тоған балықтары мен терлі аңдар үшін пайдалы. Түйірлер белгіленген диаметрдегі және
ұзындықтағы, дайындалған массадан сыққыланып алынады.
Бұлар сусымалы
болғандықтан орнын ауыстыруға, тасымалдауға және сақтауға қолайлы Түйіршік жасау
үшін екі әдіс –
құрғақ және
сулы қолданылады Құрғақ тәсілмен дайындағанда
технологиялық дайындалған құрауыштарды сұйытылып бүркілген құрауыштармен
(мелласамен, тұзды гидроллин, балық майымен, т.т. араластырады да кейде бумен булайды,
осыдан
кейін сығымдайды, бөлшектерге бөледі(түйірлерге) және салқындататды.
Түйірлердің шамасы жануардың түріне және жасына, азықтандыру тәсіліне байланысты.
Өзінің құрамы мен жемдік құндылығы бойынша құрама жем екі негізгі топқа:
толық
құнарлы құрама жем және
құрама жем концентратына бөлінеді.
Толық құнарлы құрама жем – малдың қоректік,
минералдық және биологиялық
белсенді заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ететін өнім. Тәуліктік жемдік
рацион мөлшерінде толық құнарлы құрама жеммен құсты азықтандыруда оған қосымша
басқа азық беру қажет емес. Бұл құрама жемді негізінен құсқа арнап шығарады.
Құрама жем концентраты –протеин, минералды заттар мен микроқосымшаны көп
сақтайды, мал (құс) рационына қосымша енгізіліп, оны
толық құнарлы азықтандыруға
арналған азық. Оған ірі, шырынды азықтар және әртүрлі өндірістердің (қант қызылшасы,
сыра, спирт және т.б.) қалдықтары қосылады.
Құрама жем концентраты да шашыранды, брикеттелген және түйіршіктелген түрде
дайындайды. Оны негізінен ірі қара малға, шошқаға, қояндарға және басқа малдарға арнап
шығарады.
Қазіргі уақытта құрама жем ауылшаруашылығы малдары мен құстарының барлық
түрлеріне, терілі аңдар мен балықтарға, иттерге арнап шығарылуда.
Ірі қара, жылқы, құс, қоян, тоғандық балықтарға арнап және сонымен қатар мал мен
құстың жасы, қолданылу бағытын есепке алып құрама жемнің алуан түрлері шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: