Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет126/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

263-бап. Терроризмдi не экстремизмдi насихаттау немесе терроризм не экстремизм актiсiн жасауға жария түрде шақыру
1. Терроризмдi не экстремизмдi насихаттау немесе терроризм не экстремизм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ аталған мазмұндағы материалдарды тарату, -
мүлкі тәркіленіп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдалана отырп адам не қоғамдық бiрлестiктiң басшысы не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық коммуникациялық желілерді пайдаланыа отырып, не адамдар немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
264-бап. Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу
1. Террористiк топ құру, сондай-ақ оған басшылық жасау, -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасаған терроризм актiлерiне қатысу, -
мүлкi тәркiленiп алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып не қоғамдық бiрлестiктiң басшысы немесе қоғамдық бірлестікте басым жағдайдағы орын алатын адам жасаған әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
265-бап. Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу
1. Террористiк немесе экстремистiк әрекетті жүзеге асыру үшiн пайдаланылатынын біле тұра жеке адамға, не бiр топ адамға не заңды тұлғаға не террористік немесе экстремистік топтарды, заңсыз әскери құрылымдарды қамтамасыз етуге ақша және (немесе) өзге де мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе мүлiктiк сипаттағы пайданы беру немесе жинау, сондай-ақ сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдықтар, демеушiлiк және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн көрсету не қаржылық қызмет көрсету, -
мүлкі тәркіленіп үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Күш қолдану қатерiмен террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесудi жүзеге асырушы және ол туралы ерiктi түрде мәлiмдеушi, сондай-ақ қылмыстың ашылуына немесе жолын кесуге белсендi түрде жәрдемдескен адам, егер оның әрекеттерiнде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет