Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет105/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

220-бап. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттiң сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгерту үшiн бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату
1. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентiнiң сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасау, егер бұл әрекеттер өндірушінің немесе заңды иесінің келісімінсіз жасалса, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентiнiң сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасауға мүмкiндiк беретiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату, -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
8-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
221-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет
1. Кәсiпкерлiк немесе банктік қызметтi (банктік операцияларды) тiркеуден өтпей, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер осы әрекеттер iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе не ірі мөлшерде табыс тарбумен немесе едәуір мөлшерде акциздеуге жататын тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен немесе өткізумен ұштасса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) қылмыстық топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;
в) бірнеше рет жасаса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге,не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет