Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет22/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

114-бап. Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк, зейнетақымен қамсыздандыру

1. Жұмыспен қамтылған сотталғандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

2. Сотталған әйелдер Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүктiлiкке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етiледi.

3. Сотталғандардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

4. Мекемелерде бас бостандығынан айыруды өтеп жүрген сотталғандарға қатысты ерiктi медициналық сақтандырудың қолданысы өтеу мерзімі аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


115-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

1. Мекемелердегі бiр сотталған адамға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы – екi жарым шаршы метрден, әйелдердi ұстауға арналған мекемелерде – үш шаршы метрден, кәмелетке толмағандар үшін – үш жарым шаршы метрден кем болмауы керек.

2. Сотталғандардың тұрақты тұруына арналған ортақ тұрғын үй-жайларда, бөлмелер мен камераларда нақты бар тұрғын алаң негізге алына отырып, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген нормаларға сәйкес жазаны өтеу орындарының лимиті айқындалады.

Әр мекеме үшін жазаны өтеу орындарының лимитін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді және сотталғандардың тұрақты тұруына арналған жаңа тұрғын алаңдар пайдалануға берілген және бұрыннан бар тұрғын алаңдар реконструкцияланған кезде өзгереді.

3. Сотталғандарға жеке жатын орындар мен төсек керек-жарақтары беріледі.

Сотталғандар тамақпен, бірінші кезекте қажетті заттармен, жынысы және климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусым бойынша киіммен, ішкиіммен және аяқкиіммен бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

4. Сотталғандарды еңбекке тартатын кәсіпорындар қаражаты есебінен оларға белгіленген нормалардан тыс қосымша тамақтандыру ұйымдастырылуы мүмкін.

Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін жұмсауға рұқсат етілетін, осы Кодексте белгіленген ақша сомасынан асырып, сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан: мекемелерде пайдалануға рұқсат етілген аяқкиім мен киімді, оның ішінде спорттық аяқкиім мен киімді қосымша сатып алуға; медициналық көрсетімдер бойынша қажетті емдәмдік тамақ алуға; өздерінің қалауы бойынша көрсетілетін емдеу-профилактикалық және нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын өзге де қосымша қызметтер көрсетудің ақысын төлеуге құқылы.

5. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектігі бар адамдарға жақсартылған тұрғынжай-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғарылатылған нормалары белгіленеді.

6. Мүгедектігі бар сотталғандар ұсталатын ғимараттар мен үй-жайлар арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықталады.

Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет