырағының төменгі жағында сирек өрмек салбырап тұрады. Шоқ жемісі ірі 
конусты. Шоқ жемісінің салмағы 2килограммға жетеді. Жемісі ірі, цилиндрлі, ұшы тегіс. 
Жемісін күн жағынан қарағандағы түсі күлгін, көлеңке жағынан қарағанда жасыл сары 
түсті болып келеді. Еті тығыз, сықырлап тұрады. Вегетация кезеңі 155-162 күн. Активті 
температуралар жиынтығы 3700
0
С. Пісу мерзімі-Оңтүстік Қазақстан облысында 
қыркүйектің бірінші он күндігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде және Жамбылда 
қыркүйектің екінші жартысында піседі. Суыққа да, құрғақшылыққа да айтарлықтай төзімді. 
Бұл сорттың дәмінің сапасы жоғары, шоқ жемісі әдемі, сақтауға және тасымалдауға төзімді 
болып келеді. Қызғылт Тайфи Қазақстанның оңтүстігіндегі жүзімді аймақтардың бәрінде 
аудандастырылған. 
Тербаш 
- Түркімен сорты. Жидегі біршама домалақ, жұмыртқа тәрізді ақ-жасыл, 
әбден піскенде янтарь түстес сары болады. Еті шырынды, дәмі тәтті. Қанты мол, 
қышқылдығы да бар. Сабағы ұзын немесе орташа шырпуды талап етеді. Басқа сорттардан 
айырмашылығы, суыққа төзімді және ұзақ уақытқа бейім болып келеді. Бұл жүзім сортынан 
жоғары саалы шараптар даярланады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы 
обылыстарында аудандастырылған.
Шасла 
- ерте пісетін асханалық сорт. Қазақстанда кең тараған екі түрі ақ және 
қызғылт. Жүзім түбі орташа өскіш, таралуы жоғары. Шоқ жемісі орташа, конусты, 
цилиндрлі, тығыз және орташа болып келеді. Жемісі орташа дөңгелектенген, ақ және 
қызғылт түсті болып келеді. Еті еттілеу, қызғылт Шаслада нәрі. Дәмі тәттілеу. Бұл сорттан 
асханалық шарап пен шырын даярланады. Алматы мен Қызылорда обылыстарында 
аудандастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет