Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет43/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143
Тіршілік әрекеті. Жапырақорағыш қыстаған кезде топырақта, ағаш қабықтарының 
саңылауларында, негізінен сидам сүректе, ал жүзімдіктердің аспаларында және 
доғаларында ұрық қалпында болады, сонымен бірге діңдер мен қазықтар жарықтарында 
(төменгі бөлегінде) қыстайды. Көбелектер көктемде ұшады, бұл бірінші рет ұрық шығару, 
әдетте олар апрельдің орта шенінде ұшьш шығады. Бұлардың жалпы саны аз болады, 
өйткені қыста түрлі себептермен ұрықтардың көпшілігі әсіресе жүзімді жапқан кезде және 
ашқан кезде қырылады. 
Шанақтар шыққан кезде (гүлдер алдында) көбелектер жаппай ұшып, жұмыртқа 
салады. Бір аналық көбелек әрбір шанаққа 80—100 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның 
жандануы 5—10 тәулікке созылады. Құрттар шанақтарды және гүлдерді қорек етеді, онан 
соң жемістің түйіндерін жейді. Құрттардың тіршілігі 15—20 тәулікке созылады. 
Ұрықтардың өсу дәуірі 7-8 тәулікке созылады. 
Көбелектер екінші рет июньде жаппай ұрық салады. Бұл кезде осы зиянды жәндіктер 
бұрынғыдан да көбейе түседі. Көбелектер жеміс түйіндеріне және пісіп келе жатқан 
жидектерге жұмыртқа салады. Бір кұрт 30—40 түйінге немесе 8—10 жидекке зиян 
келтіреді.
Жапыракорағыштың үшінші және төртінші рет ұрық салуы өте көп болады. 
Күрес шаралары. Жапырақорағышқа қарсы пайдалы нәтиже беретін күрес 
шараларының бірі жүзімдік шыбықтарын төселмелі түрінен аспалы түрлеріне кешіру 
болып табылады. Мұндай жағдайда күн сәулесі өте көп түскен шоғырларда және шоқ 
гүлдерде зиянды жәндіктің жұмыртқаларымен жаңадан өсіп келе жатқан личинкалары 
қырылып қалады. Мұнымен бірге жүзімдік шыбықтарына арсенат кальций (қышқыл 
мышьяк кальций) себіледі немесе бүркіліп шашылады. Ең жақсы ұлы дәрі гексахлоран 
болып табылады. Жүзім түйін тастағанға дейін гексахлоранды пайдалануға болады. 
Тозақдатып шашу үшін бор, ұнтақталған әк араластырылады және мөлшері 1 : 1 болуға 
тиіс. 
Гехсахлоран (5 проценттік) тозаңдату әдісімен, сонымен бірге суспензия түрінде 
(сумен араластырылып), қолданылады, бір литр суға 30—35 г гексахлоран дустан 
араластыруға болады. 
Шоғыр жапырақорағыш 3—4 рет ұрық салып өседі, сондықтан маусымда жүзімдікті 
үш немесе төрт рет өңдеуге тура келеді, әсіресе екінші және үшінші рет ұрық шығарған 
кездегі зиянды жәндіктерге қарсы күрес ша-ралары мейлінше күшті болуға тиіс. 
Өңдеу жұмыстары жаппай жұмыртқа салған кезде жүргізіледі, бірақ алғашқы 
құрттардың пайда болуынан кешікпеуге тиіс, бұл жұмыс ұрық шығару алдында 7—8 күн 
бұрын аяқталады. 
Жүзімдікті өңдеуді бастау мерзімі жазда көбелектердің пайда болуына және 
жұмыртқа салуына қарай, сондай-ақ жұмыртқадан құрттың шығуына қарай белгіленеді. 
Кенелер. Жүзімдіктердің жапырақтарында кененің екі түрі кездеседі. Оның бір түрі 
өрмекші кене, бұлар жапырақтың жоғарғы бетінде болады да, оны орап өрнектерін 
салады. Мұндай кенені жай көзбен көруге болады. Екінші түрі бұзғынша кене, бұл көзге 
көрінбейді, жапырақтардың тканьдерінде тіршілік етеді. Қененің екі түрі де жапырақты 
сорып, оны түсіріп тастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет