Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет131/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

276-бап. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу
1. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол құрамын айдап әкету, сол сияқты осындай көлiк пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу, -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
277-бап. Теңiз қарақшылығы
1. Теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасау, -
мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет, не қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған дәл сол әрекет, -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не абайсызда адам өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкi тәркiленiп он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет