Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет24/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
118-бап. Материалдық жауаптылық

1. Жазасын өтеу кезінде мемлекетке, мекемеге, жеке немесе заңды тұлғаларға материалдық залал келтiрген жағдайда, сотталғандар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.

2. Сотталған адам мемлекетке, мекемеге келтiрген залалдың, өзінің қашып шығуының жолын кесуге, сондай-ақ осы Кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда өз денсаулығына қасақана зиян келтiрген жағдайда өзін емдеуге байланысты қосымша шығындардың орнын толтыруға тиiс.

19-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ,
ОЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ



119-бап. Еңбекке тарту

1. Мекемелердің әкімшілігі сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарына жұмысқа орналастырады, мекемелердің аумағында не оларды күзету мен оқшаулау қамтамасыз етілген кезде оның шегінен тыс жерде орналасқан ұйымдарда жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

Мекемелердің әкімшілігі еңбекке қабілетті барлық сотталғандарды ақысы төленетін жұмысқа тарту үшін жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қолданады.

2. Сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде әкімшілік олардың жынысын, жасын, денсаулық жағдайын, еңбекке қабілеттілігін, мүмкіндігінше – мамандығын және жазаны өтеу уақытында оны алуын ескеруге міндетті.

3. Сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесіне кірмейтін ұйымдардың объектілерінде еңбекке тарту мекеме әкімшілігі, ұйым және сотталған адам арасындағы шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

4. Сотталғандар мекемелер аумағында жеке еңбек қызметімен айналысуға құқылы.

5. Сотталғандарды камералық ұстау жағдайларында еңбекке тарту осы Кодекстің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен лауазымдардың тiзбесi мекемелердiң ішкi тәртiптеме қағидаларында белгiленедi.

7. Мекемелердiң ұйымдарында ерікті жалданушы инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен бiлiктi жұмысшылардың еңбегiн жұмыс iстейтін сотталғандар санының он бес пайызына дейiнгi шекте пайдалануға жол берiледi.

8. Сотталғандарға еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға тыйым салынады. Жеке еңбек даулары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

9. Сотталғандардың жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін мекемелер аумағында орналасқан өндірістік объектілерді өзге меншік нысандарындағы ұйымдарға беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

10. Еңбек объектілерінде ұжымдық еңбек даулары, төтенше жағдайлар және оқиғалар туындаған жағдайда мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды және прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.

Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және прокурор мұндай хабарламаны алған соң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет