Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет28/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

128-бап. Көтермелеу шаралары

1. Жақсы мiнез-құлқы, еңбекке, оқуға адал қарағаны, ерікті құрылымдардың жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру жөнінде шаралар қолданғаны үшiн сотталғандарға мынадай көтермелеу шаралары:

1) алғыс жариялау;

2) сыйлықпен марапаттау;

3) сыйлықақы беру;

4) қосымша қысқа мерзiмдi кездесу беру;

5) мереке күндерi тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;

6) бұрын белгіленген жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылады.

2. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген көтермелеу шараларынан басқа, демалыс және мереке күндерiн сағат тоғыздан он сегізге дейін мекеменің шегінен тыс жерде өткiзуге рұқсат беріледі.
129-бап. Көтермелеу шараларын қолдану тәртібі

1. Осы Кодекстің 128-бабы бірінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген көтермелеу – мінез-құлқының бағалауы жоқ не дәрежесі бірінші, екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға, ал 6) тармақшадағы – дәрежесі бірінші немесе екінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға, осы баптың үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен қолданылады.

2. Дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға көтермелеу тәртібімен жылына төрт ретке дейін қосымша қысқа мерзiмдi кездесу алуға рұқсат берiледi.

3. Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауға жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жаза қолданылған күннен бастап кемінде үш ай өткен соң жол беріледі. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға жол берілмейді.

4. Көтермелеу мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен қолданылады.

Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет