Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет27/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

126-бап. Сотталғандардың ерікті ұйымдары

1. Сотталғандардың түзелуіне жәрдемдесу мақсатында мекемелерде ерікті негізде мекеме әкімшілігінің бақылауымен жұмыс істейтін сотталғандардың ұйымдары құрылады.

Өзін жақсы жағынан көрсеткен сотталғандардың арасынан мекемелер ұжымдары мен отрядтарының кеңестері құрылады.

2. Мыналар сотталғандардың ерікті ұйымдарының негізгі міндеттері болып табылады:

1) мекемеде оң моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру;

2) сотталғандардың жағымды әлеуметтік байланыстарын дамыту;

3) сотталғандардың қоғамдық-пайдалы бастамасын қолдау;

4) сотталғандарға рухани, кәсіптік және дене бітімінің дамуына көмек көрсету;

5) сотталғандардың еңбегін, тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу.

3. Ерікті ұйымдардың жұмысына қатысу сотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау және мінездемелерін жасау кезінде ескеріледі.

4. Сотталғандардың ерікті ұйымдарының мүшелері қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтарды пайдаланбайды және мекеме әкімшілігінің өкілеттіктеріне ие бола алмайды.
127-бап. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуды ұйымдастыру

1. Мекемелерде отыз жасқа толмаған сотталғандардың бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмді мiндеттi түрде алуы ұйымдастырылады.

2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектігі бар сотталғандар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өздерінің қалауы бойынша алады.

3. Емтихандарды тапсыру үшiн оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады.

4. Өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, емдеу-профилактикалық мекемелерінде, тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында жатқан, сондай-ақ мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға өз бетінше бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу үшін жағдайлар жасалады.

5. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм алуға ұмтылыс көтермеленеді және сотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау және мінездемелерін жасау кезiнде ескерiледi.

Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨТЕРМЕЛЕУ
ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет