Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


СӨЖ№25-26  Астық қоймаларының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет47/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

СӨЖ№25-26 
Астық қоймаларының жалпы сипаттамасы 
 
Ауыл шаруашылығы саласында астық сақтау үшін қабырғалары кірпіштен, тастан 
қаланған, темір бетоннан немесе ағаштан тұрғызылған, едені түзу болмаса көлбеу 
орнатылған бір қабатты қоймалар пайдаланылады. (1-сурет). 


1-сурет. Шаруашылықтарда қолданылатын бір қабатты астық қоймасының сыртқы 
көрінісі 
Мұндай қоймалардың төбесі жұмсақ материалдармен (руберойд), шифермен болмаса 
металл қаңылтырмен жабылады. Астықты негізінен еденде үйіп сақтайды.
Шаруашылықтарда екі түрлі – еденді және бункерлі астық немесе тұқым сақтайтын 
қоймалар пайдаланылады. Олардың ішінде, көлденең еденді қоймалар кең тараған. 
Механикаландырылған, арнайы құрал-жабдықтармен жеткілікті түрде жабдықталған ондай 
қоймалардың тиімділігі жоғары. 
Бункерлі қоймалар- астық сақтауға бейімделген, тиеп-түсіру процестерін толық 
механикаландыруға, азғандтай алаңда тұқымды жоғары биіктікке дейін үйіп сақтауға, әр 
түрлі астық топтарының араласып кетпеуіне мүмкіндік беретін осы заманғы 
құрылыстарының бірі. Қоймаларды салғанда өнеркәсіптік тәсілдер, зауыттарда жасалған 
тетіктер мен құрылыс материалдары кеңінен қолданылады, жұмыс көлемінің көпшілігі 
дайын құрылыс бөліктері мен конструкцияларды пайдалану арқылы іске қарастырылған. 
Бұл түрдегі қоймалар әдетте, астық тазалағыш- кептіргіш кешенмен технологиялық 
байланыста қолданылады немесе өздері солардың құрамдас бөліктері болып табылады.
Қоймалар 
жабдықталуына 
байланысты 
механикаландырылған 
және 
механикаландырылмаған болып екіге бөлінеді. (2-сурет). Қазіргі астық өндіруші 
шаруашылықтарда сыйымдылығы 3200 т болатын, ұзындығы 60 м, ені 20 м-лік типтік 
қоймалар көптеп кездеседі.
Механикаландырылмаған қоймалардың едені тек қана тегіс (горизонтальды) етіп 
жасалады. Бұл қоймаларад астықты қабылдауда, жіберуде тиеу-түсіру процесі жылжымалы 
қондырғылардың көмегімен жүзеге асырылады. 
Механикаландырылған қоймалардың едені бірінде тегіс, бірінде көлбеу болуы 
мүмкін. Сонымен қатар, қойма ортасында ұзына бойы, жоғарғы жағында тиеуге, ал төменгі 
жағында түсіруге арналған тасымалдағыш құр жүргізіліп, шет жағынан қабылданған 
астықты көтеру үшін көтергіш құлақтар орнатылады. Кей жжағдайда, тек бір ғана 
тамымалдағыш құр (жоғарғы не төменгі) орнатылған қоймалар салынады. Бұндай 
қоймаларды жартылай механикаландырылған қойма деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет