Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


АУА МЕН КҮН КӨЗІНДЕ КЕПТІРУ



Pdf көрінісі
бет69/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

АУА МЕН КҮН КӨЗІНДЕ КЕПТІРУ тұқымның азғантай топтарын кептіргенде 
қолданады, бұл тәсілде ылғал астық үйіндісінің бетінен ғана буланады. Астық неғұрлым 
жұқа болса, соғұрлым ол қарқынды кептіріледі. Бірақ кептіру қабаты жұқа болғанда 
астықты орналастыруға үлкен алаң қажет. Дәнді дақылдарда бұл тәсілмен кептіргенде 


астық үйіндісінің қалыңдығы мынандай /см/: негізгі астық дақылдары үшін 10-20, дәнді 
дақылдар үшін 10-15, тары 4-5.
Астықты күн көзінде кептіру ауа райы қолайлы өңірлерде, көлемі аз астықтың 
ылғалдылығын азайтуда қолданылатын тиімді тәсіл. Бұл кезде ылғал жайманың беткі 
қабатынан бөлінеді де төменгі қабаттағы ылғал мөлшері өзгеріссіз қалады. Жайманың 
қалыңдығы неғұрлым жұқа болса, астық соғұрлым жақсы кебеді. Ол үшін оңтүстікке қарай 
шамамен 6
0
-қа көлбеу, асфальтталған тегіс жерге дәнді ұсынылған қалыңдықта жаяды. Ол 
қалыңдық астық дақылдарында 15-20 см, бұршақ тұқымдастарында 10-15 см, тарыда 4-5 см 
аралығына. Жайманы араға 2-3 сағат уақыт салып араластырып тұру қажет. 
Күн көзіне кептіргендегі негізгі фактор астық массасы жатқан алаңның сипаты. 
Астықты бетон алаңдарында тікелей немесе брезентте кептіруге болмайды. Тек қана тақтай 
немесе асфальтты алаңдарда ғана астықты төменнен топырақтан ылғалдануғажол бермейді 
және температура мөлшерден тыс ауытқуын болдырмайды. Мұндай алаңдарды жерден 
жақсылап оқшауландырып қырман аумағында немесе қоймалардың арасында 
орналастырады, оңтүстік бағытта аздап еңкіш /6
0
С/ болғаны мақұл. Мұндай еңкіштікте 
астық массасы жақсы жылытылады, ал бос алаңдардан жаңбыр суы тез ағып кетеді. 
Әсіресе желді ауа райында кептіру тиімді, өйткені үйінді бетінде пайда болған су буы 
бөгелмей ұшып кетеді. Астық массасын ойдағыдай кептіру үшін төменгі қабатпен жоғары 
қабатты әлсін-әлсін араластырып отыру керек. /әрбір 2-3 сағат сайын/. Ережені дұрыс 
қолданғанда жақсы ауа райында астықтың ылғалдылығы тәулігіне 1-3 %да жоғары 
мөлшерде төмендейді. 
Ауа мен күн көзінде кептіру егін жинағаннан кейінгі астықтың пісіп жетілуіне 
мүмкіндік жасайды және оны сақтауға төзімді етеді, өйткені күн сәулесімен өңделген астық 
массасы микроорганизмдерден біршама тазаланады. 
Астық массасын жоғары температурадағы ауамен араластыру арқылы ылғалдылығын 
түсіруде сол астықтың бастапқы ылғалдылығын, пайдалану мақсатын, кептіру агентінің 
температурасын және кептіру ұзақтығын білу қажет. Пайдалану мақсаты әр түрлі астықты 
кептіру жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Солардың бірі қыздыру температурасы 
(кесте). 
Азық-түлік мақсаттағы астықты кептіру режимі 
Ауыл шаруашылық дақылы 
Дән ылғалдылығы, % 
Температура, 
0
С 
Кептіру агентінің 
Дәнді кептіру 
Бидай 
18 дейін 
18-22 
22 жоғары 
120 
110 
100 
52 
50 
48 
Қара бидай, арпа 
18 дейін 
18-22 
22 жоғары 
130 
120 
110 
62 
60 
55 
Сұлы 
18 дейін 
18-22 
22 жоғары 
100 
100 
100 
52 
50 
45 
Қарақұмық 
18 дейін 
18-22 
22 жоғары 
120 
110 
100 
48 
45 
42 
Күріш 
18 дейін 
18-22 
22 жоғары 
80 
70 
70 
38 
35 
30 
Тұқымдық мақсаттағы дәнді кептіру режимі 
Ауыл шаруашылық дақылы 
Дәннің кептіргенге дейінгі 
ылғалдылығы, % 
Кептіру агентінің 
температурасы, 
0
С 
Дәнді қыздырудың жоғарғы 
температурасы, 
0
С 
Бидай, қара бидай, сұлы, арпа 
18 
20 
26 
70 
65 
60 
45 
45 
43 
Қарақұмық, тары 
18 
20 
26 
65 
65 
60 
45 
45 
45 
Күріш 
18 
20 
55 
60 
40 
45 


25 
60 
45 
Жүгері 
18 
20 
25 
55 
60 
60 
43 
45 
45 
Астықты қыздырылған ауамен кептіруде белсенді желдетуге арналған бір камералы 
немесе екі камералы еденді қондырғылар пайдаланылады. Бұл қондырғылардың бір шетіне 
ауаны ысытатын жылу генераторлары немесе электр каориферлері орнатылып 
қыздырылған ауаны арнайы желдеткіштің көмегімен астық қабатына күштеп ендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет