Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


СӨЖ №37-38  Астықты кептірудің тәсілдері



Pdf көрінісі
бет68/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

    Бұл бет үшін навигация:
  • АСТЫҚ
СӨЖ №37-38 
Астықты кептірудің тәсілдері 
 
Астықты кептіру тәсілі олардың сорбциялық қасиетіне негізделген. Дәннің ылғал бөлу 
мүмкіндігі оның анатомиялық ерекшелігі мен ірілігіне байланысты болады. Кептірудің 
барлық тәсілдерін келесідей екі топқа бөледі: 
• арнайы жылуды қолданбай кептіру; 
• арнайы жылуды қолданып кептіру. 
Кептірудің алғашқы тәсілі бойына ылғалды сіңіру қасиеті жоғары заттарды пайдалану 
арқылы негізгі өнімнің ылғалдылығын төмендетуге бағытталған.
Астық пен тұқымды кептірудің барлық тәсілдері олардың сорбциялық қасиеттеріне 
негізделген. Егер бу түрінде ылғалдың берілуі жүретін ортаға астық массасын немесе 
жекелеген дәндер мен тұқымды орналастырса, басқаша айтқанда десорбцияға жағдайлар 
жасалса, онда кебу процесін байқауға болады.
Астық кептіру тәсілдерін 3 топқа бөлуге болады: 
1. Химиялық кептіру. 
2. Ауа мен күн көзінде кептіру. 
3. Астық массасын әртүрлі астық кептіргіштердің көмегімен кептіру.
АСТЫҚ НЕМЕСЕ ТҰҚЫМДЫ ХИМИЯЛЫҚ КЕПТІРУ негізінен натрий 
сульфатының көмегімен /бұршақ дақылдарының тұқымдарын/ жүргізіледі. Шаруашылық 
жағдайында осы мақсатта құрғатылған жаңқа, активтендірілген көмір, натрий сульфаты, 
хлорлы кальций, т.б қолданылады.
Бұршақ тұқымдастары дәндерін кептіруде химиялық тәсіл болып табылатын натрий 
сульфатын пайдалану тиімді. Техникалық натрий сульфаты қолдану алдындағы 
ылғалдылығы 2-5 пайыз аралығында. Ол бойына 10-15 есеге дейін су сіңіре алады. 
Алдымен, кептіруге арналған дәннің ылғалдылығын анықтап, қажетті мөлшердегі 
химикатпен араластырады. Шаруашылық жағдайында дәнге келесі салмақта натрий 
сульфатын қосу ұсынылған: 

дәннің ылғалдылығы 20 пайыз болғанда, тоннасына 60 кг натрий сульфаты;

дәннің ылғалдылығы 25 пайыз болғанда, тоннасына 120 кг натрий сульфаты;

дәннің ылғалдылығы 30 пайыз болғанда, тоннасына 180 кг натрий сульфаты;
Кептіруді үсті жабық, тегіс жерде мезгіл-мезгіл қолмен немесе астық тиегішпен араластыру 
арқылы жүзеге асырады. Кептіру мерзімі дәннің бастапқы ылғалдылығына байланысты 5-
10 тәулік арасында. Кептіру процесі аяқталған соң дәнді арнайы електерден өткізіп 
ажыратады. Табиғи кептірілген көл-теңіз минералы мирабилит немесе техникалық нартий 
сульфаты, жақсы су сіңіргіштік қабілетімен ерекшеленеді. Кептіру агент пен тұқымды 
күректі немесе астық түйегіштерді /артқыштарды/ пайдаланып алма-кезек біркелкі 
араластыра отырып, жүргізіледі. Дымқылдығы 20-24 % тұқымды бүкіл кептіру кезеңінде 
екі рет, ал одан жоғары дымқылтық болса кептірудің алғашқы кезеңінде тәулігіне і-4 рет 
араластырады. Кептірудің ұзақтығы 5-10 тәулік және ол тұқымның алғашқы 
дымқылдығына, дақылға, сыртқы ауаның күйіне және басқа факторларға байланысты 
өзгереді. Тұқым дымқылдығын кондициялық күйге жеткізу үшін сусызданған натрий 
сульфатының төмендегідей мөлшері шығындалады /кг/т/: тұқым дымқылдылығы 20% 
болғанда -60; 25% болғанда -180; 35% болғанда -240. 
Араластыру қалқалы алаңдарда жүргізіледі, өйткені кептіру кезеңінде химикатқа су 
қосылғанда жылу бөлініп шығады, соның салдарынан қоспаның температурасы 
жоғарлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет