Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап

-тарау. ЖАЗАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ

бет12/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

14-тарау. ЖАЗАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ

70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі заңды күшіне енген сот үкімін орындау мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі.

Шығарып жіберілетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ішкі істер органдарының арнаулы мекемесіне орналастырылады.

Шығарып жіберу Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, шығарып жіберілетін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін шығарып салу арқылы жүзеге асырылады.

2. Сотталған адамды шығарып жіберу бойынша шығыстарды оның өзі не оны Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығыстарды жабуға қаражаттары болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, шығарып жіберу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

71-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі

1. Сотталған адамды арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру түріндегі үкiм шығарған сот, үкiм заңды күшiне енгеннен кейін оның көшiрмесiн сотталған адамға атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, бiлiктiлiк сыныбын берген лауазымды адамға жiбередi.

2. Лауазымды адам белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттарға сотталған адамды арнаулы, әскери немесе құрметтi немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы жазбаны енгізеді, сондай-ақ оны тиiстi атағы, шенi, дәрежесi, сыныбы бар адамдар үшiн көзделген құқықтар мен жеңiлдiктерден айыру жөнiнде шаралар қолданады.

3. Запастағы әскери қызметшiге қатысты сот үкiмiнiң көшiрмесi оның әскери есепке алынған орны бойынша жергiлiктi әскери басқару органына жiберiледi.

4. Лауазымды адам үкiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде үкiмдi шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды.

5. Қазақстан Республикасының Президентi сотталған адамды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде, тиiстi мемлекеттiк орган осы баптың екінші бөлігінде көрсетiлген шараларды қолданады. Мемлекеттiк наградаларды оларға қоса берілген құжаттармен бiрге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен олар тұрған жердегі пробация қызметі жүргiзедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет