Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет18/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
105-бап. Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу

1. Сотталғандар тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды жазасын өтеу кезеңiнде тапқан ақшасына не алатын зейнетақылары мен әлеуметтiк жәрдемақыларының есебiнен шектеусіз қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сатып алуға құқылы.

Мұндайлар болмаған жағдайда, осы баптың үшінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе банктік төлем карточкаларындағы қаражат есебінен шектеусіз қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға құқылы.

2. Рұқсат етiлген ақша сомасы ағымдағы айда жұмсалмаған жағдайда, сотталғандар тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды жұмсалмаған сомаға кейiнгi айларда сатып алуға құқылы.

3. Жүкті әйелдер, балалары бар әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар және емдеу-профилактикалық мекемелерде ұсталатын сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды шектеусіз сатып алуға құқылы.

4. Сотталғандарға сатуға рұқсат етілген тамақ өнімдерінің, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттардың тізбесі мен саны мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларымен белгіленеді.

Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


106-бап. Кездесулер

1. Сотталғандарға ұзақтығы екі сағат қысқа мерзiмдi, мекеме аумағында ұзақтығы екі тәулiк ұзақ мерзімді кездесулер берiледі.

Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақтығы бес тәулiкке дейін ұзақ мерзімді кездесулер берiледі.

Сотталған адамның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініш жасауы бойынша кездесу ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.

2. Жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер сәлемдеме алу құқығымен, мекеме әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен берiледi.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды қоспағанда, сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулер жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен, сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарға бірге тұру құқығымен және сәлемдеме алу құқығымен берiледi.

4. Мекемеге келген сотталғандарға бірінші кездесу карантин бөлімшесінен шыққаннан кейін беріледі.

Кейінгі кездесулер осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес беріледі.

5. Сотталғандарға олардың өтiнуi бойынша ұзақ мерзімді кездесудi – қысқа мерзiмдi кездесумен, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен берілетін ұзақ мерзімді кездесудi – мекеменің шегінен тыс шыға отырып, қысқа мерзiмдi кездесумен ауыстыруға рұқсат етiледi. Кездесулерді біріктіруге не бөлуге рұқсат етілмейді.

6. Сотталғандардың білікті заң көмегін алуы үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен саны, ұзақтығы шектеусіз және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда кездесулер беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет