Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет81/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

СӨЖ № 46-47-48 
 
Құрама жем өндірісінің технологиялық үдерістері 
 
Шикізаттарды тазалау.Құрама жем өндірісінің технологиялық үдерістері мына 
операциялардан тұрады: шикізатты қабылдау, сақтау және өндіріске жіберу; шикізатты 
органикалық, минералдық және металды-магнитті қоспадан тазарту; құрама жемнің 
кейбір түрлерін дайындау үшін сұлы мен арпаның қабығын аршу; тазартылған 
шикізатты ұнтақтау; ұнтақталған өнімді бақылау (елеу); мөлшерлеу және араластыру; 
түйіршіктеу.


Дәнді дақылды тазалау. Астық массасын қоспалардантазалау үшін мына 
технологиялық жабдықтар қолданылады: 
1. 
Ауалы-електі сепаратор-астықтан қалыңдығы, ені және аэродинамикалық 
қасиеттері бойынша айырмашылығы бар қоспалардан бөледі; 
2. 
Триерлер- негізгі дақылдан ұзындығы бойынша айырмашылығы бар 
қоспаларды; 
3. 
Тас бөлгіш машиналар- негізгі астық массасынан тығыздығы мен үйкелу 
коэффициенті бойынша айырмашылығы бар қоспалар; 
4. 
Магнитті қалқа (колонка) – металды –магнитті қоспалардан бөледі.
Астықты тазалау үшін сепараторда мына металды штампталған електер қолданылады: 
• қабылдау – саңылауының өлшемі Ø20мм немесе сопақша саңылауының өлшемі 18 х 
18мм елек қойылған; 
• сұрыптау – домалақ саңылауының Ø10-16 мм елек орнатылған, онда сырғымамен ірі 
қоспаларды алады. 
• жинақтағыш (подсевные)-домалақ саңылауының Ø1-1,4мм немесе сопақша 
саңылауының өлшемі 1,0 х 10 мм және 1,2 х 12 мм, онда електен өткен ұсақ құм, жабайы 
өсімдіктің ұсақ тұқымы бөлінеді.
Тазалау тиімді деп саналады, егер машинадан кейін елек және ауа арқылы тазаланған 
астықтың 65 % кем емес қоспа бөлінсе, ал қалдықта жарамды дән мөлшері 2 % аспаса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет