Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап


-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары



бет8/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

42-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:

1) алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың саны, осындай мекемелердiң саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;

2) алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;

3) құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен алдын ала баруды жүзеге асыруға;

4) алдын ала болуға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесу жүргізуге;

5) алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарды кедергісіз таңдауға және соларға баруға;

6) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарлар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.

2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болып табылады.
43-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері

1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.

3. Алдын ала бару жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала баруға қатысудан бас тартуға міндетті.

4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарлар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.

Қабылданған хабарлар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.

Қабылданған және берілген хабарлар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.

5. Осы Кодекстің ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары заңда белгіленген жауаптылықта болады.


44-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:

1) осы Кодекстің ережелері бұзылған;

2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;

3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

7) заңда көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
45-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі

1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала баруы былайша бөлінеді:

1) төрт жылда кемінде бір рет тұрақты негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала бару;

2) алдыңғы кезеңдік алдын ала бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың әкімшіліктері тарапынан ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесу жүргізген сотталғандарды қудалаудың алдын алу мақсатында, кезеңдік алдын ала бару аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала бару;

3) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарлардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала бару.

2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала бару мерзімдері мен алдын ала баруға жататын мекемелердің тізбесін айқындайды.


46-бап. Алдын ала бару тәртібі

1. Алдын ала баруды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.

2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын алдын ала бару үшін топтарды құру кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.

3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазбаша хабар береді.

4. Әрбір алдын ала барудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысан бойынша жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала баруды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
47-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы

1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала бару нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.

2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:

1) уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен қарым-қатынас жағдайларын жақсартудың және азаптау мен қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөнінде ұсынымдар;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар да енгізіледі.

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала бару жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.

3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің интернет-ресурсында орналастырылады.
48-бап. Құпиялылық

Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала бару барысында өздеріне мәлім болған сотталған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз жариялауға құқылы емес.

Көрсетілген талапты бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
49-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы

1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына олардың заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.

Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптау мен қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнің қолданылу фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуге құқылы емес.

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.

2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамаcын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабар береді.

3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді қозғау не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.

Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

ЕРЕКШЕ БӨЛІК
3-БӨЛІМ. СОТТАЛҒАН АДАМДЫ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС
ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
10-тарау. АЙЫППҰЛ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ



50-бап. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртiбi мен шарттары

1. Сотталған адам айыппұлды үкімде белгіленген мерзім ішінде төлейді. Айыппұл төлеу мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі және оған сот кейінге қалдыруды берген уақыт қосылмайды. Егер үкім бойынша сотталған адам айыппұлды бір айдан аса мерзім ішінде төлеуге міндетті болса, айыппұл ай сайын тең үлестермен төленеді.

2. Сотталған адам мүліктік жағдайы нашарлаған жағдайда, айыппұлды кейінге қалдыруды беру туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы.

Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


51-бап. Сотталған адамның айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы

Егер сотталған адам айыппұлды сот белгілеген мерзімде төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, жазаны орындайтын орган (сот орындаушысы) айыппұлды мәжбүрлеп орындату жөнінде шаралар қабылдайды. Айыппұлды толық өндіріп алу үшін сотталған адамның кірістері немесе мүлкі жеткіліксіз болған не сотталған адамның өз кірістерін немесе мүлкiн мәжбүрлеп өндiрiп алудан жасыру фактісі анықталған жағдайларда, жазаны орындайтын орган (сот орындаушысы) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес айыппұлды жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы сотқа ұсыну жібереді.

Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет