Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет51/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   143
СӨЖ №27-28-29-30 


ҚОЙМАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
Өсімдік өнімдерінің қоймасының құрылымы мен торабы 
Өсімдік өнімдері қоймаларының құрылымын және оның жүйесін салу астықты өңдеу 
мен сақтауда негізгі жұмыс болып саналады. Өсімдік өнімдері өндіру орындарынан бастап 
тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықта, әр мақсатта жұмыстарын орындап, 
кәсіпорындармен байланысып, ондағы қоймаларда өңделіп, сақталып, сұрыпталып, сандық 
және сапалық жағынан қалыптастырылып, транспорттық жүйелерге тиеу жұмыстарын 
атқарып, өзінің сұраныс орындарына жеткізіледі. Осы өнімнің жүру аралығы қоймалардың 
құрылымын, оның жүйесін салуды, қызмет көрсету бағытын анықтайды.
Осыған байланысты, мысал ретінде элеватор өндірісінің жүйесі қалай 
қарастырылғанын қарастырайық. 
1-суретте астықты орудан кейінгі өңдеудің элеватордағы жалпы арнайы 
технологиялық үдерістерінің жүру реті көрсетілген. 
1-сурет. Астық кәсіпорындары мен элеваторлардың құрылым, астықты қабылдау, 
өңдеу және сақтау үдерістерінің жалпы технологиялық сұлбасы. 
Қоймалардың жіктелуі және қойылатын талаптар 
Қоймаларды жіктеу мына көрсеткіш белгілерге байланысты:


1) сақтау әдісі;
2) механикаландыру дәрежесі;
3) сақтау мерзімі. 
Өнімдер жайылып және ыдыста сақталады. Ыдыстың конструкциясына байланысты 
жұмсақ және қатты күйде болады. Жұмсақ ыдыста немесе қапшықта тұқым өнімдерін 
сақтайды. Көптеген елдерде өнімдерді катты контейнерлерде тасымалдайды. Жайылған 
өнім екі әдіспен сақталады: еденді алаңда және силостың ішінде. Еденде сақтау үшін жай 
қоймалар салады, алаңда-асфальтталған жерге бурттап, үстін брезенттермен жауып және 
бастырма орнатады. Силостық сақтау үшін- элеваторларды салады. 
Екінші әдіс- механикаландыру дәрежесі бойынша төрт топқа бөлуге болады: 
1- механикаландырылмаған; 
2- жартылай механикаландырылған; 
3- механикаландырылған; 
4- толық немесе комплексті механикаландырылған. 
Үшінші әдіс бойынша қоймалар уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Қоймаларға 
өнімді сақтап, өңдеу үшін мынандай талаптар қойылады: 
1. технологиялық; 
2. конструкциялық; 
3. экономикалық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет