Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет77/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143
 
 
 
СӨЖ № 43-44-45 
 
ҚҰРАМА ЖЕМДІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Ғылыми негізделген азықтандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы малдарын 
азықтандыру мәліметтері негізінде құрылған құрама жемнің маңызы зор.


Жеке азықтар (дән, кебек, күнжара, пішен, сабан, балық ұны, және т.б.) немесе 
біртекті қоспалар (сұлы немесе сұлы ұны, бидай немесе бидай кебегі) малдың қоректік 
заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл қоспаға кіретін 
қоректік заттардың құрамы біртекті және организмге қажетті ақуыз, минералды тұздар, 
витаминдер, аминқышқылдарының толық жиынтығын сақтай алмайды. Соның нәтижесінде 
бұндай азықпен азықтандырылған малдар өнімділіктің қажетті мөлшерін бере алмай, 
дамуы тежеліп, өміршеңдігі төмендеп, көп ауырады.
Құрама жем дегеніміз – ғылыми негізделген рецепт бойынша дайындалып, малдың 
толық құнды азықтандырылуын қамтамасыз ететін әртүрлі жем қоспасы мен 
микроқосымшаның тазаланған және қажетті ірілікке дейін ұнтақталған біркелкі қоспасы. 
Құрама жем- 
-арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы 
Мал азығында қолданылатын өнімді жемдік азық деп аталады. Ауыл шаруашылығы 
малдарына арналған жемдік азықтарға өсімдік және минералтекті азықтар жатады.
Азық өзінің шығу тегі, консистенциясы мен қоректілігіне байланысты мына топтарға 
бөлінеді: 
-ірі; 
-шырынды; 
-жасыл; 
-құнарлы; 
-минералды; 
-басқа өндіріс қалдықтары. 
Ірі азыққа пішен, сабан, топан, ағаш азықтары, 
Шырындыға (қыстық) – сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер, картоп, бақшалық 
дақылдар; 
Жасылға (жаздық шырынды)- шөптер, шөпті және жемісті дақылдар
Құнарлыға - әртүрлі дәндік дақылдар, дәнді өңдеуде алынатын қалдықтар мен жанама 
өнімдер, тамақ өндірісінің әртүрлі саласының қалдықтары мен құрғақ жанама өнімдер; 
Минералдығы –ас тұзы, бор, әктас және т.б.; 
Әртүрлі өндіріс қалдықтарына –қант қызылшасы, спирт, сыра және басқа 
өндірістердің жаңа қалдықтары (кепірілмеген) жатады.
Құрама жем дайындауда алуан шикізат түрлері қолданылады.
Құрама жемнің негізін астық дақылдары құрайды. Құрама жемдегі астықтың мөлшері 
65-70% жетеді. Әртүрлі дақылдардың астығын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 
астық дәндері немесе дәнді астық дақылдары, дәнді бұршақты, майлы дақылдар.
Астық дақылдарына бидай, қара бидай, арпа, жүгері, сұлы, шайжүгері, тары т.б. 
жатады. Бұл топтың астықтарының ерекшеліктері көмірсуы (негізінен крахмал) мөлшерінің 
молдылығы, ақуыз мөлшерінің аздығы. Одан басқа кейбір астық дақылдарындағы (жүгері, 
бидай т.б.) ақуыздың сапасы толық емес, себебі олардың құрамында кейбір амин 
қышқылдары жеткіліксіз мөлшерде. 
Кейбір дақылдардың астығының (арпа, сұлы, тары)қабығында клечатка мөлшері 
біршама көбірек- осыған байланысты жануарлардың, құстардың, терісі қымбат аңдардың 
төлдерін қабығынан тазаланған астықпен азықтандырады.
Астық дақылдарының дәндерінде В тобының дәрумендері айтарлықтай мол болады.
Астық дақылдарының дәндерін құрама жемге ұнтақтап қосады. Жануарлар мен 
құстардың кейбір түрлері үшін астық дәндерін шектеп қосады, себебі олардың артық болуы 
өнімнің сапасын нашарлатады, жануарлардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. 
Бүтін дәнмен қатар, құрама жемдерге, астықты ұнға тартқанда және жармаға жарғанда 
пайда болатын қосалқы өнімдері мен қалдықтары да кеңінен қосылады. Қосалқы өнімдерге 
кебектер мен сыпырынды ұндар, сондай-ақ жарма өндіретін зауыттардың сыпырынды 
ұнтақтары жатады. Бұл өнімдер қоректік құндылығы бойынша бүтін дәннен сәл төмендеу 
келеді, ал кейбір көрсеткіштері бойынша айталық, ақуыз, дәрумендер мөлшері бойынша 


кейбіреулері асып түседі. Құрама жемдерге, сонымен бірге астық өңдейтін 
кәсіпорындарының қалдықтары да қосылады.
Дәнді бұршақты дақылдар (асбұршақ, бұршақ, майбұршақ, бөрібұршақ т.б.) ақуыз 
мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді. Оларды құрама жемдерге ақуыз мөлшерін молайтуға 
қосады. Кейбір дәнді бұршақты дақылдардың кемшілігі- жануарлар ағзасында 
ақуыздардың қортылуын төмендететін тежегіштердің (ингибиторлардың), асқортқыш 
ферменттерінің болуында. Бұларды ыдырату үшін дәнді бұршақты дақылдардың дәндерін 
жылумен өңдеу қажет (булау, қыздыру т.т.). 
Майлы дақылдар (күнбағыс, мақта, майбұршақ, рапс т.б.) дәнін, әдетте құрама 
жемге, бүтін күйінде қоспайды. Оларды дәнінен май сығылып алынғаннан кейін пайда 
болған, күнжара және шрот түрінде қосады. Егер майды дәнді сығымдап алса, қалдық 
ретінде күнжара алады, ал егер майды ұсақталған дәннен органикалық еріткіштердің 
көмегімен алса-шрот.
Майлы дақылдардың ерекшеліктеріне құрамында маймен бірге ақуыздың да 
молдылығы. Сондықтан да күнжара мен шрот –өсімдік ақуызының құнды көзі және ол 
астық және бұршақты дақылдарының ақуызымен салыстырғанда құндырақ келеді. 
Сонымен бірге кейбір күнжара мен шротта улы заттар бар. Ең белгілісі мақта шротындағы 
госсинол, зығырдікіндегі –көгеретін қышқыл, т.т. Аталған заттардың болуы шроттарды 
құрама жем құрамына қосуды шектейді. 
Кейбір зауыттарда құрама жемге енгізу үшін ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) мен 
премикс жасалынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет