Жүзімдерді газды ортада реттеу арқылы сақтау Сақтау орындарына түскен жүзімнің температурасы 20
0
С және одан жоғары болып
келеді. Сақтау үшін жүзімді алдын ала 1 тәулік бойы сақтауға керек температураға дейін
суыту керек. Ылғалдың конденсациясын болдырмау үшін, камераның ішінде ауаның
қарқынды айналуын қамтамасыз ету қажет.
Жүзімді тез 20
0
С-тан 0
0
С-қа салқындату оның қарқынды демалуын 20-ретке тоқтатып,
салмағын жоғалтуына көмектеседі, ауруларға төзімділігін жоғарылатады. Жүзімді
камераларда салқындатып сақтау керек. Салқындату ортасы ретінде -1-2
0
С-тағы ауа мен 92-
95% ылғалдылық пайдаланады. Ауаның осындай ылғалдылығын сақтау үшін температура
салқындатудың басында 6-8
0
С, сақтау кезінде 3-4
0
С болу керек (1-кесте).
1-кесте
Жүзімдерді газды ортада сақтау режимдері Сорт
Сақтау шарттары
Сақтау мерзімі,
айлар
Температура,
0
С
СО
2
, %
О
2
, %
Күлгін
-1-0
10
11
4-4,5
Тайфи
-1-0
-1-0
2-3
10
2-3
11
5-7
5-6
Ашхабадтық
қара жүзім
-1-0
2-3
2-3
5-7
Нимранг
0
2-3
2-3
5-5,5
Тербаш
-1-0
2-3
2-3
4-5,5
Жүзімді сақтаудың маңызды шарты әрбір сорт үшін атмосфераның құрамын сақтау
болып табылады (СО
2
, О
2
, N
2
концентрациясы). Институттарда жүргізілген көптеген
зерттеу нәтижесінде оттегінің минимальды және көміртегінің максимальды
концентрациясы анықталған.
Оттегі концентрациясын 2%-дан төмендетуге болмайды, себебі жүзімнің түрі
бұзылып, жағымсыз дәм пайда болады. Көмір қышқыл газының құрамы жүзім сортына
байланысты 2-3%-дан -10%-ға дейін болу керек.
Жүзім атмосферасының құрамы:
1)
СО
2
-2-3%, О
2
-2-3%
2)
СО
2
-9-10%, О
2
-10-11%, температурасы 0
0
С болғанда жақсы сақталады.
Құрамы СО
2
-10% және О
2
-11% болғанда шіру саңырауқұлақтарының өсуі баяулайды,
себебі көмірқышқыл газы стерильдік қасиет көрсетеді. Оның қолданылуында SO
2
қолданылуы қажет болмайды. Бірақ бүкіл сорттар үшін ол тиімді емес. Бұл жағдайда
Ашхабад Қара жүзім сорты 5 ай, ал күлгін Тайфи сорты тек 4 ай сақталады. Кейіннен
жүзімнің шіруі басталады. Нимранг және Тербаш сорттары көмірқышқыл газына өте
сезімтал. Олардың ортасының құрамы СО
2
-10%, -11% болғанда, физиологиялық
бұзылуына әкеледі. Осы жағдайда бұл сорттардың сақталуы 3 айдан аспауы керек. Бұл
сорттардың ұзақ сақталуы атмосфераның құрамы СО
2
-2-3%, О
2
-2-3%, N
2
-96-98% болғанда
болады. Бірақ көмірқышқыл газының төмен болуы шіру саңырауқұлақтарының пайда
болуына әкеледі, сондықтан сақтау камерасын 0,05-0,06% күкірт ангидридімен өңдеу керек.