Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет128/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

268-бап. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
1. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық жасау, -
мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу, -
мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы, -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң 268, 269, 278, 270, 274-баптарында қылмыстық топқа қатысуын өз еркiмен тоқтатқан және қылмыстық топ жасайтын немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсендi түрде жәрдемдескен адам, егер оның әрекеттерiнде өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
269-бап. Қылмыстық қоғамдастық құру және басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
1. Бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру не басшылық жасау, сол сияқты ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйым) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бiрлестiгiн құру немесе дербес әрекет ететiн ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) қылмыстық әрекеттерiн үйлестiру, -
мүлкi тәркiленiп он екi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар, қылмыстық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелер басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа қатысуы, -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қылмыстық әрекеттердi үйлестiру, соның iшiнде байланыс құралдарын пайдалана отырып үйлестiру мақсатында ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына қатысу, -
мүлкi тәркiленiп он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) басшылары арасында жетекшi орын алатын адам жасаса,, -
мүлкi тәркiленiп он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет