Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Жүзімдіктің бұзғынша кенесі



Pdf көрінісі
бет44/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Жүзімдіктің бұзғынша кенесі. Бұл кене «қышытпа» деп аталады, барлық жерде көп 
тараған жүзімдіктің жапырақтарының бүршіктеніп бұзылуына қарай бұл кененің бар 
екендігін анықтау оңай келеді. Жүзімдікте кененің түскендігінің белгісі дақтардан білінеді, 
әдетте, мұндай дақтар жүзімдіктегі бірнеше түпте немесе бірнеше қатарда болады. Кененің 
бұл турі өте ұсақ келеді, оны тек микроскоппен ғана көруге балады. 
Тіршілік әрекеттері. Бұзғынша кене бір жылдық жүзім шыбықтарының қабығы 
астында және ағаш жапырақтарында қыстайды. Жапырақ шыға бастағаннан-ақ 
жапырақтардың төменгі жағының тканьдерінде өсе бастайды. 
Кене көптеген ұрық салып өседі. Кене жаздың екінші жартысында өте көп өніп-өседі, 
қатты зиян келтіреді. Жапырақтардың төменгі бөлегін кене сорып тастағандықтан 


жапырақтарға ойылған үлкен дақтар түседі. Кене түскен жапырақтарды киіз сияқты түк 
басады. Бастапқы кезде дақтардың түсі сарғылт болады. Бүршіктің түсі жапырақтан 
оншалықты өзгеше болмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін жарылған дақтар сарғайып, 
коңыр тартады. Көп жағдайларда кене тез көбейеді. Жапырақтар бұзылып тесіледі. Жүзмдік 
бұталары семе бастайды, жапырақтары түседі, өнім мейлінше кемиді, жүзім кішкентай 
болып шығады, талдарының өсуі тоқтайды, 
Күрес шаралары. 1. Қыс қарсаңында жүзім шоқтарын кескеннен кейін кесілген 
шыбықтарды жүзімдіктерден шығару керек, сонымен бірге жапырақтар тырмаланып 
жойылады. 
2. Күзде жүзім шыбықтарын көмер алдында немесе көктемде ерте жүзім 
шыбықтарының бүршіктенуі алдында 5 г әк күкіртті қайнатып, шыбықтарға шашу керек. 
3. Зиянды жәндік өте көп түскен бұталарға ұнтақталған күкіртті тозаңдатып шашу 
немесе 0,5 г күкірт қайнатып бүрку керек. 
4. Көктемде жүзімнің бұталарын және жазда бұталарды тазартып кескеннен кейін 
оның қалдықтары жиналуға тиіс. Жүзімдікті көктей өңдеген кезде зиянды жәндіктер түскен 
бұтақшаларды барлығын кесіп, жоюқажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет