Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Қант өндірісінің қалдық өнімдері –



Pdf көрінісі
бет80/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143
Қант өндірісінің қалдық өнімдері –қызылша сығындысы (жом) қант қызылшасының 
жоңқасынан сумен диффузиялық әдіспен сахарозаны бөліп алғаннан кейінгі алынған 
қалдық. Сығындыда 0,3 пайыз қант қалады. Жаңа және сүрлемденген күйде ірі қара мен 
шошқаны бордақылдауда қолданады. Бұл қалдықтар құрама жем зауыттарынан алыс 
орналасса, онда оларды кептіреді. 100кг құрғақ сығындыда 85 жом болады, шамамен 4кг 
қорытылатын протеин, 717 г кальций, 307г фосфор болады.
Крахмал-сірне өндірісінің жанама өнімдері –крахмал сығындысын ұнтақталған 
картоп пен жүгеріден крахмалды жуудан кейін алады. Ол 90 пайызға дейін су сақтайды, 
сондықтан оның жемдік құндылығы төмен.
Ашыту өндірісінің жанама өнімдері. Ашыту өндірісініде крахмал сақтайтын 
шикізаттарды (картоп, қара бидай, сұлы, арпа, жүгері, бидай) ұнтақтап, жылумен өңдеп, 
амилолитикалық ферменттерді сақтайтын уыт сүтімен араластырып, ашытқы қосып 
ашытады. Ашыған массадан спирт айдайды. Қалған қалдық барда деп аталдады. Барданы 
байлауда бордақылауда тұрған малға береді. Барда жаңа, жылы, ашымаған күйде болуы 
керек. Оны сүрлемдегенде ірі азықты қосады. Зауыттарда барданың кейбір бөлігін 
кептіреді.


Құрама жем құрамының 3 пайызға дейінін минерал текті шикізаттар –құрғақ 
ұнтақталған бор, ас тұзы, қабыршақ ұны, доломит пен әктас ұндары, фосфаттар, сүйек ұны, 
бентонит сазының ұнтақтары құрайды.
Бор (көмірқышқыл кальций, СаСО
3) 
ақ, аморфты ұлпа, суда ерімейді, 37 пайыз 
кальций, 0,18 фосфор, 0,5 калий, 0,3 натрийді сақтайды.
Әктас. Бор жоқ болғанда құрама жемге әктасты енгізеді. Әктастың ірілігі 
саңылауының Ø 0,5 мм електен өтуі керек.
Травертин ұны минералды аймақта шөгетін кеуекті әктас. Қазіргі кезде жақсы 
зерттелгені ақ және сары травертиндер. Оның құрамында 39,5 кальций, 0,3 магний, 6 дейін 
темір, кобальт, мырыш, мыс, күкірт болады. Мал организімінде фосфор мен натрийдің 
көбеюіне әсер етеді. 
Ұлу бақалшықтарының ұны (мука из раковин моллюсков) – ауылшаруашылығы 
малдарының барлық түрлеріне, ал жармасы құсты азықтандыру үшін қолданылады. Онда 
35-38 пайыз кальций сақталады.
Ас тұзы. Тұз малдың рационын натрий және хлормен байытып, жемнің дәмдік 
сапасын жақсартып, малдың тәбетін жақсартады.Топырағы мен суында йод жетіспейтін 
аймақта орналасқан шаруашылық малдарына йодталған тұз береді. Ас тұзы-ақ, кристалды 
ұлпа, суда жақсы ериді, 95 пайызы натрий хлоридін, оның ішінде 39 пайызы натрий мен 57 
пайызы хлорды сақтайды.
Сапропель- негізінен кальций, сонымен қатар микроэлементтер мен антибиотиктер 
сақтайды. Сапропель өзен, тоған түбінде кездеседі. Өзен сапропелін барлық малға, соның 
ішінде құстарға да таза күйде береді. Оның құрамында құрғақ затында органикалық заттар 
– 4,4-26 дейін ,күлі -3-42 дейін, протеин -1-6, кальций-1,6, фосфор -0,2 дейін болады.
Цеолит- құрамында пайдалы макроэлементтер қосылысы мен 30-дан астам 
микроэлементтері бар. Қазақстанда цеолиттің бірнеше кен орны зерттелінген. Соның 
ішінде Алматы облысы Шанқай кен орнының жұмысы жолға қойылған, ондағы 
зерттелінген минералдағы цеолиттің мөлшері 50 пайыздан астам және оның қоры 3,5 млн. 
тоннадай.
Шанқай цеолитін құрама жемге енгізу нормасы: 2-6 айлық бұзауларға-2-2,5 %; 60 
күндік балапандарға- 2-4 %; тауықтарға – 3 -4 %; 
Жас бақтақ балықтарға -2-3 %. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет