Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет53/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі

Ескерту. 173-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Мекемелерден босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде емделудің толық курсынан өтпеген, айналасындағыларға қауіп төндіретін туберкулезбен ауыратын науқастар босатылғаннан кейін сот шешімі бойынша босатылған жеріндегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емделуге жатады.

2. Мекеме әкiмшiлiгi осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты жаза мерзiмi аяқталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей, оған мәжбүрлі ем тағайындау туралы ұсынуды мекеме орналасқан жердегі сотқа жiбередi.

3. Туберкулезбен ауыратын, өздеріне қатысты сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгiленген адамдарды мекемелерден босату туралы хабарлама босатылған жердегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға және iшкi iстер органдарына жiберiледi.

Ескерту. 173-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


28-тарау. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРҒА ПРОБАЦИЯЛЫҚ
БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ



174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi

1. Пробациялық бақылаудағы, шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде пробация қызметі:

1) денсаулық жағдайын, оның бiлiм деңгейiн, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді;

2) әлеуметтiк-құқықтық көмек алу, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн пробация қызметiне келу күндерiн белгiлейдi;

3) сот жүктеген мiндеттердi орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi;

2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Шартты түрде сотталған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде сотталған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

4. Шартты түрде сотталған адамдар пробация қызметiнiң алдында өзiнiң мінез-құлқы туралы есеп беруге, сот жүктеген мiндеттердi орындауға, тiркелу үшiн, сондай-ақ шақыру бойынша пробация қызметіне айына екi рет (ауылдық жерде тұратындар бір рет) келіп тұруға мiндеттi. Дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда, шартты түрде сотталған адамға күштеп әкелу қолданылады.

5. Тиісінше пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың тұратын жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметi тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.

6. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, пробация қызметi оның тұратын жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi. Оның тұратын жері анықталмаған жағдайда, пробация қызметі сотқа оған іздестiру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.

Ескерту. 174-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет