Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Жүзімді сақтау жағдайында әртүрлі ауруларына шалдыққандармен күресуде



Pdf көрінісі
бет45/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Жүзімді сақтау жағдайында әртүрлі ауруларына шалдыққандармен күресуде 
фунгицидпен өңдеудің тиімділігі 
 
Сақтау кезінде жүзім көбінесе саңырауқұлақ ауруына шалдығады. Бір жылда 
саңырауқұлақ шіруінен жүзімнің құруы сақтау мерзімі кезінде 20-25 пайыз және одан көбін 
құрайды. Жүзімді құртатын саңырауқұлақтар 0
0
С, тіпті -2,-3
0
С температурада да дами 
алады, осыған байланысты ұзақ уақытқа сақтауға арналған жүзім әртүрлі инфекциялардан 
қорғалған болу керек. Сақталатын жүзімнің ең көп тараған ауруына сұр шірік жатады.
Сұр шірік өсімдіктің барлық бөлігіне, әсіресе пісіп келе жатқан және піскен жидектеріне 
әсер етеді. Ең алдымен әлсіз немесе механикалық зақымдалған ұлпалары бұзылады. Бұл 
ұлпаларда сұр секпіл (дақ) пайда болады –саңырауқұлақтың көбеюі. 
Күресу шарттары: штамбтық формалардың қолданылуы, бұтақтың бұзылуы туралы 
ескерту, егістің өзіндік жинау тәсілі. Вегетация кезінде арнайы фунгицидтердің 
қолданылуы (бенлат 50пайыз с.п (суспензия)-(беномил), 1,5 л/га, вегетация кезінде 
эмульсин қосылған 0,1 пайыз суспензия препаратының шашылуы. 
Антракноз. Бұл аурудың ошағы көбінесе ылғалды учаскелерде: үлкен арықтардың 
жағалауларында, жер астының суы жақын жерлерде болады. Ауру жапырақтарға, 
жидектерге және бұтақтарға түседі. Жапырақтарға 3 мм диаметрлі қоңыр қызыл түстес 
үшкіл дақ түседі, оның айналасында қарайған ою болады. Ауру күшейіп кетсе дақтар арасы 
бітіп, сіресіп кетеді. Жидектерге, дөңгелек, кейде өзара бітіскен дақтар түседі. Ауруға 
шалдыққан жидектер піспестен, мерзімінен бұрын түсіп қалады. Өте-мөте қатерлісі 
бұтақтарға түскен оюдың ұлғайған түрі болады. Бұлардың дақтары аралығы және 
топтарының аралығы кейде тұтасады, сөйтіп үшкілденіп қалады. Мұндай ауру түскен 
бұтақтар тез сынғыш келеді, суыққа төзімсіз болады. 
Аурудың грибоктері саңырауқұлақ жіпшелері түрінде ауруға шалдыққан 
бұтақшалардың ішінде және сыртында қыстайды. Жүзімнің өсу кезіндегі ауру тарайтын 
қайнар бұлағы жазғы споралар болып табылады, бұлар өсімдіктің жер бетіндегі, дің 
бұтақтарының барлығына да жұққыш келеді. 
Ауру ылғалды болғанда және 25—30 градустық температурада тез өршиді. Антракноз 
ауруы әсіресе жүзімнің доғалы бөлігінде төселмелі дақылда өте тез көбейеді, аспалы 
жүзімде бұл аурудың көбеюі онша болмайды. 
Күрес шаралары. Күзде жапырақтар түскен соң ауруға шалдыққан бұтақшаларды 
кесіп ішінен жинап алып, оларды көктемге дейін отынға пайдалану керек. 
Көктемде жерге кемілген жүзім шыбықтарын қазып шығарған соң, бүршіктенгенге 
дейін жүзім шыбықтарын 3 проценттік темір тотияйынға қышқылт күкірт араластырып (1 


литр суға 60 г тотияйынға және 2,5 текше метр күкірт қышқылын араластырып) жүзім 
шыбықтарына жағу немесе жүзім шыбықтарына бұл құрамды ерітіндіні тозаңдатып шашу 
керек. Өсімдіктің өсу кезінде жүзім шыбықтарына 0,5 г ИСО дәрісі бүркіліп шашылады 
немесе ұнтақталған күкірт болмаса, ұнтақталып әк араластырылған күкірт тозаңдатылады. 
Алғашқы өңдеу жұмысы көктемде жапырақ шыққанға дейін жүргізіледі де, екінші еңдеу 
жұмысы гүлдеу алдында және үшінші жолы гүлденгеннен кейін жүргізіледі. 
Тозаңдатып шашудың орнына бір проценттік бордос сұйығын жоғарыда аталған 
мерзімдерде бүркіп шашуға да болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет