ал төменгі жағында салқындатқыш камера орналасқан. Бүкіл шахта бойымен жаңа кептіру
агентін әкелетін және жұмыс істеп біткен агентті әкететін, әкелетін және әкететін каналдар
қалыптастыратын қорап деп аталатын құрылымды орналастырады.
Астық жеткізетін және әкететін қораптар көптеген астық
кептіргіштерде әр қатар
сайын кезектестіріп орналасады. Ауыл шаруашылығында СЗС-8, СЭШ-8, 3СПЖ-8, СЗШ-
16 көшпелі кептіргіштер кең тараған. Азық-түліктік бидай астығының дымқылдығы оларда
кептіргеннен кейін 6 % -ке дейін /20-дан 14% дейін/ төмендейді.
Барабанды кептіргіштер. Еңбек өнімділігі 2-8 т/сағ.Бұл түрдегі
астық
кептіргіштерде кептіру агенті айналмалы барабанға астық құйылғанда әсер етеді. СЗСБ-8
кептіргішіндегі барабан қимасымен 6 секторға бөлінеді. Олардың әрқайсысында
барабан
айналғанда астықты алып қалатын сөрелер бекітілген /барабанның айналу жылдамдығы 8
ай/мин, ұзындығы 8 м. Астықтың барабанға біркелкі келуін
тиегіш камера қамтамасыз
етеді. Барабан бойымен тіреуіштің әсерінен және кептіру агентінің ағынымен жылжиды.
Қотарғыш /түсіргіш/ камерадан ол
шлюзді ысырмаға бағытталады,
одан салқындатқыш
камераға жеткізіледі.
Астықтың кептіру агентімен түйісу уақыты барабанды кептіргіштерде шахтылыға
қарағанда аз, сондықтан барабанды кептіргіштерде кептіру
агентінің температурасы
айтарлықтай жоғары /тұқымүшін 130
0
С дейін, азық түліктік және жемазықтық астық үшін
180
0
С-дан жоғары/ мұның өзі барабанда астықтың қызып кету қаупін арттырады. Оның
үстіне, астық барынша қызған кептіру агенті мен түйіседі, ал
оның температурасы
барабаннан өткенде азаяды. Барабандағы астық қозғалысының түрі сөрелерде бөгелу және
құйылу бұл кептіргіштерді бұршақ тұқымдастар, күріш және жүгері тұқымдарын кептіруге
жарамсыз етеді, өйткені олар жарылып кетеді. Бұл кептіргіштер жоғары деңгейде ластанған
астық массасларын кептіруге жарамды.
Достарыңызбен бөлісу: